Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Ахмет ұрпақтары»

17-мамыр күні ҚМУ-да «Ахмет ұрпақтары» зияткерлік пікірсайыс клубы мауысымының жабылу салтанаты өтті. Жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылған пікірсайысшылар «Жыл дебюті» – Жұмакенов Н., Жусупов Т., «Жыл командасы» – «Visca el Barca» (Жұман С., Жұмакенов Н.),  «Пренебречь. Вальсируем» (Камза А., Печников С.), «Жыл төрешісі» – Бақытжанова А., Шаки К., «Жыл спикері» – Зейнолла О., Кабдрахманов Н., «Жыл аға буыны» – Жамантаева Л., Маманов Ж., «Еңбегі сіңген тұлға» – Кәкімбек И., Карамурзин Р., «Жыл талпынысы» – Хайрулла А., Букабаев А. номинацияларында марапатқа ие болды. Ерекше көзге түсіп, «АҰ» дамуына үлес қосқан түлектер де дипломдармен марапатталды.

Клуб  президенті, ИТФ 4 курс студенті Қарамурзин Рауан өз міндетін жаңадан сайланған президент, ГƏФ 3 курс студенті Қуаныш Ақеркеге салтанатты түрде табыстады.

дебаты

Жемісі мол, жеңіске толы жылды атқарған пікірсайысшыларға:  қанаттарыңыз талмай, осы қарқынмен биік асуларды бағындыра беріңіздер! Демалысты жақсы өткізіп, жаңа күшпен 2016-2017 маусымында бұдан да мықты нəтижелерге жетулеріңізге тілектеспіз!

дебаты


PDF