Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да Дүниежүзілік мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Концерттік бағдарламаны белсенді студенттердің шығармашылық тобы, Бадрисафа би ұжымы және Өнер студиясының әртістері ұсынды. Университет студенттері бірлесе отырып, оқытушыларға алғыс және тілектерін білдіріп, бейне құттықтау дайындады.

день учителя

день учителя
40 жылдық тәжірибесі бар, университетіміздің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар, оқытушылар, профессорлар, ғылым докторлары ҚМУ құрметті профессорлының сертификаттарына ие болды:
Қолдыбаев Сапар Абдуғалиұлы - философия ғылымдарының докторы, профессор,
Самамбет Мансия Қалмағамбетқызы - профессор,
Жиентаев Сансызбай Мұхаметқалиұлы - э.ғ.д., профессор,
Саргисян Шушаник Вагановна - профессор,
Найманов Досқали Құрмашұлы - ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор.

день учителя

день учителя 6
Іс-шараның шарықтау шегі - «Өнер» студиясының хорының орындауындағы соңғы ән болды, оның басты ерекшелігі - от шоуы. Концерт жылы атмосферада өтті және барлық мұғалімдер мен педагогикалық еңбек ардагерлеріне жағымды және жақсы көңіл-күй сыйлады.

день учителя
Сіздерге оқытуда және зерттеуде табыстар, шығармашылық кәсіби жетістіктер, сәттілік, ғылыми еңбектер мен жеңістер тілейміз және жыл сайын мұғалім атын мақтан тұтатын болашақ ұстаздар шоғыры көбейе берсін!


PDF