Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынұлына арналған мүсін ашылды

2016 жылдың 5-ші қыркүйегінде Әулиекөлде ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы мүсіні ашылды.

Мүсіннің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев, Қазақстан республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Хұсаин Валиев және басқа да елімізге белгілі ғалымдар мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ахмет Байтұрсынұлы мүсінін салтанатты ашу рәсімінен кейін, жиналған қауым Әулиекөл мәдениет үйінде өткізілген “Ахмет Байтұрсынов және Мәңгілік ел мұраты” атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Ғылыми-практикалық конференцияда Ахаң атындағы университет ректоры Хұсаин Хасенұлы Валиев Ахмет Байтұрсыновқа арналған баяндамасын оқып, оның шығармашылық өміріне кеңінен тоқталды. Хұсаин Валиев: «Әулиекөлде ұлы тұлғаның мұрасын саралап, ашылған мүсін, ұрпақтарымызға аманат болып қалатын, тұлға есімін мәңгілік сақтаудағы үлкен жұмыстың бірі» деп, өз сөзін аяқтады. Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлын еске алу құрметіне арналған мерекелік концертпен жалғасты.

 

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина


PDF