2017-ші жылдың 27-ші қаңтарында Ахмет Байтұрсынұлы мұражайының дәрісханасында «Ахмет Байтұрсынұлын еске алу күні» тақырыбында сабақ өтті. Іс-шараға ҚМУ-дың заң факультетінің «Тарих» және «Аймақтану» мамандығының 1-ші, 2-ші курс студенттері қатысты. Сабақтың негізгі мақсаты: студенттерге қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы туралы ой бөлісіп, ақпарат беру болды.
Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ералина Ақмарал Ерікқызы «Алаш Орда және Қостанай облысы тұрғындарының тағдыры мұрағат құжаттарының беттерінде» атты баяндама оқыды. Студенттер оқытушының тақырыбына қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.
Сондай-ақ, сабақ барысында студенттерге Ахмет Байтұрсынұлы фильмі көрсетілді. Сабақтың соңында жастарға ұлтымыздың ұлы ұстазы туралы арнайы экскурсия өткізілді.