ҚИНЭУ-де «Агробизнесті дамыту аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференция өтті. Оған Қостанай облысының ЖОО студенттері, Ресейдің көршілес Қорған, Екатеринбург қалаларының оқу орындары студенттері қатысты. Экономика мамандығының 3 курс студенті Алмас Тауасаров мен ғылыми жетекшісі, Экономика кафедрасының аға оқытушысы Вера Шмидт конференцияға қатысып, пленарлық отырыста "Қазақстандағы органикалық өнім өндірісінің орны мен рөлі" тақырыбында баяндама оқыды. ҚМУ-нің студентінің баяндамасы үздіктер қатарынан табылып, 1 орынға ие болды.