Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Университеттің бас ғимаратының мәжіліс-залында ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор Ж.Жарлығасов әскери-жұмылдыру бөлімімен (ӘЖБ) бірлескен «А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жасалған жұмыс барысы туралы (2016 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін) ӘЖБ бастығы К. Баймагамбетова ақпарат берді.

Объектілік құрылымдардың, эвакуациялық комиссияның  құрамына енген университет қызметкерлері Азаматтық қорғаныс бойынша ректордың бұйрықтарымен танысып, ӘЖБ әзірлеген  лауазымдық нұсқаулықтарды, міндеттері және  топтар, бөлімдер бойынша тапсырмаларын алды.


PDF