Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенті ҚР білім және ғылым министрінің қолы қойылған диплом алды

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенті Назерке Дүкенбай, "Журналистика" мамандығы бойынша ғылыми-зерттеулер жұмыстарының республикалық сайысына қатыса отырып, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің қолы қойылған, 2 деңгейлі дипломды жеңіп алды.

фото Назерке 4 Оның ғылыми жұмысының тақырыбы нақты әрі түсінікті. "Қазақстандық БАҚ жастар мәселелері". Бұл зерттеуді ол өзінің ғылыми жетекшісі, жас оқытушы, ғалым, әлеуметтік ғылымдар магистрі Гүлнұр Кәкімбекпен бірге дайындады. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы өзінің студенті мен жас оқытушысының жетістігін мақтан тұтады.

фото Назерке 5


PDF