2019 жылдың 5 қыркүйек күні Ахмет Байтұрсынов мұражайында Қазақстан тарихы және философия кафедрасымен бірлесе отырып ұйымдастырылған, қоғам қайраткері, көрнекті түркітанушы, ХХ ғасырдың ұлы реформаторы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған «А. Байтұрсынов – ұлттың рухани көсемі" атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде А. Байтұрсыновтың ұрпағы Ибраһим Ағытайұлы, Қазақстан тарихы және философия кафедрасының аға оқытушысы Ақмарал Ералина, мұражай меңгерушісі Гүлмира Саметова сөз сөйледі.
Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы, қазақ тілінің реформаторы, ақын, публицист, қоғам және саяси қайраткері. Ол – "Қазақ" газетінің негізін қалаушы. А. Байтұрсыновтың қазақ мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесі бүгінде жас ұрпаққа үлгі болып келеді. Бұл бүгінгі іс-шараға қатысушылардың ортақ пікірі.
Іс-шара соңында пікір алмасып, дөңгелек үстел қорытындысы шығарылды.