2-інші наурызда Шетел филологиясында бірінші рет Қостанай қаласындағы 10-11 сынып оқышыларына арнап ағылшын тілінен олимпиада өткізді. Байқауға қаланың түрлі мектептерімен Затобольск кентінен 50-ден астам оқушылар қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды және Қазақстанның жастар жылына арналды.
Бірінші кезеңде тыңдау дағдылары тексеріліп (студенттер әртүрлі қиындықтардағы аудио фрагменттерді тыңдап, тапсырмалар орындады) және ағылшын тілінің грамматикасы мен лексикасы сыналды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша жүзден жүйрік деген студенттер таңдалынып, келесі шығарма жазу кезеңіне өтті. ХХІ ғасырдың жастары өткен ғасырдың жастарынан қалай ерекшеленетіндігі туралы тақырып оқушылардың эсселерінен көрініс тапты. Барлық оқушылар шығармашылық көзқарас танытып, мәселені сыни тұрғыдан шеше білді, салыстырды және қорытындылады. Эсселер шығармашылық өзіндік ерекшелігімен және идеялардың қайталанбастығымен ерекшеленді.
Үзіліс кезінде ағылшын филологиясы кафедрасының оқытушылары мен студенттері ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер туралы оқушылармен көңілді ойын өткізді. Ойында белсенділік көрсеткен оқушылар тәтті сыйлықтар алды. Сондай-ақ, шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі Жабаева С.С. оқушыларға - кафедра, оқушытушылар және оқу барсындағы студенттердің мүмкіндіктері туралы мағлұмат берді. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ лингвистикалық зертханасының меңгерушісі Әбдібекова А.А. зертхана және зертхана жұмысының бағыттарын түсіндірді.
Қазылар алқасы екі кезеңнің қорытындысы бойынша оныншы сынып оқушылары арасындағы жеңімпаздарды анықтады. Олар:
1 орын - Алиша Харитоненко (Назарбаев Зияткерлік мектебі)
2 орын - Алдабергенова Зияда (С.Мәуленов атындағы гимназия)
3 орын - Бойко София (№ 22 мектеп)
Барлық жеңімпаздар сертификаттармен , жүлделермен марапатталды.
15 наурызда 11 сынып оқушыларына арналған үшінші ауызша кезең өтеді. Он бірінші сынып оқушылары «Шетел филологиясы» немесе «Аударма ісі» мамандығы бойынша А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректорының грантына бақтарын сынайды.