Елбасы жарияланған Жастар жылы аясында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқу жылының басында «Атамекен» ҰКП бастамасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп енгізілді.
Барлық 36 элективтік сағат жаңа факультативті пәнге арналған. Тренингті А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика және құқық институтының біліктілігін арттыру курстарынан өткен оқытушылар жүргізеді:
Курмангалиева А.К., Калкабаева А.Е., Бекенова А.А., Нурахметова Г.С., Алдабергенова А.И.
Осы бағдарлама аясында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің түлектеріне курстың оқу жоспарына сәйкес дайындалған оқу материалдары негізінде бизнесті жүргізуге қажетті дағдылар мен тәсілдер үйретіледі.
Тренингтің мақсаты - өскелең ұрпақ арасында іскерлік ойлауды қалыптастыру, сонымен қатар жаппай кәсіпкерлік идеяларын насихаттау. Оқу процесі түлектерге кәсіпкерлер оқытатын дәрістерді де қамтиды.