Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ВжәнеМШТ факультетінде Наурыз мейрамына арналған «Денсаулық күні» өтті

2017 жылдың 11-ші наурызында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің № 2-ші, 3-ші ғимараттардың спорттық залдарында «Спорттық жарыс» ойындары өтті.

Ойынға 4 топтан құралған университеттің барлық факультеттердің студенттері мен профессор-оқытушылар командасы қатысты. Жарыстың әділ өтуін қадағалаған арнайы құрылған комиссияның құрамында: ДжәнеСП кафедрасының аға оқытушылары П.В. Крупенкин, О.В. Кононенко, Б.С. Темірханов, Р.И. Шагабутдинов К. Байділдінов болды.

Наурыз мейрамына арнайы ұйымдастырылған спорттық ойындардың ашылу салтанатында ВжәнеМШТ факультетінің деканы А.Ж. Исабаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Ойын барысында қатысушылар өздерінің алғырлықтарын, жылдамдықтарын, күшін, бір ізділігін, бірлігін, ұйымшылдық қасиеттерін толығымен көрсете білді. Ойын қорытындысы бойынша ең мықтылар жеңіске жетіп, бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.


PDF