А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс-залында қалалық және облыстық БАҚ редакторлары және Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының қатысуымен «Мультимедиатехнология жағдайындағы аймақтық БАҚ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің басты қатысушысы филология ғылымдарының докторы, «Высшая школа экономики» ұлттық зерттеу университетінің профессоры (медиа, коммуникация және дизайн факультеті), медиакоммуникация саласындағы Қолданбалы зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі, телевидение және радио Еуразия Академиясының мүшесі Иосиф Михайлович Дзялошинский «Журналистика әлеуметтік институт жүйесінде» мәселесі төңірегінде өз ойын айтты.
Сонымен қатар дөңгелек үстелге А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті «Журналистика» мамандығының студенттері қатысып, сұрақтар қойды. Кездесу жоғары деңгейде өтті.