2016-2017 жылы кәсіптік бағдарлау және кәсіптік даму бөлімінің жоспарына сәйкес, бөлімнің бас мамандары Кабдрахметов Н.И., Ковалёва Н.В., экономикалық факультетінің аға оқытушысы Жусупова Г.Б. және ЭФ 1 курс студенті Мухамбетов А. Лисаковск қаласының әкімдігінің оқу білім бөлімімен бірігіп, қаланың мектептері мен колледжінің түлектерімен кездесу ұйымдастырды.
Бұл кездесу Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралардың орындалуына байланысты өтті.
Кәсіптік бағдарлау жұмысына 7 мектептің (ОМ № 1,3,4,6, мектеп гимназия, мектеп лицей, Октябрь ОМ) 128 түлегі және Лисаковск қаласының техникалық колледжінің 21 түлегі қатысты.