Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс залында «2019 жылғы Президенттік сайлау: рөлі мен маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Осы жылдың наурызында Н.Назарбаев өзінің Президенттік өкілеттілігін тоқтатқанын бәріміз білеміз. Ел конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес қалған мерзімде
оның өкілеті парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшті. Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде мәлімдеме жасап, 2019 жылдың 9 маусымында өтетін
Президенттік сайлау туралы жариялады. «Бұл кезектен тыс сайлау Қазақстан халқы мен әлемдік қауымдастық алдында қазіргі мемлекет басшысының заңдылығына қатысты
белгісіздікке жол бермеу үшін қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу – демократия қағидаттарына толық сәйкес келетін және елдің
мүдделеріне жауап беретін маңызды, қажетті, дұрыс және уақтылы шешім». Бұл – дөңгелек үстелге қатысушылардың ойы. Олардың арасында Қостанай облысының
Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіподақ ұйымдарының басшылары, Қостанай облысының жоғары оқу
орындарының магистранттары мен докторанттары, республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды.
Іс-шараны А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық
филиалының саяси кеңесінің мүшесі Алма Досжанова ашты: «Ел Президентінің сайлауы саяси бағыттың үздіксіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Егемендіктің
жылдары біздің дамуымыздың қазақстандық моделі оның тиімділігін дәлелдеді және бүкіл әлемде экономикалық өсу құндылықтарының, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлтаралық
келісімнің үлгісі ретінде танылды».
«Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің басшысы Ринат Бектемиров, «Азаматтық Альянс» ҚҚ төрайымы Динара Өтебаева, «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер
клубының президенті Зарина Көкжанова, Қостанай облысындағы «Жаңғыру жолы» Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық жастар қозғалысының төрағасы
Руслан Мырзағалиев сияқты Қостанай облысының белсенді тұлғалары азаматтық жауапкершілік туралы айтты. Сондай-ақ олар Президенттік сайлаудың қажеттілігі мен
уақытылы өткізілуі туралы ойларын жеткізді.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері атынан сөз сөйлеген заң факультетінің 3 курс студенті, Қостанай қаласының жастар мәслихатының
депутаты Арман Бисембаев жастарды сайлауға баруға, еліміздің болашағы үшін игі қадам жасауға шақырды.
PDF