А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің №2-ші студенттер үйінде Қостанай облыстық «Марал Ишан» мешітінің бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлымен кездесу өтті. Жиынның басты тақырыбы «Қазіргі таңдағы Ислам дінінің жағдайы мен өзекті мәселелері» болды. Аталған іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқарма басшысы Н.Нұғұрбеков, Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма маманы А.Қаратаева, университетімздің оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры А.Әбсадықов, ҚМУ-дың діни зерттеулер орталығының директоры Ж.Шәукенов және жастар бастамаларын дамыту орталығының бас маманы М.Төлеш қатысты. Кездесу барысында студенттердің дінге қатысты өзекті мәселелері талқыланды. Бахытбек Нұрғабылұлы жастарға Ислам дінінің негіздерін түсіндіріп, оны бұрыс жаққа аударатын адамдарды қалай тануға және қандай ақпарат көздерінен мағлұматтарды алуға болатыны жайында айтып, студенттер үшін пайдалы кездесу өткізді.