Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қазақ тілінен «Жаппай диктант» өткізілді

2016 жылдың 17 қыркүйегінде  Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне орай Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының негізінде қазақ тілінен «Жаппай диктант» өткізілді. Диктантқа Қостанай облысы әкімдігінің қызметкерлері, журналистер, оқытушылар және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың студенттері  қатысты. Барлығы 30 адам.

Диктанттың мақсаты - әр адамға қазақ тілінен өзінің білімін тексеруге  мүмкүндік  беру және сауатын көтеруге қызығушылығын ояту. Диктант тексеруші-сарапшылар (Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары: А.Т.Досова, А.С.Оразбаева, Ш.И.Тулегенова), қатысушылардың  көбінесе орфографиялық қателер жібергенін, сондай-ақ төл сөз бен  сөйлемнің бірыңғай мүшелері кездесетін сөйлемдерде пуктуациялық қателер  кеткенін анықтады.

Жалпы, қатысушылар диктантты жақсы жазды.  Нәтижесінде: 1-ші орынды – Абдурасилова Гүлнұр, 2-ші орынды -  Алпыс Маржан, 3-ші орынды – Ерполат Ақмарал және Кенжеахметова Күнжамал иеленді. Олар А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың студенттері.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина


PDF