Білім беру бағдарламасы
Аймақтық-әкімшілік басқару
Бұл пәнді зерттеу бағдарламасы аймақты оның сан саласына сәйкес тек қана саясат пен халықаралық қатынастар арқылы ғана емес,тарих,мәдениет және тіл арқылы аймақтың ұлттық ерекшеліктерін оның дамуына әсерін тигізетін негізгі факторларды анықтайды.Қазіргі нақты жағдайларды жеке сараптауға мүмкіндік туғызады және аймақтың дамуына қажетті жоспарлардың жобасын жасауға мүмкіндік береді.Қ.Р. мемлекеттік және жергілікті басқармаларында,сан түрлі мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдарда басқару және кәсіпкерлік салалардағы құжаттық қызмет көрсетуді қалыптастыру мен қолдау және кәсіптік оқу орындарында басқару тәсілін қалыптастырады.
«Аймақтық-әкімшілік басқару» оқыту бағдарламасы бойынша пәндерді меңгерген соң студенттер міндетті:
Білу және түсіну:
- саяси, құқық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы негізгі бағыттарын;
- кәсіби және әлеуметтік қызмет шеңберіндегі ғылыми әдістерді;
- Қазақстан тарихын, аймақ және жалпы әлемдік саясат шеңберіндегі республиканың негізгі даму кезеңдерін;
- аймақ пен әлемдік саясат шеңберіндегі өзекті өсу беталысы мен процесін;
- мамандандыру аймақтағы ішкі саясат пен ішкі саяси жағдайды;
- тірі және жансыз табиғатта болып жатқан процесстер мен құбылыстар туралы тұтас ұғымды, қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дауы туралы түбегейлі мәселелерді білу, олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси салдарын түсіну;
Істей білу:
- халықаралық саясат саласында аймақтық саясатты болжау және үлгісін жасау;
- ақпараттық және оқыту технологиялардың негізінде өздігінен жұмыс істей алу дағды мен іскерлігіне ие болу;
- Қазақстан мен мамандандыру елдің мүддесі мен бағдарын белгілеу және негіздеу;
- арнайы зерттеулердің мақсаттарын белгілеу және жұмыста пайдалану, пәнаралық жобалар бойынша жұмыс істеуге дайын болу.
Пайдалана білу:
- мамандандыру саласында құбылыстар мен процестерді болжау және талдау әдістемесін;
- ІТ технологиясын қолдану бойынша компьютерде жұмыс істеу технологиясын;
- саяси, құқық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласында негізгі білімдерін;
- электрондық үлгісін жасау әдістемесін;
- Қазақстан тарихы бойынша білімдерді, аймақ және жалпы әлемдік саясат шеңберіндегі республиканың негізгі даму кезеңдері туралы білімді;
- кәсіби және әлеуметтік қызмет шеңберіндегі ғылыми әдістерді.
Білім беру бағдарламасы пәндерінің каталогы
Білім беру бағдарламасының пәндерінің каталогында жеке-жеке пререквизиттер мен постреквизиттер, кредиттер саны, сабақтар түрлері, бағдарламасының жетекшілері туралы мәліметі бар әрбір пәндердің мағлұматы жинақталған.
Базалық пәндер
Негізгі шет тілі деңгей А2 /Базовый иностранный язык уровень А2/ Basic foreign Language Level A2 – 2 кредит
Пререквизиттер Мектептегі курс «Шет тілі»
Пәннің қысқаша мазмұны «Базалық ағылшын тілі» пәні «Аймақтану» мамандығы бойынша оқитын студенттердің таңдауы бойынша оқитын компоненті болады. Пәннің мазмұны басқа тілдік коммуникативтік құзырлықты қалыптастыру процесінде студенттерде сөйлесу мәдениетін дамытуға бағытталған. Басқа тілдік коммуникативтік құзырлықтың болуы қазіргі әлемдегі қарым-қатынас орнату және өзара қатынасу (аударма), білім алу және өздігінен білім алу, тілдесу құрал ретінде шетел тілін пайдалану қажеттігін ескереді.
Постреквизиттер «Оқытылатын аймақтағы елдердің практикалық шет тілі», «Ауызша және жазбаша тілдің практикасы», «Мәдениетаралық коммуникацияның практикасы»
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Оқытушы Левшина С.М. п.ғ.к, доцент
Негізгі шет тілі деңгей В 2 /Базовый иностранный язык уровень В 2/ Basic foreign Language Level В 2 – 2 кредит
Пререквизиттер Мектептегі курс «Шет тілі»
Пәннің қысқаша мазмұны «Базалық ағылшын тілі» пәні «Аймақтану» мамандығы бойынша оқитын студенттердің таңдауы бойынша оқитын компоненті болады. Пәннің мазмұны басқа тілдік коммуникативтік құзырлықты қалыптастыру процесінде студенттерде сөйлесу мәдениетін дамытуға бағытталған. Басқа тілдік коммуникативтік құзырлықтың болуы қазіргі әлемдегі қарым-қатынас орнату және өзара қатынасу (аударма), білім алу және өздігінен білім алу, тілдесу құрал ретінде шетел тілін пайдалану қажеттігін ескереді.
Постреквизиттер «Оқытылатын аймақтағы елдердің практикалық шет тілі», «Ауызша және жазбаша тілдің практикасы», «Мәдениетаралық коммуникацияның практикасы»
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Оқытушы Левшина С.М. п.ғ.к, доцент
Еуропа және Американың жаңа және қазіргі заман тарихы/ Новая и новейшая история стран Европы и Америки / Modern and Contemporary History of Europe and America - 3 кредита
Пререквизиттер: халықаралық қатынастар тарихы
Пәннің қысқаша мазмұны : Түсініктер «Жаңа заман» және «Жаңа тарих». Дәуірдің тарихи мазмұны. Жаңа заман тарихының негізгі мәселелері мен жалпы сипаттамасы. Адамзат тарихындағы жаңа заман тарихының орны. Жаңа тарих кезеңдеуінің критерийлері мен принциптері. Формациялық концепция. Тарихи циклдер. Әлемдік тарихтың өркениеттік-типологиялық, «кеңістік» өлшемі. Өркениеттер ауысымының механизмі. Жаңа тарих және казіргі кездегі өркениеттің қалыптасуы.Өндіріске дейінгі және өндірістік өркениеттер. Атлантикалық және батыс өркениеттер. Еуропалық және еуропалық емес мәдени-тарихи түрлер. Дәстүрлілік және модернизация. Тарихи орталық, жартылай шеткері аймақтар және шеткері аймақтар. Мануфактуралық капитализ кезеңіндегі модернизация процестерінің дамуы. Ғылыми революция және оның салдары. Аграрлық революцияның аяқталуы, дәстүрлі ауыл шаруашылық өндірістің интенсификациясы. Аграрлық сектордың «Американдық» және «Пруссиялық»даму үлгілері. Италиядағы ұлттық революцияларының тарихи қорытындылары. Аумақтық құрылымы. Саяси құрылымы. Мемлекет пен шіркеу арасындағы қақтығыс. Протекционизм. « Д.Джолитти дәуірі». Ұлттық капитализмнің даму ерекшеліктері. Анархистік идеологияның өктемдігі . Германия мен Австро-Венгриямен одақтасу (Үштік одақ). Ұлтшылдардың қозғалысының пайда болуы.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Ерменбаева Г.К.
Мәдениетаралық коммуникация практикасы / Практика межкультурной коммуникации (английский) / Cross-cultural communication– 3 кредит
Пререквизиттер: Басқару психологиясы.
Курстың қысқаша мазмұны: Полимәдениетті әлем. Мәдениетаралық қатынасудағы тілдің заңдылықтары (базалық терминдер). Әлем картасының алдында. Географиялық ксенонимдер. Негізгі географиялық терминдерді аудару. Казахстан туралы ағылшын тілінде. «Үшінші мәдениет» ксенонимінің этнонимі. Қалалар. Қалалық ксенонимия. Тарих. Тарихи ксенонимдердің ерекшеліктері, идионимдерді алып пайдалану. Жалқы есімдер (аудару ерекшеліктері).Әлемдік діндер. Ұтымды аудару үшін нақты материал туралы білімді алу қажеттілігі. Түпнұсқа мен аудармадағы айырмашылығы. Мәдениеті. Транслитерация. Басқа тілдік мәдениеттерді бейнелеу дәстүрі. Ұлттық сипаттаманың ерекшеліктері. Фразеологизмдерді аудару.
Постреквизиттер: Ауызша және жазбаша тілдің практикасы.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Фёдорова М.
Азия мен Африканың жаңа және қазіргі заман тарихы / Новая и новейшая история стран Азии и Африки / Modern and Contemporary History of Europe and Africa- 3 кредит
Пререквизиттер. Халықаралық қатынастар тарихы
Курстың қысқаша мазмұны: «Азия мен Африканың жаңа және қазіргі заман тарихы» курсы XVII ғ. 40-шы жылдардан бастап ХХ ғасырдың соңына дейінгі кезеңді қамтиді, қазіргі дүние жүзінде маңызды роль атқаратын Азия мен Африка елдерінің тарихын зерделеуде ғылыми және практикалық маңызы бар пән. Азия мен Африка халықитарының тарихын зерттеудегі тарихи процестерді кезеңдеу, кезеңдеудің дәстүрлі түрлерінің ролі. Капитализмнің пайда болуы бастапқы кезеңін және оның Шығыстағы айрықша ерекшілігін белгілеу . Байырғы отар және жартылай отар құрылымдарын модернизациялау. Ұлт-азаттық қозғалыстар. Афро-азиаттық мемлекеттерінің ұлттық деңгейде даму парадигмасы. Ұлт-азаттық қозғалыстардың қалыптасу, өрлеу және жетілу заңдылықтары. Революциялар түрлері және әскери топтардың ролі.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық
Бағдарлама жетекшісі: Кусаинов Г.Б.
Меңгерілетін аймақ елдерінің шет тілі: Батыс Еуропа / Иностранный язык стран изучаемого региона: Западная Европа / Foreign Language of the stude region countries – 3 кредит
Пререквизиттер «Шет тілі (ағылшын)» (ЖОО бағдарламасы).
Курстың қысқаша мазмұны: Меңгерілетін аймақ елдерінің шет тілі: Батыс Еуропа міндетті пән, жеке және аяқталған курс ретінде 1997 ж. сәуірде Еуропа Кеңесі мақұлдаған «Қазіргі кездегі тілдер: зерттеу, оқыту, бағалау.Жалпыеуропалық құзырлық» құжатында бекітілген және жалпыеуропалық құзырлық стандартына жетуге бағытталған құрылымы мен мазмұны бар пән.
Постреквизиттер: Оқытылатын аймақ елдерінің практикалық шет тілі, Ауызша және жазбаша тілдің практикасы, Мәдениетаралық коммуникация практикасы..
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Оқытушы: Левшина С.М. п.ғ.к, доцент
Мамандандыру аймақ елдерінің тарихы: Батыс Еуропа/ История стран региона специализации: Западная Европа/ History of region of specialization: West Europa-3 кредит
Пререквизиттер: Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы.
Курстың қысқаша мазмұны: Тұңғыш Плантагенеттер. ІІ Генрих және оның реформалары. Францияда ағылшын аумақтарының жерін кеңейту. Сайланып қойылған заседательдер қатысатын сот. Қалқанды ақшалар. І Ричард. Оның крест жорықтарына қатысуы. Жерсіз Иоанн. Француз иеліктерін жоғалту. Папалықпен күрес. «Ұлы еркіндік хартиясы». ІІІ Генрих. Король мен барондар арасындағы билік үшін күрес. Симон де Монфор және барон соғысы. Азаматтық соғыс. «Оксфордік азық-түліктер». Тұңғыш ағылшын парламенті. І Эдуард. Парламенттің өсуі. Бірдей өкілділік ету принципін ұстану. Ирландияда ағылшын пэйлін құру. ІІ Эдуард. Бюджеттік тапшылық. Шотландиямен соғыс. ІІІ Эдуард. Парламенттің екі палатасы. Жүз жылдық соғыстың басталуы. Мейірбан парламент. ІІ Ричард. Шаруалар көтерілісі. Басыбайлы құқықтың аяқталуыц. Виклиф. Лоллардтар. Иорктар мен Ланкастерлер әулеттері. IV Генрих . Ланкастерлер әулетінің басталуы. V Генрих. Солтүстік Францияны жаулап алу. VI Генрих. Францияны жоғалту. Раушандар соғысының басталуы. IV Эдуард. Йорктар әулетінің басталуы. ІІІ Ричард және оның жиендері. Босвортағы шайқас. Раушандар соғысы мен Йорктік әулетінің аяқталуы. Орта ғасырлар тарихының аяқталуы. Англия жаңа заманда. Тюдорлар әулеті. VII Генрих. Дуалмен қоршау. Джентримен корольдің одағы. Абсолюттік монархияның басталуы. VIII Генрих. Мария.. Католиктік реакция. І Елизавета. Мария – шотландтық ханзадасы. Оның атынан қастандықтар ұйымдастыру. Испан армадасының жеңілуі. Абсолюттік монархияның алтын ғасыры.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Ерменбаева Г.К.
Батыс елдер мәдениетінің тарихы /История культуры Запада/ History of westem culture - 2 кредит
Пререквизиттер «Еуропа мен Америка елдерінің тарихы», «Мамандандыру аймақ елдерінің саяси жүйесі: Батыс Еуропа», «Еуропа мен Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
Курстың қысқаша мазмұны: Батыс елдер мәдениетінің тарихы курсы «Аймақтану» мамандығының студенттеріне арналған. Бұл курс студенттерге әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда халықаралық қатынастар саласында қажетті Батыс елдерінің тарихы мен саясаттану саласындағы адамдардың білімі мен әртүрлі қызметінің бейнесі ретінде қалыптасқан мәдениет туралы кең таралған мәдениеттанулық білімдер жиынтығын талдау білімі мен дағдысын меңгеруге арналған. Курс шеңберінде Батыс елдерінің мәдениет тарихы оқытылады, мамандандыру аймақтағы елдердің мәдени даму процесінің заңдылықтары мен ерекшеліктері, тек жеке елге тән айырмашылығымен айқындалған білімдер зерделенеді.
Постреквизиттер: Бұл курсты меңгеру болашақта «Әлемдік өркениеттер тарихы», «Мәдениетаралық коммуникация практикасы», «Ауызша және жазбаша тілдің практикасы» атты шектес пәндерді үздік меңгеруге мүмкіндік береді.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық
Оқытушы: Ибраев Е.Е.
Мәдениеттану /Культурология / Сulture study/ – 3 кредит
Пререквизиттер: Философия, саясаттану, әлеуметтану.
Курстың қысқаша мазмұны: Мәдениет түсінігі мен мәнісі. Мәдениет адам әлемі ретінде. Мәдениет тілі. Мәдениет үлгілері: өнер, дін, мораль,ғылым, құқық, саясат. Мәдениет пен өркениет. Мәдениеттің типологиясы мен тарихи өлшемдері. Номадтардың архаикалық мәдениеті. Көне мәдениеттер түрлері мен өркениеттер. Антикалық мәдениет түрі ретінде. Орта ғасырлық мәдениеттің исламдық түрі. Орта ғасырлық қазақ мәдениеті. Мәдениеттің христиан түрінің даму қайнары мен негізгі кезеңдері. Орыс мәдениеті православия мәдениетінің түрі ретінде. XVIII ғ. тоғысында және XX ғ. соңындағы қазақ мәдениеті. Қазіргі кездегі мәдениеттің жалпы сипаттамасы. Қазақ мәдениеті қазіргі кездегі дүние жүзілік процестер құрамында. Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты.
Постреквизиттер: Әлемдік өркениеттер тарихы.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық
Бағдарлама жетекшілері: Бондаренко Ю.Я., Титаренко Н.Г.
Басқару психологиясы / Психология управления / Management Psychology – 3 кредит
Пререквизиттер: Философия, әлеуметтану, жалпы психология.
Курстың қысқаша мазмұны: Басқару психологиясының пәні мен әдістері. Ұйымдағы жетекші. Ұйымдағы жетекші көсем мәселесі. Ұжым басқару өзара қатынасу субъект ретінді. Іскерлік қатынасу және басқару қақтығыстар. Тұлға және оның ұйымдағы дамуы. Кадрларды таңдау және орналастыру психологиялық аспектілері. Ұйымдарда қақтығыстар мен күйзелістерді басқару. Қақтығыстық тәртіпті басқару.
Постреквизиттер: Мәдениетаралық коммуникация практикасы.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Ташбаева Л.М.
Қазақстаның экономикалық тарихы/Экономическая история Казахстана/ Economikal history of Kazakhstan - 3 кредит
Пререквизиттер Қазақстан тарихы
Курстың қысқаша мазмұны: Экономиканың маңызды саласы- ауыл шаруашылық. Ол егіншілік пен мал шаруашылығы деген екі бөлікке бөлінеді. Қазақстан – дамыған өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен көліктік-қатынасу саласы бар өндірістік-аграрлық мемлекет. XVIII ғ. 30-шы жылдарынан бастап өлкені Ресей отарлайды, ХІХ ғ. 60-шы жылдары Ресейге «өз еркімен» Қазақстан қосылды. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде Қазақстан аумағында 44 банк мекемесі болды. Қазақстанда сауданың ерекшелігі ретінде қарызға сатумен қоса өсімқорлыққа беру орын алды. Өсімқорлық капитал несиелік капиталдың ізашары ретінде, эквиваленттік емес борыштық саудада Қазақстан бойынша бастапқы капитал жинақтаудың негізгі қайнардың бірі болды.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Турежанова С.А.
Кәсіптендіру пәндер
Мамандандыру аймақ елдерінің саяси жүйесі: Батыс Еуропа/Политическая система стран региона специализации: Западная Европа / Political system of the region of specicialization countries: West Europa- 3 кредит
Пререквизиттер: Аймақ елдерінің тарихы
Курстың қысқаша мазмұны: Мамандандыру аймақ елдерінің саяси жүйесі: Батыс Еуропа курсы «Аймақтану» мамандығының студентеріне арналған. Бұл курс студенттерге әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда халықаралық қатынастар саласында қажетті Еуропа елдерінің саяси жүйесін талдау білімі мен дағдысын меңгеруге арналған. Курс шеңберінде аймақ елдерінің саяси институттарының пайда болу процесінің жалпы заңдылықтары және әрбір жеке елге тән ерекшеліктер зерделенеді. Сонымен қатар, әскери төңкерістер себептері мен олардың қалыптастырған диктатурасының мәнісі қарастырылады.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Легкий Д.М.
Мамандандыру аймақ елдерінің сыртқы саясаты: Батыс Еуропа/Внешняя политика стран региона специализации: Западная Европа / Foreign Poliсy of the region of specicialization countries: West Europa- 3 кредит
Пререквизиттер: Аймақ елдерінің тарихы, Мамандандыру аймақ елдерінің саяси жүйесі: Батыс Еуропа.
Курстың қысқаша мазмұны: Мамандандыру аймақ елдерінің сыртқы саясаты: Батыс Еуропа курсы Батыс Еуропа аймағы бойынша маманданатын «Аймақтану» мамандығының студентеріне арналған. Курсты аяқтаған соң, студент жетекші Еуропа елдерінің сыртқы саяси концепцияларының эволюциясын талдауын білуі тиіс, биоөрістік жүйенің тіршілік ету кезеңіндегі мемлекеттердің сыртқы саясатының қалыптасуы мен жүзеге асыруға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды, сонымен қатар оның эфолюциясын белгілеу.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Легкий Д.М.
Мамандандыру аймақ елдерінің экономикасы: Батыс Еуропа / Экономика стран региона специализации: Западная Европа / Econom of the region of specicialization countries: West Europa- 3 кредит
Пререквизиттер Аймақ елдерінің тарихы, Мамандандыру аймақ елдерінің саяси жүйесі: Батыс Еуропа
Курстың қысқаша мазмұны: Қазіргі кездегі әлемдік шаруашылықтың сыртқы сипаттамасы болып экономикалық қызметтің жаһанданудың өзара байланысты және өзара тәуелді, қарама-қайшылықты тенденциялардың серпінді дамуы, және осы қызметті аймақтандыруы, аймақтық экономикалық блоктарын құруы жатады. Аймақтың негізіндегі елдердің экономикалық жақындасуы экономикалық ықпалдасу үлгісінде болады. Қазіргі кездегі әлемдік экономика дамуында үш ірі геоэкономикалық орталық қалыптасты: Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Тұнықмұхиттік аймақ. Аймақтардың қалыптасуы ұлттық экономикалардың өзара тәуелділігінің өсу объективті процесіне байланысты.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Абдыхалыкова К.С.
Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа (1 бөлім)/Практический иностранный язык стран изучаемого региона: Западная Европа (1-часть)/ Practical foreign Language the countries of the stude region: West Europa (1 part) – 3 кредит
Пререквизиттер: Бұл курсты меңгеру үшін «Шет тілі» және «Меңгерілетін аймақ елдерінің шет тілі» пәндерін оқу барысында қалыптасатын білімдер мен дағдылар қажет.
Курстың қысқаша мазмұны: Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа пәні кәсіптендіру пәндердің ішінде міндетті пән болады. Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа пәні жеке және аяқталған курс ретінде 1997 ж. сәуірде Еуропа Кеңесі мақұлдаған «Қазіргі кездегі тілдер: зерттеу, оқыту, бағалау.Жалпыеуропалық құзырлық» құжатында бекітілген және жалпыеуропалық құзырлық стандартына жетуге бағытталған құрылымы мен мазмұны бар пән.
Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа пәні шет тілін мектеп пен жоғары оқу орнында оқыту сабақтастығын ескереді және жоғары оқу орны курсына тән ерекшелігін айқындайды.
Постреквезиттер: Бұл курсты меңгеру болашақта «ҚР сыртқы саясаты », «Еуропа және Америка елдерінің тарихы», «Халықаралық құқық», «Мәдениетаралық коммуникация практикасы», «Ауызша және жазбаша тілдің практикасы» атты шектес пәндерді үздік меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқытушы Левшина С.М. п.ғ.к, доцент
Аймақтық қақтығыстар және оларды реттеудің әдістері / Региональные конфликты и методы их урегулирования / Regional conflicts and methods to resolve them- 3 кредит
Пререквизиттер: халықаралық қатынастар тарихы.
Курстың қысқаша мазмұны: Бұл курс қақтығыстарды және оларды реттеу әдістерін зерделеуге арналған. Курстың негізгі мақсаты болады: «Аймақтану» мамандығының студентерін қақтығыстар туралы қазіргі кездегі теориялармен, концепциялармен таныстыру; қақтығыстардың себептері мен тарихи тамырын талдау; әртүрлі теория мен методология шеңберінде осы мәселе мен құбылыстарды талқылау; осы концепцияларының тарихи эволюциясын бағалау; «Қырғиқабақ соғыс» кезеңінен кейінгі жылдарда қақтығыстарды реттеу әртүрлі механизмдері мен нұсқаларын талқылау, әсіресе, этникалық және ұлттық қақтығыстарды реттеуде.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Кусаинов Г.Б.
Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа (2 бөлім)/Практический иностранный язык стран изучаемого региона: Западная Европа (2-часть)/ Practical foreign Language the countries of the stude region: West Europa (2 part) – 3 кредит
Пререквизиттер: Бұл курсты меңгеру үшін «Шет тілі» , «Меңгерілетін аймақ елдерінің шет тілі» және Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа (1 бөлім) пәндерін оқу барысында қалыптасатын білімдер мен дағдылар қажет.
Курстың қысқаша мазмұны: Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа пәні кәсіптендіру пәндердің ішінде міндетті пән болады. Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа пәні жеке және аяқталған курс ретінде 1997 ж. сәуірде Еуропа Кеңесі мақұлдаған «Қазіргі кездегі тілдер: зерттеу, оқыту, бағалау.Жалпыеуропалық құзырлық» құжатында бекітілген және жалпыеуропалық құзырлық стандартына жетуге бағытталған құрылымы мен мазмұны бар пән.
Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа пәні шет тілін мектеп пен жоғары оқу орнында оқыту сабақтастығын ескереді және жоғары оқу орны курсына тән ерекшелігін айқындайды.
Постреквезиттер: Бұл курсты меңгеру болашақта «ҚР сыртқы саясаты », «Еуропа және Америка елдерінің тарихы», «Халықаралық құқық», «Мәдениетаралық коммуникация практикасы», «Ауызша және жазбаша тілдің практикасы» атты шектес пәндерді үздік меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқытушы Левшина С.М. п.ғ.к, доцент
Батыс Еуропа елдерінің әлеуметтік – экономикалық тарихы /Социально- экономическая история стран Западной Европы/ Social economic history of the Westem European countries - 3 кредит
Пререквизиттер: Бұл курсты меңгеру үшін «Шет тілі» және «Меңгерілетін аймақ елдерінің шет тілі» пәндерін оқу барысында қалыптасатын білімдер мен дағдылар қажет. Для освоения этой дисциплины необходимы знания, умения и навыки, полученные при изучении дисциплин «История стран Европы и Америки» и «Новая и новейшая история стран Европы и Америки».
Курстың қысқаша мазмұны: Батыс Еуропа елдерінің әлеуметтік – экономикалық тарихы курсы «Аймақтану» мамандығының студенттеріне арналған. Батыс Еуропа елдерінің әлеуметтік – экономикалық тарихына назар аудару адамзат өркениетінің көнесін тануға ең қызықты аспектілерін зерделеуге көмектеседі, сонымен қатар қазіргі кездегі аймақтанушы даярлауға қажетті бөлшегі болады. Бұл пәнді оқыту барысында тиянақты түрде Батыс Еуропа елдерінің әлеуметтік және экономикалық дамуы талданады, Батыс Еуропа елдерінің феодалдық шаруашылығы мен осы елдердегі нарықтық қатынастардың қалыптасу процесі қарастырылады.
Постреквизиттері: Бұл курсты меңгеру болашақта «Мамандандыру аймақ елдерінің сыртқы саясаты: Батыс Еуропа», «Мәдениетаралық коммуникация практикасы», «Мамандандыру аймақ елдерінің саяси жүйесі: Батыс Еуропа» атты шектес пәндерді үздік меңгеруге мүмкіндік.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі:Нурушева Г.К.
Әлемдік өркениеттер тарихы / История мировых цивилизаций / World Civilizations History – 2 кредита
Пререквизиты: Философия.
Пәннің қысқаша мазмұны: Әлемдік өркениеттер тарихындағы өркениеттер теориясы. Адамзат қоғамының пайда болуы мен дамуы алдындағы жағдай. Тарихи ғылым және тарихқа деген өркениеттік көзқарас. Еуропа жаңа өркениет жолында. Ағартушылық дәуірі өркениеттік дамудың ерекше құбылысы ретінде. Египеттік өркениет. Месопотамия өркениеті. Үндістан өркениеті. Қытай өркениеті. Финикия өркениеті – таяушығыстық даму нұсқасы. Ежелгі Сирия – өркениеттің алғашқы қадамдары. Ежелгі Палестина өркениеті. Ежелгі Грекия өркениеті. Ежелгі Рим өркениеті. Араб ислам өркениеті. Батысеуропалық орта ғасырлық өркениет. Еуропалық өндіріс алдындағы өркениет. XX ғасырдың өндірістік өркениеті. Өндірістен кейінгі өркениет.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Ералина А.Е.
Британ монархиясы және тарихи келешек мүдделер /Британская монархия и исторические перспективы/ British monarchy and Historical prospectives - 3 кредит
Пререквизиттер: «Еуропа және Америка елдерініің тарихы» және «Жаңа және казіргі заман тарихы» пәндерін оқу барысында алған білімдер қажет.
Пәннің қысқаша мазмұны: Британ монархиясы және тарихи келешек мүдделер курсы «Аймақтану» мамандығының студентеріне арналған. Британияның саяси инсттитуттарының даму негізгі тенденцияларын талдау білімі мен дағдыны менгеруде студент- аймақтанушыларға көп көмек көрсетеді. Парламент жүйесінің эволюциясы мен оны ХІХ ғ. мен ХХ ғ. басында реформалауын, парламенттік топтардың пайда болуы және олардың саяси партияларға айналуын, басқаруда кабинеттік жүйенің пайда болуы мен монархияның қалыптасуын және тарихи болашағын қарастырады.
Постреквезиттер: Бұл курсты меңгеру болашақта «Мамандандыру аймақтың сыртқы саясаты:Батыс Еуропа», «Мамандандыру аймақтың саяси жүйесі:Батыс Еуропа», «Батыс Еуропаның әлеуметтік және экономикалық тарихы» атты шектес пәндерді үздік меңгеруге мүмкіндік береді.
Аудиториялық сабақтардың түрлері: дәріс, практикалық
Оқытушы: Легкий Д.М., т.ғ.д., профессор