Білім беру бағдарламасы
Сараптама-кеңес беру қызметі
Бұл бағдарламаның пәндерін меңгеру аймақтанушыға нақты елдің саясатымен, экономикасымен терең танысуға мүмкіндік береді. Аймақтанушы меңгерген ел мен аймақ бойынша сараптаушы болады. Ол осы елдің барлық ерекшеліктерін біледі — тек туристік сапарда кездестіруге болатын қандай да болмасын көрікті орындарды ғана емес, сонымен қатар онда кәсіби ортамен қарым-қатынас дамыту, олардың өзіне қызығушылығын арттыру, жұмысты дұрыс жүргізу жолдарын біледі. Шын мәнісінде аймақтың сараптаушы-кеңесші болады.
Көрсету/толық ақпаратты жасыру...
«Сараптама-кеңес беру қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді меңгерген соң студенттер міндетті:
Білу және түсіну:
• саяси, құқық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы негізгі бағыттарын;
• кәсіби және әлеуметтік қызмет шеңберіндегі ғылыми әдістерді;
• Қазақстан тарихын, аймақ және жалпы әлемдік саясат шеңберіндегі республиканың негізгі даму кезеңдерін;
• аймақ пен әлемдік саясат шеңберіндегі өзекті өсу беталысы мен процесін;
• мамандандыру аймақтағы ішкі саясат пен ішкі саяси жағдайды;
• тірі және жансыз табиғатта болып жатқан процесстер мен құбылыстар туралы тұтас ұғымды, қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дауы туралы түбегейлі мәселелерді білу, олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси салдарын түсіну;
• сараптау-бағалау қызметінің негіздерін;
Істей білу:
- Қазақстан мен мамандандыру елдің мүддесі мен бағдарын белгілеу және негіздеу;
- халықаралық саясат саласында аймақтық саясатты болжау және үлгісін жасау;
- ақпараттық және оқыту технологиялардың негізінде өздігінен жұмыс істей алу дағды мен іскерлігіне ие
- болу; арнайы зерттеулердің мақсаттарын белгілеу және жұмыста пайдалану, пәнаралық жобалар
- бойынша жұмыс істеуге дайын болу;
- ұйымның қызметіне елдің мемлекеттік саясатына сәйкес сараптама жасау;
- кеңес беру көмегін ұйымдастыру
Пайдалана білу:
- • мамандандыру саласында құбылыстар мен процестерді болжау және талдау әдістемесін; олардың сапалық және сандық талдауын жасай білуін;
- • ІТ технологиясын қолдану бойынша компьютерде жұмыс істеу технологиясын;
- • электрондық үлгісін жасау әдістемесін;
- • коммуникативтік қатынас жасау дағдысын;
- • саяси, құқық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы меңгерген негізгі білімдерін;
- • кәсіби және әлеуметтік қызмет шеңберіндегі ғылыми әдістерін;
- • Қазақстан тарихы бойынша білімдерді, аймақ және жалпы әлемдік саясат шеңберіндегі республиканың негізгі даму кезеңдері туралы білімді;
- • ақпараттық және оқыту технологиялар негізінде қалыптасқан өздік жұмысының іскерлігі мен джағысын.
Білім беру бағдарламасы пәндерінің каталогы
Білім беру бағдарламасының пәндерінің каталогында жеке-жеке пререквизиттер мен постреквизиттер, кредиттер саны, сабақтар түрлері, бағдарламасының жетекшілері туралы мәліметі бар әрбір пәндердің мағлұматы жинақталған.
Көрсету/толық ақпаратты жасыру...
Базалық пәндер
Негізгі шет тілі деңгей А2 /Базовый иностранный язык уровень А2/ Basic foreign Language Level A2 – 2 кредит
Пререквизиттер Мектептегі курс «Шет тілі»
Пәннің қысқаша мазмұны «Базалық ағылшын тілі» пәні «Аймақтану» мамандығы бойынша оқитын студенттердің таңдауы бойынша оқитын компоненті болады. Пәннің мазмұны басқа тілдік коммуникативтік құзырлықты қалыптастыру процесінде студенттерде сөйлесу мәдениетін дамытуға бағытталған. Басқа тілдік коммуникативтік құзырлықтың болуы қазіргі әлемдегі қарым-қатынас орнату және өзара қатынасу (аударма), білім алу және өздігінен білім алу, тілдесу құрал ретінде шетел тілін пайдалану қажеттігін ескереді.
Постреквизиттер «Оқытылатын аймақтағы елдердің практикалық шет тілі», «Ауызша және жазбаша тілдің практикасы», «Мәдениетаралық коммуникацияның практикасы»
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Оқытушы Левшина С.М. п.ғ.к, доцент
Негізгі шет тілі деңгей В 2 /Базовый иностранный язык уровень В 2/ Basic foreign Language Level В 2 – 2 кредит
Пререквизиттер Мектептегі курс «Шет тілі»
Пәннің қысқаша мазмұны «Базалық ағылшын тілі» пәні «Аймақтану» мамандығы бойынша оқитын студенттердің таңдауы бойынша оқитын компоненті болады. Пәннің мазмұны басқа тілдік коммуникативтік құзырлықты қалыптастыру процесінде студенттерде сөйлесу мәдениетін дамытуға бағытталған. Басқа тілдік коммуникативтік құзырлықтың болуы қазіргі әлемдегі қарым-қатынас орнату және өзара қатынасу (аударма), білім алу және өздігінен білім алу, тілдесу құрал ретінде шетел тілін пайдалану қажеттігін ескереді.
Постреквизиттер «Оқытылатын аймақтағы елдердің практикалық шет тілі», «Ауызша және жазбаша тілдің практикасы», «Мәдениетаралық коммуникацияның практикасы»
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Оқытушы Левшина С.М. п.ғ.к, доцент
Еуропа және Американың жаңа және қазіргі заман тарихы/ Новая и новейшая история стран Европы и Америки / Modern and Contemporary History of Europe and America - 3 кредита
Пререквизиттер: халықаралық қатынастар тарихы
Пәннің қысқаша мазмұны : Түсініктер «Жаңа заман» және «Жаңа тарих». Дәуірдің тарихи мазмұны. Жаңа заман тарихының негізгі мәселелері мен жалпы сипаттамасы. Адамзат тарихындағы жаңа заман тарихының орны. Жаңа тарих кезеңдеуінің критерийлері мен принциптері. Формациялық концепция. Тарихи циклдер. Әлемдік тарихтың өркениеттік-типологиялық, «кеңістік» өлшемі. Өркениеттер ауысымының механизмі. Жаңа тарих және казіргі кездегі өркениеттің қалыптасуы.Өндіріске дейінгі және өндірістік өркениеттер. Атлантикалық және батыс өркениеттер. Еуропалық және еуропалық емес мәдени-тарихи түрлер. Дәстүрлілік және модернизация. Тарихи орталық, жартылай шеткері аймақтар және шеткері аймақтар. Мануфактуралық капитализ кезеңіндегі модернизация процестерінің дамуы. Ғылыми революция және оның салдары. Аграрлық революцияның аяқталуы, дәстүрлі ауыл шаруашылық өндірістің интенсификациясы. Аграрлық сектордың «Американдық» және «Пруссиялық»даму үлгілері. Италиядағы ұлттық революцияларының тарихи қорытындылары. Аумақтық құрылымы. Саяси құрылымы. Мемлекет пен шіркеу арасындағы қақтығыс. Протекционизм. « Д.Джолитти дәуірі». Ұлттық капитализмнің даму ерекшеліктері. Анархистік идеологияның өктемдігі . Германия мен Австро-Венгриямен одақтасу (Үштік одақ). Ұлтшылдардың қозғалысының пайда болуы.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Ерменбаева Г.К.
Мәдениетаралық коммуникация практикасы / Практика межкультурной коммуникации (английский) / Cross-cultural communication– 3 кредит
Пререквизиттер: Басқару психологиясы.
Курстың қысқаша мазмұны: Полимәдениетті әлем. Мәдениетаралық қатынасудағы тілдің заңдылықтары (базалық терминдер). Әлем картасының алдында. Географиялық ксенонимдер. Негізгі географиялық терминдерді аудару. Казахстан туралы ағылшын тілінде. «Үшінші мәдениет» ксенонимінің этнонимі. Қалалар. Қалалық ксенонимия. Тарих. Тарихи ксенонимдердің ерекшеліктері, идионимдерді алып пайдалану. Жалқы есімдер (аудару ерекшеліктері).Әлемдік діндер. Ұтымды аудару үшін нақты материал туралы білімді алу қажеттілігі. Түпнұсқа мен аудармадағы айырмашылығы. Мәдениеті. Транслитерация. Басқа тілдік мәдениеттерді бейнелеу дәстүрі. Ұлттық сипаттаманың ерекшеліктері. Фразеологизмдерді аудару.
Постреквизиттер: Ауызша және жазбаша тілдің практикасы.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Фёдорова М.
Азия мен Африканың жаңа және қазіргі заман тарихы / Новая и новейшая история стран Азии и Африки / Modern and Contemporary History of Europe and Africa- 3 кредит
Пререквизиттер. Халықаралық қатынастар тарихы
Курстың қысқаша мазмұны: «Азия мен Африканың жаңа және қазіргі заман тарихы» курсы XVII ғ. 40-шы жылдардан бастап ХХ ғасырдың соңына дейінгі кезеңді қамтиді, қазіргі дүние жүзінде маңызды роль атқаратын Азия мен Африка елдерінің тарихын зерделеуде ғылыми және практикалық маңызы бар пән. Азия мен Африка халықитарының тарихын зерттеудегі тарихи процестерді кезеңдеу, кезеңдеудің дәстүрлі түрлерінің ролі. Капитализмнің пайда болуы бастапқы кезеңін және оның Шығыстағы айрықша ерекшілігін белгілеу . Байырғы отар және жартылай отар құрылымдарын модернизациялау. Ұлт-азаттық қозғалыстар. Афро-азиаттық мемлекеттерінің ұлттық деңгейде даму парадигмасы. Ұлт-азаттық қозғалыстардың қалыптасу, өрлеу және жетілу заңдылықтары. Революциялар түрлері және әскери топтардың ролі.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық
Бағдарлама жетекшісі: Кусаинов Г.Б.
Меңгерілетін аймақ елдерінің шет тілі: Батыс Еуропа / Иностранный язык стран изучаемого региона: Западная Европа / Foreign Language of the stude region countries – 3 кредит
Пререквизиттер «Шет тілі (ағылшын)» (ЖОО бағдарламасы).
Курстың қысқаша мазмұны: Оқытылатын аймақ елдерінің шет тілі: Батыс Еуропа міндетті пән, жеке және аяқталған курс ретінде 1997 ж. сәуірде Еуропа Кеңесі мақұлдаған «Қазіргі кездегі тілдер: зерттеу, оқыту, бағалау.Жалпыеуропалық құзырлық» құжаттында бекітілген және жалпыеуропалық құзырлық стандартына жетуге бағытталған құрылымы мен мазмұны бар пән.
Постреквизиттер: Оқытылатын аймақ елдерінің практикалық шет тілі, Ауызша және жазбаша тілдің практикасы, Мәдениетаралық коммуникация практикасы..
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Оқытушы: Левшина С.М. п.ғ.к, доцент
Мамандандыру аймақ елдерінің тарихы: Батыс Еуропа/ История стран региона специализации: Западная Европа/ History of region of specialization: West Europa-3 кредит
Пререквизиттер: Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы.
Курстың қысқаша мазмұны: Тұңғыш Плантагенеттер. ІІ Генрих және оның реформалары. Францияда ағылшын аумақтарының жерін кеңейту. Сайланып қойылған заседательдер қатысатын сот. Қалқанды ақшалар. І Ричард. Оның крест жорықтарына қатысуы. Жерсіз Иоанн. Француз иеліктерін жоғалту. Папалықпен күрес. «Ұлы еркіндік хартиясы». ІІІ Генрих. Король мен барондар арасындағы билік үшін күрес. Симон де Монфор және барон соғысы. Азаматтық соғыс. «Оксфордік азық-түліктер». Тұңғыш ағылшын парламенті. І Эдуард. Парламенттің өсуі. Бірдей өкілділік ету принципін ұстану. Ирландияда ағылшын пэйлін құру. ІІ Эдуард. Бюджеттік тапшылық. Шотландиямен соғыс. ІІІ Эдуард. Парламенттің екі палатасы. Жүз жылдық соғыстың басталуы. Мейірбан парламент. ІІ Ричард. Шаруалар көтерілісі. Басыбайлы құқықтың аяқталуыц. Виклиф. Лоллардтар. Иорктар мен Ланкастерлер әулеттері. IV Генрих . Ланкастерлер әулетінің басталуы. V Генрих. Солтүстік Францияны жаулап алу. VI Генрих. Францияны жоғалту. Раушандар соғысының басталуы. IV Эдуард. Йорктар әулетінің басталуы. ІІІ Ричард және оның жиендері. Босвортағы шайқас. Раушандар соғысы мен Йорктік әулетінің аяқталуы. Орта ғасырлар тарихының аяқталуы. Англия жаңа заманда. Тюдорлар әулеті. VII Генрих. Дуалмен қоршау. Джентримен корольдің одағы. Абсолюттік монархияның басталуы. VIII Генрих. Ағылшын реформациясы. Риммен байланысты үзу. супрематия туралы актісі. Шіркеу меншігінің мемлекеттік меншікке ауысуы. Англия мен Уэльс арасындағы уния туралы акт. І Мария.. Католиктік реакция. І Елизавета. Мария –шотландтық ханзадасы. Оның атынан қастандықтар ұйымдастыру. Испан армадасының жеңілуі. Абсолюттік монархияның алтын ғасыры.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Ерменбаева Г.К.
Батыс елдер мәдениетінің тарихы /История культуры Запада/ History of westem culture - 2 кредита
Пререквизиттер «Еуропа мен Америка елдерінің тарихы», «Мамандандыру аймақ елдерінің саяси жүйесі: Батыс Еуропа», «Еуропа мен Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
Курстың қысқаша мазмұны: Батыс елдер мәдениетінің тарихы курсы «Аймақтану» мамандығының студенттеріне арналған. Бұл курс студенттерге әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда халықаралық қатынастар саласында қажетті Батыс елдерінің тарихы мен саясаттану саласындағы адамдардың білімі мен әртүрлі қызметінің бейнесі ретінде қалыптасқан мәдениет туралы кең таралған мәдениеттанулық білімдер жиынтығын талдау білімі мен дағдысын меңгеруге арналған. Курс шеңберінде Батыс елдерінің мәдениет тарихы оқытылады, мамандандыру аймақтағы елдердің мәдени даму процесінің заңдылықтары мен ерекшеліктері, тек жеке елге тән айырмашылығымен айқындалған білімдер зерделенеді.
Постреквезиттер: Бұл курсты меңгеру болашақта «Әлемдік өркениеттер тарихы», «Мәдениетаралық коммуникация практикасы», «Ауызша және жазбаша тілдің практикасы» атты шектес пәндерді үздік меңгеруге мүмкіндік береді.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық
Оқытушы: Ибраев Е.Е.
Түркі халықтарының тарихы / История тюркских народов/ History of the Turkic Peoples – 3 кредита
Пререквизиттер: Қазақстан тарихы
Курстың қысқаша мазмұны: Деректері, кезеңдестіру, негізгі түрік халықтар мен олардың мекендеуінің этномәдени аумағы, түрік халықтарының этногенезі; ғұндар және халықтардың ұлы қоныс аударуы; түріктердің көршілермен қарым-қатынасы (Қытай, Византия, Иран); Қазақстан территориясындағы түрік мемлекеттер, Хазар хандығы, Булғарлар, Оғыздар, Қыпшақтар; моңғол басқыншылығы кезіндегі түрік халықтар мен мемлекеттер; Селжүк мемлекеті. Осман империясы. Еуразияның жаңа және қазіргі заман кезеңіндегі түрік халықтары. Түрік халықтарының біртұтастық мәселесі және тұрандық идеясы. Түрік халықтарының мәдениеті. Қазақстандағы және шет елдердегі қазіргі кездегі түріктанудың өзекті мәселелері.
Постреквизиттер: Қазақ диаспорасының тарихы.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Нурсеитов Б.Н.
Ғаламтор технологияларын оқу процесінде қолдану / Использование Интернет – технологий в образовательном процессе / The use of Internet technologies in the educational process - 3 кредит
Пререквизиттер: Информатика.
Курстың қысқаша мазмұны: Өндірісте жұмысқа қажетті Ғаламтор — сайтармен танысу. Ғаламтор-шаралар. Іздеу жүйемен жұмыс істеу. Ғаламтор жүйесінде тақырыптық іздеу барысы. Электронды құралдармен жұмыс істеу: тақырыптық сайттар және блогтар, онлайн-журналдар. Видеоконференцияларда, онлайн-семинарда қатынасу, онлайн-кеңестерге қатынасу және жүргізу. Браузерлер. Мінездемесі мен мүмкіндіктері. Сайттарды құру жөніндегі сервистармен танысу. Хостинг. Үйшік атауы. Портфолио, жеке сайтты, Ғаламтор-дүкенді, қонақтар кітапшасын құрастыру. Сайтты қолдау, алдыға жылжыту және оптимизациялау. Фриланс — Ғаламтордағы жалақы. Тауарлар мен компаниялардың flash — презентацияларын құрастыру. Тіркелу жазбасы. Аккаунтты құрастыру. Е-book (электрондық кітаптарды), сөздіктерді және электрондық кітапхананы жасау. Өздігінен ашылатын фотоальбомдарды, слайд-шоуларды, клиптерді, электрондық ашық хаттарды және журналдарды, Ғаламтор-галереяларды, сандық каталогтарды, буклеттерді, кітапшаларды, дискілерге мұқабаларды жасау үшін бағдарламаны оқытып үйрету. Пайдалы бағдарламалармен таныстыру. Порталдар және форумдар. Жеке жіберетін поштаны құру.
Постреквизиттер: әлемдік ақпараттар ресурстары
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшілері: Синицина В.Б.
Елтану / Страноведение /Country study(the USA)– 3 кредит
Пререквизиттер: Шет тілі
Курстың қысқаша мазмұны: АҚШ географиялық орналасуы. АҚШ мемлекеттік құрылымы. АҚШ сайлау. АҚШ әлеуметтік-экономикалық дамуы. АҚШ діни өмір. АҚШ білім беру жүйесі, мәдениеті, салт-дәстүрлері. АҚШ пен Қазақстан Республикасының арасындағы байланыстар жағдайы мен болашағы.АҚШ –тағы БАҚ. Тұлға мен қоғам арасындағы қарым-қатынас. АҚШ экология мәселесі.
Постреквизиттер: Мәдениетаралық коммуникация практикасы.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшілері: Омарова З.К.
Кәсіптендіру пәндер
Мамандандыру аймақ елдерінің саяси жүйесі: Батыс Еуропа/Политическая система стран региона специализации: Западная Европа / Political system of the region of specicialization countries: West Europa- 3 кредит
Пререквизиттер: Аймақ елдерінің тарихы
Курстың қысқаша мазмұны: Мамандандыру аймақ елдерінің саяси жүйесі: Батыс Еуропа курсы «Аймақтану» мамандығының студентеріне арналған. Бұл курс студенттерге әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда халықаралық қатынастар саласында қажетті Еуропа елдерінің саяси жүйесін талдау білімі мен дағдысын меңгеруге арналған. Курс шеңберінде аймақ елдерінің саяси институттарының пайда болу процесінің жалпы заңдылықтары және әрбір жеке елге тән ерекшеліктер зерделенеді. Сонымен қатар, әскери төңкерістер себептері мен олардың қалыптастырған диктатурасының мәнісі қарастырылады.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Легкий Д.М.
Мамандандыру аймақ елдерінің сыртқы саясаты: Батыс Еуропа/Внешняя политика стран региона специализации: Западная Европа / Foreign Poliсy of the region of specicialization countries: West Europa- 3 кредит
Пререквизиттер: Аймақ елдерінің тарихы, Мамандандыру аймақ елдерінің саяси жүйесі: Батыс Еуропа.
Курстың қысқаша мазмұны: Мамандандыру аймақ елдерінің сыртқы саясаты: Батыс Еуропа курсы Батыс Еуропа аймағы бойынша маманданатын «Аймақтану» мамандығының студентеріне арналған. Курсты аяқтаған соң, студент жетекші Еуропа елдерінің сыртқы саяси концепцияларының эволюциясын талдауын білуі тиіс, биоөрістік жүйенің тіршілік ету кезеңіндегі мемлекеттердің сыртқы саясатының қалыптасуы мен жүзеге асыруға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды, сонымен қатар оның эфолюциясын белгілеу.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Легкий Д.М.
Мамандандыру аймақ елдерінің экономикасы: Батыс Еуропа / Экономика стран региона специализации: Западная Европа / Econom of the region of specicialization countries: West Europa- 3 кредит
Пререквизиттер Аймақ елдерінің тарихы, Мамандандыру аймақ елдерінің саяси жүйесі: Батыс Еуропа
Курстың қысқаша мазмұны: Қазіргі кездегі әлемдік шаруашылықтың сыртқы сипаттамасы болып экономикалық қызметтің жаһанданудың өзара байланысты және өзара тәуелді, қарама-қайшылықты тенденциялардың серпінді дамуы, және осы қызметті аймақтандыруы, аймақтық экономикалық блоктарын құруы жатады. Аймақтың негізіндегі елдердің экономикалық жақындасуы экономикалық ықпалдасу үлгісінде болады. Қазіргі кездегі әлемдік экономика дамуында үш ірі геоэкономикалық орталық қалыптасты: Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Тұнықмұхиттік аймақ. Аймақтардың қалыптасуы ұлттық экономикалардың өзара тәуелділігінің өсу объективті процесіне байланысты.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Абдыхалыкова К.С.
Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа (1 бөлім)/Практический иностранный язык стран изучаемого региона: Западная Европа (1-часть)/ Practical foreign Language the countries of the stude region: West Europa (1 part) – 3 кредит
Пререквизиттер: Бұл курсты меңгеру үшін «Шет тілі» және «Меңгерілетін аймақ елдерінің шет тілі» пәндерін оқу барысында қалыптасатын білімдер мен дағдылар қажет.
Курстың қысқаша мазмұны: Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа пәні кәсіптендіру пәндердің ішінде міндетті пән болады. Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа пәні жеке және аяқталған курс ретінде 1997 ж. сәуірде Еуропа Кеңесі мақұлдаған «Қазіргі кездегі тілдер: зерттеу, оқыту, бағалау.Жалпыеуропалық құзырлық» құжатында бекітілген және жалпыеуропалық құзырлық стандартына жетуге бағытталған құрылымы мен мазмұны бар пән.
Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа пәні шет тілін мектеп пен жоғары оқу орнында оқыту сабақтастығын ескереді және жоғары оқу орны курсына тән ерекшелігін айқындайды.
Постреквезиттер: Бұл курсты меңгеру болашақта «ҚР сыртқы саясаты », «Еуропа және Америка елдерінің тарихы», «Халықаралық құқық», «Мәдениетаралық коммуникация практикасы», «Ауызша және жазбаша тілдің практикасы» атты шектес пәндерді үздік меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқытушы Левшина С.М. п.ғ.к, доцент
Аймақтық қақтығыстар және оларды реттеудің әдістері / Региональные конфликты и методы их урегулирования / Regional conflicts and methods to resolve them- 3 кредит
Пререквизиттер: халықаралық қатынастар тарихы.
Курстың қысқаша мазмұны: Бұл курс қақтығыстарды және оларды реттеу әдістерін зерделеуге арналған. Курстың негізгі мақсаты болады: «Аймақтану» мамандығының студентерін қақтығыстар туралы қазіргі кездегі теориялармен, концепциялармен таныстыру; қақтығыстардың себептері мен тарихи тамырын талдау; әртүрлі теория мен методология шеңберінде осы мәселе мен құбылыстарды талқылау; осы концепцияларының тарихи эволюциясын бағалау; «Қырғиқабақ соғыс» кезеңінен кейінгі жылдарда қақтығыстарды реттеу әртүрлі механизмдері мен нұсқаларын талқылау, әсіресе, этникалық және ұлттық қақтығыстарды реттеуде.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Кусаинов Г.Б.
Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа (2 бөлім)/Практический иностранный язык стран изучаемого региона: Западная Европа (2-часть)/ Practical foreign Language the countries of the stude region: West Europa (2 part) – 3 кредит
Пререквизиттер: Бұл курсты меңгеру үшін «Шет тілі» , «Меңгерілетін аймақ елдерінің шет тілі» және Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа (1 бөлім) пәндерін оқу барысында қалыптасатын білімдер мен дағдылар қажет.
Курстың қысқаша мазмұны: Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа пәні кәсіптендіру пәндердің ішінде міндетті пән болады. Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа пәні жеке және аяқталған курс ретінде 1997 ж. сәуірде Еуропа Кеңесі мақұлдаған «Қазіргі кездегі тілдер: зерттеу, оқыту, бағалау.Жалпыеуропалық құзырлық» құжатында бекітілген және жалпыеуропалық құзырлық стандартына жетуге бағытталған құрылымы мен мазмұны бар пән.
Меңгерілетін аймақ елдерінің практикалық шет тілі: Батыс Еуропа пәні шет тілін мектеп пен жоғары оқу орнында оқыту сабақтастығын ескереді және жоғары оқу орны курсына тән ерекшелігін айқындайды.
Постреквезиттер: Бұл курсты меңгеру болашақта «ҚР сыртқы саясаты », «Еуропа және Америка елдерінің тарихы», «Халықаралық құқық», «Мәдениетаралық коммуникация практикасы», «Ауызша және жазбаша тілдің практикасы» атты шектес пәндерді үздік меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқытушы Левшина С.М. п.ғ.к, доцент
Қайта өрлеу дәуірі интеллектуалдық формация ретінде / Эпоха Возрождения как интеллектуальная формация / Renaissance as an intellectual form – 3 кредит
Пререквизиттер: әлемдік өркениеттер тарихы.
Курстың қысқаша мазмұны: Қайта өрлеу дәуірін кезеңдеу. Итальяндық Қайта өрлеу: Мотескье, Л. Да Винчи. Франциядағы Ренессанс дәуірі: Вольтер, Д.Дидро, Руссо. Әлемдік мәдениет пен ғылыми ой-пікірге Қайта өрлеу дәуірінің қайраткерлері қосқан негізгі үлесі.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі:Легкий Д.М .
Қазақ диаспорасының тарихы / История казахской диаспоры / History of the Kazakh diaspora – 2 кредит
Пререквизиттер: Этнология.
Курстың қысқаша мазмұны: Мақсаты мен міндеті. Қазақ диаспорасы,көші-қон туралы теория, қазақ ирреденттердің қалыптасу тарихи процесі. Қазақ ирреденттер мен диаспораның пайда болу процесінің жағдайы мен себептері. Диаспораның экономикалық, саяси, әлеуметтік және идеологиялық тамырлары. Қазіргі кездегі эволюциясы . Қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы. Қазақ диаспорасы мен ирреденттерді зерттеу маңызы. ХХ ғасырдың тарихи оқиғалары. Қазақтардың шет елдерге қоныс аудару себептері мен мәселелері. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ диаспорасының жұмысқа таритылуы бойынша қоныс аудару. Қазіргі кездегі қазақ диаспорасының дамуы. Тарихи Отанға қазақтарды қайтару процесі.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Ибраев Е.Е.
Әлемдік ақпарат ресурстары /Мировые информационные ресурсы/ World information resourse - 3 кредита
Пререквизиттер: Бұл курсты меңгеру үшін «Информатика» пәнді оқу барысында қалыптасатын білімдер мен дағдылар қажет.
Курстың қысқаша мазмұны: Әлемдік ақпарат ресурстары курсы «Аймақтану» мамандығының студенттеріне арналған. «Әлемдік ақпарат ресурстары» курсының мақсаты ретінде болашақ мамандарды күнделікті дамып жатқан әлемдік ақпарат жүйесін қызмет жасауын қамтамасыз ету мехнологиялары мен әдістермен таныстыру және технологиялар мен Ғаламторды пайдалануын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер құрылымын құру мақсатында алған білімдерді қолдану. Әлемдік ақпарат ресурстары курсы келесі материалды меңгеруге бағытталған: Ақпарат және бизнес. Ақпараттық ресурстар нарығы: сұраныс, ұсыныс, нарықтық теңдік ерекшеліктері. Әлемдік ақпарат ресурстары:әртүрлі сипаты бойынша жүйелердің, мәліметтер базаларының негізгі құрылымдарының анықтамасы, классификациясы және мінездемесі. Әлемдік ақпараттық жүйелер: ақпараттың құрылымы, іздеу ережесі, тәжірибелік.
Постреквезиты: Бұл курсты меңгеру болашақта «Ғаламтор технологияларын оқу процесінде қолдану» және «Әлемдік өркениеттер тарихы» атты пәндерді үздік меңгеруге мүмкіндік береді.
Аудиториялық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Синицина В.Б.