Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Білім беру бағдарламасы

Мұражай ісі мен құжаттану  білім беру бағдарламасы 

 

 

Бұл бағдарлама бойынша оқып шыққан студенттер келешекте мұражай ісі мен құжаттық жұмыстын негізін меңгеріп шығады. Бағдарлама аясында мұрағат ісі мен құжаттану бойынша кәсіби біліктілігі қалыптасу негіздері көзделген. Құжаттарды сараптау, сақтау, бағалау жұмысы қарастырылған. Көрме, экскурсиялық жұмысын үйымдастыру көзделген. Сонымен қатар формулырларды толтыру, құжаттарды еспке алу біліктілігі қалыптасады.

 

 


 «Мұражай ісі мен құжаттану» бағдарламасы бойынша пәндерді меңгеріп шыққан студенттер міндетті:

білімі мен танымы: 

  • тарих ғылымындағы әртүрлі концепциялық көзқарастарды;
  • өз мамандығының қажеттілігі мен әлеуметтік маңызын;
  • өз мамандығы бойынша актуалды фундаменталды мәселесін;
  • адамды индивид, тұлға, субъект ретінде және оны зерттеу әдістерін;
  • оқытуда, тәрбиелеуде, еңбекке баулауда қолданатын психологиялық және педагогикалық фактірлердін ролін;
  • қоршаған орта мен Жер эволюциясында адамның орның және тигізер әсерін;  
  • мұражай мен мұрағаттардың пайда болу тарихын; 
  • мұражай ісінің нормативтік – құқықтық базасын; 
  • мұражай және мұрағат қызметкерінің этикалық кодексын. 

біліктілігі:

  • әлеуметтік маңызды мәселелер мен процесстерді сараптау;
  • гуманитарлық және әлеуметтік- экономикалық әдістерді  кәсіби ісінде қолдануды;
  • жаңа технологияларды қолданып білімін жаңарту мен толықтыру;
  • ғылыми талаптары бойынша өз ісін жасау, ақпараттарды жинақтау, сақтау, кәсіби ісінде қолдану;  
  • экскурсия ұйымдастыру; 
  • мұражай экспонаттармен жұмыс істеуді;
  • мұражай мен мұрағаттардың ғылыми ақпатар құжаттарың жүргізу

дағдылығы:

  • оқу ұрдісін үйымдастыру;
  • кәсіби ісінде кәсіби лексиканы сауатты қолдану;
  • Тарих кабинетін құрастыру;
  • Археологиялық, этнографиялық экспедицияларда практикалық жұмыс жасау;
  • Жалпы қауымға дәріс оқу;
  • Мұражай экспонаттары мен мұрағат құжатараның көрмесін ұйымдастыру;
  • Экспонаттарды өндеп сақтау.

 

Білім беру бағдарламасының пәндер каталогы

 

Білім беру бағдарламасының пәндер каталогында эр пәннің сипатамасы, пререквизиттері мен постреквизиттері, кредит саны, сабақ түрі мен бағдарлама жетекшісі жайында мәлеметтер бар.

 


Жалпы білім беру пәндері

Этнология / Этнология / Ethnology – 3 кредит

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы

Пәннің қысқаша мінездемесі: Пәннің мақсаты мен міндеттері. Географиялық, шаруашылық, мәдени, нәсілдік, лингвистикалық, конфессиялық классификациясы. Деректері мен деректануы. Әдістер мен әдіснамасы. Этногенез және этникалық тарихы. Солтүстік, Оңтүстік, Латин Америкасы. Америка халықтарының классификациясы. Палеоиндейцилер.. Еуропалықтардын келуінше дейінгі америкалықтардың шаруашылығы, материалды және рухани мәдениеті. Сенімдері. Еуропалықтардың жаулыушылық саясаты. Қазіргі кездегі америкалық халықтарының мәселесі.

Постреквизттері: Дүние тарихы.
Аудиториялық сабақ түрі:дәріс , практикалық.
Бағдарлама жетекшісі : Исмаилов С.С.



Базалық пәндер

Дінтану/ Религиоведение/ Religion studies  / -1 кредит

ПререквизиттерҚазақастан тарихы, философия

Курстың қысқаша мазмұны: 1. Дін пән және оқыту объектісі ретінде. 2. Діндердің пайда болыу. Құрылы мен мазмұны. 3. Антикалық қоғамдағы, ежелдегі Шығыстағы дін жүйесі. 4. Тәнір, ерте сенімнің бір түрі 5.Буддизм 6. Христин діні,  пайда болуы негізі. Библия. Христиан дінің бағыттары7 Ислам. Коран, сунна, шариат. Негізгі бағыттары.8. Қазіргі Қазақстандағы діндердің ерекше феномендік орны. Бұл пән арқылы оқытушылардың жалпы дінге деген көз қарасы, білімі жүелі реттік негізбен қалыптасады.

ПостреквизиттерСаясаттану, әлеуметтану ежелгі дүние тарихы

Аудиториялық сабақ түрлері: практикалық,

Бағдарлама жетекшісі: Шаймерден Г.И.,


Алғашқы қоғам тарихы / История первобытного общества / Prehistory  / -3  кредит

ПререквизитттерТарих, философия.

Курстың қысқаша мазмұны: Алғашқы қоғам тарихы өте үлкен уақыттық кезеңді – жер бетінде адамның пайда болуынан бастап, алғашқы қркениет ошақтары мен мемлекеттердің әдетте олармен қатар жүретін жүйеленген жазудың қалыптасуына дейінгі аралықтағы алғашқы қоғамы  дамуының прогрестік теориясын жақтаушылар оның  бірнеше даму сатысын ерекшелейді. Бұл процестің бастапқы сатысы алғашқы қауымдық күрылыс болды. Адамзат тіршілігінің бүлалғашқы сатысы  алғашқы  қоғам тарихы пәні болып есептеледі және біртүтас тарих  ғылымының бір бөлімі ретінде қарастырылады 

Аудиториялық сабақ түрлері: практикалық,

Бағдарлама жетекшісі: Нурушева Г.К.

 

Археология / Archeology / -3 кредит

Пререквизитттер:  алғашқы қоғам тарихы

Курстың қысқаша мазмұны: Бағдарламаның мақсаты – болашақ тарихшыларды археология пәнінің тарих ғылымында алатын орнымен, оның міндеттері , тәсілдері және даму тарихымен таныстыру. Соңымен қатар осы жалпы курстың мақсатына дуниежүзіндегі аса маңызды, ғылыми түрғыдан ерекше күнді ескерткіштердің ашылу, зерттелу тарихы кіреді. Бағдарламада көне дәуірдегі, орта ғасырдағы тарихымызға тікілей немесе жанама қатысы бар Еуразия аймағына, оның ішінде елімізге көршілес жатқан өңірлер Қіндік Азия, Орта және Оңтүстік- Батыс Азия, Кавказ атырыбына қөбірек қөңіл бөлінді.

Постреквизитттережелгі дүние тарих

Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық.

Бағдарлама жетекшісі: Ералина А.Е.

 

Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы / Всеобщая история государства и права / General History of State and Law  -  3 кредит

Пререквизиттер: Әлемдік өркениеттер тарихы

Курстың қысқаша мазмұны: Мемлекет пен құқықтың пайда болуы. Ежелгі Шығыс, құлиеленуші Ежелгі Греция мен Рим мемлекеті және құқығы. Феодалдық мемлекет және Батыс еуропадағы құқық. Ортағасырлық Шығыстағы мемлекеттер және құқық. Феодалдық мемлекеттер және Шығыс Еуропа елдері. Еуропада буржуазиялық мемлекеттердің және құқықтың пайда болуы.  Жаңа замандағы Шығыста мемлекет пен құқықтың дамуы. Абсолютизм қалыптасуы кезеңіндегі Ресейдегі мемлекет пен құқық. Солтүстік және Оңтүстік Америкада ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуы. Құқықтың социалистік жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Еуропада буржуазиялық мемлекет пен құқықтың дамуы. Қазіргі замандағы Азия мен Африкадағы мемлекет пен құқық.

Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық.

Бағдарлама жетекшісі: Нурушева Г.К.

 

Іскерлік  этикет/Деловой этикет  /  Business etiguette – 1 кредит.

Пререквизиттер: философия, әлеуметтіктану

Курстың қысқаша мазмұны: «Іскерлік этикет» қосымша пәндердің тандаулы компонентіне жатады.   Бұл курс арқылы білім алушардың теориялық және практикалық негізде іскерлік біліктілігі қалыптасады. Пәнің негізгі міндеті іскерлік әлемде карымқатынас арқылы зерттеу, ақпараттандыру мүмкіндіктерді кеңінен колдануға жол беру. Пән арқылы оқытушыларға іскерлік қасиеттер мен қоғамдық ортаның қойған талаптаға сәйкес жұмыс ұйымдастыру мүмкіндіктерін дамыту.

Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық

Бағдарлама жетекшісі: Баяхметова А.А.- к.ф.н., доцент КГУ.

 

Бәсекеге кабілтетті тұлға психологиясы/ Психология конкурентоспособной личности/ Psychology of competitive personality – 1 кредит

Пререквизиттер: Әлеуметтану.

Курстың қысқаша мазмұны: Жеке тұлға. Жеке тұлға ұғымы мен оның құрылымы. Конструктивтік қарым-қатынас. Конструктивтік қарым-қатынас сипаттамасы. Адамның іс-әрекетінің әртүрлі аумақтарындағы конструктивтік қарым-қатынас.    Қарама-қайшылықтар. Жан-жал және оның сипаттамасы.   Жан-жалдарды шешу тәсілдері.  Жұмыс іздеу технологиясы   және өзін өзі таныстыру негіздері . Жұмыс іздеу тәсілдері. Жұмыс іздеу үрдісін бақылау. Өзін өзі таныстыру негіздері. Өзін-өзі таныстыру қарым-қатынас серіктес туралы әсері факторы ретінде. Маман тұлғаның дамуы. Кәсібілік тұлғаның маманға айналу толық үрдіс ретінде. Кәсіби деформациялар мен деструкциялар және олырды алдын алу тәсілдері. Тұлғаның кәсіби деформация мен деструкция ұғымдары.

Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық.

Бағдарлама жетекшісі: Ташбаева Л.М.

 

Қазақ тілінде іс жүргізу / Делопроизводство на казахском языке /  Paperwork in the Kazakh language – 1 кредит

Пререквизиттер: Қазақ тілі

Курстың қысқаша мазмұны: Іс жүргізу ғылыми және оқу пәні ретінде.  Басқару шешімдері үшін құжаттарды жүзеге асырудың маңызы. Қазіргі іс жүргізу жағдайы. Түрлі деңгейдегі басқару мекемелеріндегі технологиялар мен ұйымдастыруға әсер ететін факторлар. Іс жүргізудің құқықтық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, психологиялық аспектілері. «басқаруды құжаттық қамтамасыз» ету түсінігі.

Аудиториялық сабақ түрлері: практикалық.

Бағдарлама жетекшісі: Есетаева А.М., Иргизбаева К.Б.

 

Мәдениеттану /Культурология / Сulture study/ – 3 кредит

Пререквизиттер: Философия, саясаттану, әлеуметтану.

Курстың қысқаша мазмұны: Мәдениет түсінігі және мәні. Мәдениет-адамның әлемі ретінде. Мәдениет формалары: өнер, дін, мораль, ғылым, құқық, саясат. Мәдениет және өркениет. Көшпенділердің архаикалық мәдениеті. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер типі. Антикалық мәдениеттің типі ретінде. Ортағасырлық мәдениеттің исламдық типі. Ортағасырлық қазақ мәдениеті. Христиандық мәдениет типінің даму кезеңдері және қайнар көзі.  Орыс мәдениеті мәдениеттің православты типі ретінде. ХҮІІІ-ХХ ғғ. Аралығындағы қазақ мәдениеті. Қазіргі мәдениеттің жалпы сипаты. Қазіргі әлемдік процестер контекстіндегі қазақ мәдениеті. Суверенді Қазақстанның мәдени саясаты.

Постреквизиттер:  Тарихи өлкетану

Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық.

Бағдарлама жетекшісі:  Касымсейтова С.А.

 

Әлем мәдениетінің тарихы /  История мировой культуры / History of world culture  / – 3 кредит

Пререквизиттер: Әлемдік өркениеттер тарихы

Курстың қысқаша мазмұны: Білім беру процесіндегі әлемдік мәдениет тарихы студенттердң адамзаттың мәдениет саласындағы жетістіктері, олардың мәдениетті қалыптастыру, даму заңдылықтарын игеруі, әлемдік мәдениет құныдылықтарындағы жетістіктеріне ұмтылудағы сипатын білуге бағыттау.

Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық.

Бағдарлама жетекшісі:  Ибраев Е.Е.

 

Педагогика және  жас ерекшелік психологиясы / Педагогика и возростная психология / Pedagogics and Developmental psychology  – 3 кредит

Пререквизиттер:  Орта ғасырлар тарихы.

Курстың қысқаша мазмұны: Дамудың негізгі түсініктері мен сұрақтары. Жасты анықтау. Жас бойынша даму кезеңдері. Жас кезіндегі даму ерекшелігі. Ерте жастағы таным мен әдеп. Мектепке дейінгі жастағы таным процестері. Жасөспірім жастағы даму мен қалыптары. Тұлға дамуындағы әлеуметтік факторлар. Қатынас және оның тұлғаның дамуына әсері. Осы жастағы балалардың жетістіктері. Баланың сөйлеу кезеңдері, қалыптасуы. Байланыс сөйлеу тілінің дамуы. Тұлғалық қасиеттердің және психологиялық қайта дамудың қалыптасуы. Қатынас нормасы, меңгеру.  Өзіндік қалыптасу, мотивация. Жасөспірім кезеңдегі тұлғалық жағдайлар. Жасөспірімдердің  психикалық даму жетістіктері. Ерте жаста тұлғалық өзіндік анықтау және дүниетанымы. Кәрілік шақтағы психологиялық ерекшеліктер. Педагогикалық қызмет психологиясы және мұғалім тұлғасы. Педагогикалық баға психологиясы.

Аудиториялық сабақ түрлері: практикалық.

Бағдарлама жетекшісі: Беркенова Г.С

 

Деректану/ Источниковедение / Stude of soursces – 3 кредит

Пререквизиттер: тарих, тарихнама

Курстың қысқаша мазмұны: Деректану, тарихнамамен қатар, келешек тарихшы мамандардың теориялық-методологиялық және арнайы  дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пәндер санатына қосылады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының  өзіндік ерекшілігімен туындайды: тарих объектісі – «қоғамның өткеніні» - тарихшы тікілей зерттей алмайды, ол тек тарих ғылымының тікілей зерттеу объектісі болып табылатын тарихи деректер арқылы ғана көңіл аударған қолданбалы деректану қалыптасты.

Аудиториялық сабақ түрлері: практикалық.

Бағдарлама жетекшісі: Орынбаева К.Е.

 

Түркі халықтарының тарихы / История тюркских народов/ History of the Turkic Peoples – 3 кредит

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы

Курстың қысқаша мазмұны: Ежелгі түрік елі, түрік жұртыны тарихи тамырын тереңнен алатын бейне бір бәйтерек іспетті. Егемендікке қол жеткізгенге дейін түрік халықтарының тарихы, негізінен, біртүтас қарастырылмады. Қазіргі уақытта түрік  халықтарының тарихына түрік халықтарымен қатар қөрші мемлекеттер, Батыс Европадағы шығыстану орталықтарының зертеушілері де қызығушылық білдіруде.

Постреквизиттер: Қазақ диаспорасының тарихы

Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық.

Бағдарлама жетекшісі:  Кусаинов Г.Б.

 

Қазақстанның қазіргі заман тарихы  / Новейшая история Казахстана  / Contemporary history of  Kazakhstan– 3 кредит

Пререквизиты: Қазақстан тарихы

Курстың қысқаша мазмұны: Қазақстаның қазіргі заман тарихы курсы және оның міндеттері. Қазақстаның қазіргі заман тарихы Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі. Қазіргі заман тарихының деректері және олардың ерешеліктері. Курстың тарихнамасы. Қазіргі заман тарихының  кезеңдері. Қазақстаның қазіргі заман тарихын оқытуда жаңа концептуалдық көзқарастардың қолданылуы. Қазіргі кезеңдегі тарихи процесстерді зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Объективтілік. Тарихилылық.

Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық.

Бағдарлама жетекшісі:  Нурушева Г.К.

 

Шет елдер тарихының тарихнамасы / Историография истории зарубежных стран  / Historiograpy of the History of foreing Countries– 2 кредит

Пререквизиттер: Деректану, ежелгі дүние тарихы

Курстың қысқаша мазмұны: Шетелдер ың тарихнамасы тарихшы-студентерді оқыту барысында негізгі элемент болып табылады. Тарихты зерттеу әдістерінің дамыумен, тарихшылардың алдында  жалпы тарихи үрдесте өз халқының орнын аңықтау проблемасы тұрды. Осыған байлынысты, көрші халықтардың ортағасырлық тарихы түпкілікті зерттеле бастады. Ақыр аяғында дүние жүзі халықтарының тарихи даму процессінің заңдылықтарын іздеу әдісі қалыптасты. Шетелдік тарихнаманы оқыған кезде студент ежелгі дүние мен орта ғасырдан бастап Еуропаның тарихи ғылымының генезисін және ары қарайға дамуын көре  алады.

Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық.

Бағдарлама жетекшісі:  Орынбаева К.Е.

Кәсіби пәндер

Қосалқы пәндер/ Вспомогательные исторические дисциплины  /  Auxiliary historical science – 3 кредит

Пререквизитттер: Ежелгі дүние тарихы

Курстың қысқаша мазмұны: Тарих ғылымы өз нәтижелерін тарихи дерек арқылы түйіндейді. Тарихи дерек түрлі сан-алуан. Осы деректерді сынау үшін қосалқы тарихи пәндердің ғылыми әдістері қолданылады.

Қосалқы тарихи пәндерді оқытудың мақсаты-белгілі бір тарихи деректерді сынау үшін арнайы методика мен техникалық әдістерді қолдана отырып, зерттеуге үйретеді. Қосалқы тарихи пәндер Отандық тарихқа қатысты мәселелерді сараулауға бағытталған.

Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық.

Бағдарлама жетекшісі:  Нурушева Г.К.

 

Мұрағаттану / Архивоведение /  Arhives – 2 кредит

Пререквизиттер: Деректер, қосалқы пәндер

Курстың қысқаша мазмұны: Қазіргі таңда технократиялық ойлау күшейіп қарқын алуда. Осы түста қоғамдық сала өкілдері қоғам мен мемлекеттің адамзатты өткенің алдында сақтап қалу жауапкершілігіне ерекше мән беруде. Мүндай қажеттілікті болащақта басқа сала өкілдерімен қатар үлкен сүранысқа ие бола алатын мүрагатшы да қанағаттандыра алады. Тарихшы тәрізді ол да тек өзіңді ғана емес, өткенінің де, бүгин мен болашақтың да бар болмысын танып білуге көмектеседі.

Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық.

Бағдарлама жетекшісі:  Орынбаева К.Е.

 

Тарихи процесс және таным теориясы  /  Теория исторического процесса и исторического познания / Theory of Historical Process and  Historical  Knowledge – 3 кредит

Пререквизиты: Философия, деректану, тарихнама

Курстың қысқаша мазмұны: «Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы»- ьакалавриат жүйесінде тарихшы мамандар дайындаудың кредиттік технологиясына негізделген жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандарт бойынша жаңадан еңгізілген пән. Аталған пәннің ерекшелегі – ол студенттің алғашқы курстардағы барлық іргелі тарихи және гумантарлық пәндерден алған біліміне негізделеді және оларды қорытындылайды. «Тарих үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні тарих ғылымының концептуальдық принциптерін негіздейді. Соңғы  жылдардағы тарих ғылымындағы зерттеушілік бағдарлар мен методологиялық приориттердің өзгеруі тарихи таным және тарихи үрдіс теориясы туралы түсініктерде де өзгерістер туралы түсініктерде де өзгерістер туғызды.

Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық.

Бағдарлама жетекшісі:  Ералина А.Е.

 

Тарихты оқыту әдістемесі  / Методика преподавания истории  / Methods of History teaching  - 4 кредит

Пререквизиттер : Педагогика,психология

Курстың қысқаша мазмұны: Тарихты оқыту әдістемесі  пәні жоғары оқу орны дайындығының бірінші сатысына «бакалавриат» бағыты бойынша дайындалатын студенттердің педагогикалық мамандығын айқындайды. Тарихты оқыту әдістемесінің іргелі мәселелерін, жалпы және арнайы үғымдарын, оқыту процессінде әртүрлі әдістемелік тәсілдерін тану, тарихты оқыту барысындағы заңдылықтарын,оның тиімділігін, жас ереккшіліктеріне байлынысты оқыту негізінде практикалық дағдыларын, тарихи пәндердің мақсатын, мазмұнын және оқыту әдісін қарастырады

Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық.

Бағдарлама жетекшісі:  Орынбаева К.Е.

Тарихы ғылымының методологиясы / Методология исторической науки/ Methodology of Historical Science – 3 кредит

Пререквизиттер: Философия, әлеуметтану, саясаттану.

Курстың қысқаша мазмұны: Әдіс және әдіснама. әдістерді сатылау. Бақылау. Салыстыру. Бейнелеу. Формализациялау. Аксиоматикалық әдіс. Гипотетико – дедуктивті әдіс. Жалпыдан нақтылыққа. Талдау. Хабарлау. Идеализация. Индукция. Үлгілеу. Жүйелік. Ықтималдық-статистикалық әдіс. Интроспекция. Эмпатия. Құжаттарды талдау. Герменевтика. Эпистемология. Монографиялық әдіс. Биографиялық әдіс. Тарихи-әлеуметтік әдіс. Палеографиялық әдіс. Хронологиялық әдіс. Статистикалық әдіс. Философиялық әдіс.

Аудиториялық сабақ түрлері: дәріс, практикалық.

Бағдарлама жетекшісі:  Ералина А.Е.

Мұражай ісі  / Музейное дело /  Museology  - 3 кредит

Пререквизиттер: Мұрағаттану

Курстың қысқаша мазмұны: Мұаражайтану-ғылыми пән ретінде. Зерттеу әдістері. Мұражайлардың әлеуметтік қызметі. Мұражай ісі тарихы, мұражай қоры және оларды сақтау. Мұражайдың кешенді қоры, экспонаттар. Қазақстан Республикасындағы мұражай ісі, дамуы. Қазақстанның тәуелсіздік алуы-мұражай мен мұражай ісінің дамуына серпін берді. Қазақстанның тарихи ескерткіштерін мұражайландыру. ҚР Бірінші Президентінің мұражайы. Түркістан қаласының тарихының мұражайы. ҚР Ұлттық мұражайы.

 Постреквизиттер: тарихи өлкетану.

 Аудиториялық сабақ түрлері:  практикалық

Бағдарлама жетекшісі:  Орынбаева К.Е.

 

Қазақ диаспорасының тарихы/  История казахской диаспоры/ History of the Kazakh diaspora – 3 кредит

Пререквизиттер: Этнология.

Курстың қысқаша мазмұны: Мақсаты мен міндеттері. Қазақ диаспорасы, миграция теориясы. Қазақ ирреденттерінің қалыптасуындағы тарихи процесс. Қазақ ирреденттері мен диаспорасының қалыптасу процесінің жағдайы мен себептері. Диаспоралардың идеолгиялық, әлеуметтік, саяси және экономикалық түбірі. Қазіргі кезеңдегі эволюциясы. Қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы. Қазақ диаспорасын зерттеу. ХХ ғ. тарихи оқиғалар. Қазақтардың эммиграциясының себептері, мәселелері. ХХ ғ. ІІ жарт. қазақ диаспорасының еңбек миграциясы. Қазақ диаспорасының қазіргі дамуы. Қазақтарды тарихи Отандарына қайтару процесі.

Аудиториялық сабақ түрлері: практикалық.

Бағдарлама жетекшісі:  Нурсеитов Б.Н.

 

Еуропа және Америка,  Азия және Африканың жаңа және қазіргі  заман тарихы / Новая и новейшая история Европы и Америки, Азии и Африки  / Modern and Comtempory History of Europa and America, Asia and Africa– 3 кредит

Пререквизиттер:

Курстың қысқаша мазмұны:  Еуропа және Америка, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихының типтік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының кұрамдас бөлігі болып табылады.  Курстың мақсаты экономикалық, әлеуметтік, саяси идеологиялық шамадағы біршама қиын тарихи нысаларды, сондай ақ ментальдық және мәдени конспектігі саяс, экономикалық және саяси әлеуметтік ойлардың негізгі бағыттарын қарастыру.

Аудиториялық сабақтар түрлері: практикалық

Бағдарлама жетекшілері: Кусаинов Г.Б. Ерменбаева Г.К.

 

Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы /  История духовной культуры казахского народа / History of spiritual culture of the Kazakh people– 3 кредит

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы.

Курстың қысқаша мазмұны:  Тарих факультетінің студенттері ушін «Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы»  атты жаңа жалпы курсты дайындау және енгізу, жалпы тарихы контексте ұлттық мадениет мәселелерин терең зерттеу, пәнаралық интеграция, гуманизация бағытындағы тарихты оқытудың университеттік жүйесін жетілдірудің объективті пісіп жетілген қажеттіліктерінен туындады. Курстың мақсаты студенттерге қазақ халқының рухани мәдениетінің күндылықты-мәндік мазмұны мен тарихилиғын, бай мұралардын мағынасын, өркениеттік теория тұрғысынан халықтардың мәдени дамуындғы заңдылықтар мен бағыттарды, мәдени жетілу мен трансформацияның маңызын ашып көрсету

Аудиториялық сабақтар түрлері: практикалық

Бағдарлама жетекшілері: Нурушева Г.К.

Тарихи өлкетану / Историческое краеведение  / Historical ethograhy– 3 кредит

Пререквизиттер: Археология, этнография, тарих

Курстың қысқаша мазмұны:  Туған өлкенің табиғаты мен мәдениетін, тарихи ескерткіштерін қорғау, үйрету. Өлкетану-әлемджі тануға жол. өлкетанудың археологиямен байланысы, әдістері. Ескерткіштерді қорғау. Мектепте археологиялық материалдарды қолдану. өлкетанушының жұмыс әдісі. Этнографиялық материалдар. Этнографиялық мекемелер және шығарылымдар. Пәннің терминологиясы. Ономастика,  фольклор жинау. Оқыту жұмысында өлкетану. Тарих сабағында өлкетану. Тарихи ескерткіштерді қорғау заңдары.

Аудиториялық сабақтар түрлері: практикалық

Бағдарлама жетекшілері:Ералина А.Е.

 

 


PDF