Білім алушырды оқудан шығару
Білім алушы университеттен келесі себептермен оқудан шығарылуы мүмкін:
- өз еркі бойынша;
- ақылы оқу жөніндегі келісім –шарт талаптарын орындамағаны үшін;
- басқа оқу орынына ауысуына байланысты;
- қорытынды аттестацияда «қанағаттанарлықсыз» баға алғаны үшін;
- қорытынды мемлекеттік аттестацияға келмегені үшін;;
- мемлекеттік қорытынды аттестацияға жіберілмегендігі үшін;
- қайтыс болуына байланысты;
- университет жарғысын бұзғаны үшін;
- ішкі Ережелерді бұзғаны үшін.
Білім алушы ішкі Ережелерді бұзғаны үшін оқудан шығарылады егер:
- күндізгі оқу нысанының білім алушысы академиялық кезеңнің басынан бастап 1 ай көлемінде себебін дәлелдейтін құжаттары болмай сабаққа кіріспегені үшін;
- сабаққа қатысуға бақылау жүргізу қорытындысы бойынша күндізгі оқу нысанының білім алушысы 50% және одан да көп дәлелсіз сабақ қалдырғаны үшін;
- күндізгі оқу нысанында білім алушы ішкі семестрлік аттестация қорытындысы бойынша жартысынан көп пәндер бойынша аттестацияланбағаны үшін;
- емтихан сессиясы қорытындысы бойынша күндізгі оқу нысанында білім алушының жартысынан көп пәндер бойынша академиялық қарыздары болғаны үшін;
- сырттай оқу нысаны бойынша білім алушы оқу – емтихандық (емтихандық) сессияға себебін дәлелдейтін құжаттарынсыз катыса алмай,12 кредиттен жоғары академиялық қарызға әкеліп душар еткен жағдайда;
- білім алушы студенттің/магистранттың жеке оқу жоспарын белгіленген уақытта рәсімдемегені үшін;
- білім алушы академиялық демалыстан белгіленген уақытта шықпағаны үшін;
- басқа оқу орнынан ауысқан немесе басқа оқу орнында оқығаннан кейін қайта қабылданған жағдайда 2 ай мерзімінде білім алушының жеке құжаты тапсырылмаса немесе жеке –іс құжаттарында аса керекті( бастапқы білім жөніндегі құжат-аттестат, диплом, ҰБТ немесе КТ өткендігі жөніндегі куәлік, академиялық анықтама ) құжаттар тапсырылмаса;
- білім алушы адамгершілікке жатпайтын қылық жасаса немесе ректордың бұйрығын, басқа да білім алушының мінез –құлқын реттейтін нормативтік актілерді (арақ-шарап ішу, нашақорлық заттарын қолдану,шылым шегу,университет маңайында мас күйде жүру, жатаханада тұру ережелерін бұзу, университеттің материалдық –техникалық базасына нұқсан келтіру т.б.) бұзса.