Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ішкі академиялық икемділік

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ішкі академиялық икемділікті дамыту шеңберінде Қазақ ұлттық аграрлық университетімен (Алматы қ.),
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен (Астана қ.), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетімен, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетімен және тағы да басқа республиканың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қарым қатынаста.

 

 

Білім алушылардың академиялық икемділігі студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша, тағлымнаманы, зерттеу практикасын өту, жазғы семестрге қатысу жоғары оқу орындарының білім беру қызметі саласында аралық келісім-шарттар аясындағы ынтымақтастықта жүзеге асырылады.

 

 

Егер Сіз біздің университетке оқуға келуге үмітіңіз болса, онда Сізге бір жылға немесе бір семестрге оқуға келуіңізге болады, оқу мерзімі аяқталғанда сіз әры қарай өзіңіздің жоғары оқу орныңызға ораласыз. Қазір бұл шындық және ауқымды практика жүзінде жүзеге асырылып жатыр. Сізге А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ сайтына кіріп мамандықтардың тізімімен, академиялық күнтізбелерімен және оқу жоспарларымен танысу керек. Содан сон Сізге біздің академиялық икемділігімен айналасатын координатормен байланусу керек. Академиялық икемділік бойынша координатор барлық рәсімдерді орындайды және Сізге біздің университетте оқуға мүмкіндігіңіздің бар екенін хабарлайды.    

 

ҚМУ академиялық икемділікке қатысуы жөнінде көптеген мысалдарды келтіруге болады.

 

ҚМУ «Ветеринарлық медицина» және «Ветеринарлық санитария» мамандықтарының 4 курс студенттерінің Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқуы (Алматы қ.):  Аубакиров Г.Т., Баймұханов Б.М., Қыдырбаев У.А., Медеубекова А.Б., Тастемиров Б.И., Алимова Г.Н., Махметов С.У., Нурышов С.С.

 

 

 

 

 

Басқа жоғары оқу орндары студенттерінің ҚМУ оқуы:

 

  • С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері Исмагулов Ж.Б., Тасым А.М. (5В080600-Аграрлық техника және технология мамандығы, орыс бөлімі, 2 курс), Утекеева Д.Т. (050509-Қаржы мамандығы, 3 курс);
  • Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері Атапкелова Н.А., Кусаинова А.А., Кабдушева А.Е., Рахметова К.М. (050728-Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығы, 3 курс), Асканова М.Е., Искалиева Н.С. (050727-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы, 2 курс);
  • Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенті Ақынова С.С. (050713-Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығы, 4 курс) және т.б.

 

Бірлескен білім беру бағдарламасы және байланысты сабақ кестелері бойынша студенттерге білім берудің академиялық икемділігінің осындай формасы практикамызда бар. Бұл жағдайда студенттер бірқатар пәндерді бір жоғары оқу орнында, ал бірқатарын келесі жоғары оқу орнында оқиды. Мысалы, 2010-2011 оқу жылында бірінші курстың 35 студенті А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ және М.Дулатов атындағы ҚинЭУ оқуды осындай үлгіде оқыды.


PDF