Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Erasmus+ бағдарламасы бойынша ҚМУ студенттері шетелде

Бiздiң университетiмiзде жыл сайын академикалық жинақылыққа қатысу байқауы өтедi. Студенттерге бірінші немесе екінші семестрлер ішінде шетелде оқу мүмкіндік беріледі. Сайысқа қатысу үшін жоғары үлгеріммен ағылшын тілін жетік білетін бакалавриаттың 2-4 курс студенті немесе магистрант болу керек. Іріктеу кезеңіне келіп, Еуропалық одағымен қаржыландыратын ERASMUS+ бағдарламаның қатысушылары болатынымызды елестете алмаппыз. ERASMUS+ бағдарламасының шеңберінде А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Чехияның Острава университетімен арнайы шарт жасалды. 

Сәті түсіп, біз Острава университетінің студенттер ретінде Острава қаласында 3 ай өткіздік. Острава университеті гуманитарлық мамандықтар алуға зор мүмкіншіліктер береді. 

Американистика мен англистика, социология кафедраларының ұстаздары ақ пейілді қабылдау көрсетіп, жолдастық қалыпты ұйымдастырды.

Академикалық жинақылық қабылдайтын және де жіберетін университеттерімен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

ERASMUS+ бағдарламасының үйлестірушілерінің Острава университетінен - Витезслав Вилимектің және  Қостанай Мемлекеттік Университетінен Әсел Сарбасованың жоғары дайындық дәрежесін атауымыз керек. Біздің ERASMUS+ бағдарлама арқылы Еуропада оқу берілген мүмкіндік үшін Острава университетіне және Қостанай мемлекеттік университетіне алғыстарымыз шексіз.

 

Айгерім Абдырғалиева, Тарих және құқық факультетінің Аймақтану мамандығының 3 курс студенті;

 

Регина Букреева, Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің Шетел филологиясы мамандығының 1 оқу жылы магистранты;

 

Зарина Досмухамедова, Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің Психология және педагогика мамандығының 1 оқу жылы магистранты.


PDF