Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Блог приемной комиссии

Құрметті талапкерлер!

 

Біздің интернет-қабылдауға қош келдіңіздер! Бұл жерде сіздер Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне оқуға түсу туралы сұрақтарыңызды қойып оған жауап ала-аласыздар.

 

  • Алдын ала біздің университетке қабылдаудың ерекшеліктерімен танысыңыздар (барлық мамандықтар туралы, оқуға түсуге қажетті құжаттар, қабылдау емтихандарының тізімі және тағыда басқа ақпараттарды осы жерден табасыздар).
  • Сұрақ қойар алдында, «Жиі қойылатын сұрақтар» атты рубрикамызбен және талапкерлердің бұрын қойған сұрақтарына берілген жауаптармен танысыңыздар. Мүмкін сіздің қойамын деп отырған сұрағыңызға жауап берілген шығар.

 

Егер Сіз қызығушылық танытып отырған сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз, онда қорықпай сұрақ қойыңыз.

Біз Сіздің дұрыс таңдау жасауыңызға көмектесуге қуаныштымыз!

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз

Хабарламалар

Өтініш жазудың ережелері мен этика нормаларына сәйкес модерациялануы мүмкін, тек содан кейін ғана, бірақ онымен ғана шектелмей, келесі түзетулер енгізгеннен кейін басылады:  

  • Абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне, немесе диффимация мақсатында қолданылатын, құрамында жала жабу, қорлайтын сипаттағы небір мәліметтер өтініштер мәтінінен алынып тасталуы мүмкін.

 

  • Өтініш мәтіні құрамынан әлеуметтік, нәсілдік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздықты қоздыруға, ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін, азаматтардың  діни сезімдерін қорлауға, құрамында конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және Республиканың аумақтық тұтастығын бұзуға, халықтың өмірінің қауіпсіздігіне, денсаулығына, адамгершілігіне қауіп-қатер туғызатын шақырулар бар, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттайтын немесе үгіттейтін, тегіне қарай, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, нанымына қарап кемсітушілікке жол беретін мәліметтер алынып тасталынады.

 

  • Әдетте, өтінішті модерациялауға және аралық жауапты дайындауға біраз уақыт кеетіні сөзсіз. Сондықтан қайталанған (қайталанатын) өтініштер, немесе өтініштің ағымды жағдайдағы модерациясын, бұрын берілген өтініштердің жарияланбау себебін анықтайтын өтініштер жарияланбайды.  

 

Жедел шешуді талап ететін (шұғыл сипаттағы сұрақтар), әсіресе жұмыстан тыс уақытта берілген өтініштерге  әрекет ету мерзімі бойынша түскен наразылықтар қабылданбайды.

Сіздердің өтініштеріңіз дербес сипатты, әр адамның - облыс тұрғынының мәселесіне қатысты және субъективті пікірі болатындықтан, әрі қарай «қонақ», «аноним», «жақсылық тілеуші», «бір топ жолдастар», «ауыл тұрғыны» және тағы басқалар сияқты никтарды қолдануға болмайды.

Блогті хабарландыру тақтасына айналдыруға, үшінші адамдармен мәселелелерді талқылауға, белгілі бір адамға арналған бейресми сипаттағы хабарларды жіберуге арналған құрал ретінде пайдалануға болмайды.    

Олай болмаған жағдайда, бұл сұрақтар мен сілтемелерді модератор жояды. Блог-алаңшаға түсетін өтініштердің авторлары туралы ақпарат қатаң түрдегі құпия сипатты.

Блог ережелерімен келісемін      

1