Оқу бағдарламасын таңдау
-
ҚР "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелер" Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес магистратурада алдыңғы білім беру деңгейінде игерілген кредиттерді есепке алатын жинақтаушы кредиттік жүйе жұмыс істейді. Осыған сәйкес магистратураның кез келген оқу бағдарламасына қабылдау пререквизиттерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
-
Магистратураның тиісті оқу бағдарламасын меңгеру үшін қажетті пререквизиттер тізбесін ЖОО өзі анықтайды. Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды магистратураға қабылданғанға дейін ақылы негізде игеруге рұқсат етіледі.
-
Магистратурада оқу мерзімі алдыңғы білім беру бағдарламасының бейінінің магистратура оқу бағдарламасының бейініне сәйкес келуіне және пререквизиттерінің болуына байланысты университетпен дербес белгіленеді, бірақ: ғылыми және педагогикалық бағыт үшін 2 жылдан кем емес; бейіндік бағыт үшін кемінде 1-1, 5 жыл.
-
Магистратураға қабылданғанға дейін кафедра бакалавриатта оқыған пәндердің тізбесін университетте бекітілген әр нақты магистратура оқу бағдарламасына қажетті пререквизиттер тізбесімен салыстыру арқылы әр талапкер үшін өзінің академиялық айырмашылығын – осы талапкер магистратураға қабылданғанға дейін меңгеруі тиіс пререквизиттер тізбесін анықтайды.
ҚМУ магистратура оқу бағдарламалары
№ |
Шифр |
Атауы |
Оқу мерзімі (жыл) |
|
Бейіндік магистратура |
Ғылыми-педагогикалық магистратура |
|||
1 |
6М010300 |
Педагогика және психология |
1 |
2 |
2 |
6М020300 |
Тарих |
1 |
2 |
3 |
6М020500 |
Филология |
1 |
2 |
4 |
6М020700 |
Аударма ісі |
- |
2 |
5 |
6М021000 |
Шетел филологиясы |
- |
2 |
6 |
6М030100 |
Юриспруденция |
1 |
2 |
7 |
6М050400 |
Журналистика |
1 |
2 |
8 |
6М050600 |
Экономика |
1 |
2 |
9 |
6М050700 |
Менеджмент |
1 |
2 |
10 |
6М050800 |
Есеп және аудит |
1 |
2 |
11 | 6М050900 | Қаржы | 1 | 2 |
12 | 6М051000 | Мемлекеттік және жергілікті басқару | 1 | 2 |
13 | 6М051100 | Маркетинг | 1 | 2 |
14 | 6М060100 | Математика | 1 | 2 |
15 |
6М060200 |
Информатика |
1 |
2 |
16 |
6М060400 |
Физика |
1 |
2 |
17 |
6М060600 |
Химия |
1 |
2 |
18 |
6М060700 |
Биология |
1 |
2 |
19 |
6М070300 |
Ақпараттық жүйелер |
1 |
2 |
20 |
6М070400 |
Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету |
1 |
2 |
21 |
6М071800 |
Электроэнергетика |
1 |
2 |
22 |
6М072400 |
Технологиялық машиналар және жабдықтар |
1 |
2 |
23 |
6М080100 |
Агрономия |
1 |
2 |
24 |
6М080200 |
Мал шаруашылығының өнімдерін өндіру технологиясы |
1 |
2 |
25 |
6М080600 |
Аграрлық техника және технология |
1 |
2 |
26 |
6М091100 |
Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару |
1 |
2 |
27 |
6М120100 |
Ветеринарлық медицина |
- |
2 |
28 |
6М120200 |
Ветеринарлық санитария |
- |
2 |
Белгілеу «жоқ» – оқу жүргізілмейді.