Университетке қабылдау тәртібі
- Магистратурада оқу күндізгі нысан арқылы ғана жүргізіледі.
- Оқыту үрдісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Көп тілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында 6М091100-Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
- Магистратураға жоғары білім бар тұлғалар қабылданады.
- Университетке қабылдау бюджеттік қаржыландыру мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу арқылы, сондай-ақ басқа қаражат көздері кәсіпорын, ұйым, қор есебінен немесе азаматтардың өз қаражатынан оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік білім гранттары бойынша, сондай-ақ мақсатты дайындық бойынша оқу үшін өтініштерді магистрлерді дайындайтын жоо-да қабылдайды.
- ЖОО магистратурасына азаматтарды қабылдау емтиханның (кешенді тестілеу) қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
- Магистратураға түсушілердің өтінішін қабылдау шілденің 3-нен бастап 25-ші шілдеге дейін жүргізіледі.
- Магистратураға қабылдау емтиханы (кешенді тестілеу) 8 тамыздан 16 тамызға дейін жүргізіледі.
- Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының технологиясы бойынша бланктік тестілеу әдісімен өткізілетін магистратураға түсуші үміткерлер шетел тілі (ағылшын, неміс, француз) тестінен, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша тестінен, оқуға дайындығын анықтау тестінен тұратын білім беру бағдарламаларының топтары бойынша кешенді тестілеуді тапсырады.
- Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу қабылдау емтиханның (кешенді тестілеу) қорытындысы бойынша жоғары балл алған тұлғалар қабылданады: ғылыми және педагогикалық магистратура бойынша 100 баллдан кем емес; бейіндік магистратура бойынша кемінде 80 балл.
- Қабылдау емтиханын (кешенді тестілеу) сәтті тапсырған, бірақ конкурс бойынша мемлекеттік білім беру гранттарына өтпеген тұлғалар келісімді (ақылы) негізде магистранттар қатарына қабылданады.
- Магистратураға қабылдау емтиханы (кешенді тестілеу) бойынша: бейіндік, ғылыми және педагогикалық магистратура үшін кемінде 75 балл, оның ішінде шет тілі бойынша кемінде 25 балл, білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен - кемінде 15 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен - кемінде 20 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша - кемінде 15 балл жинаған тұлғалар шарт (ақылы) негізінде қабылданады.
- Магистратураға 28 тамызға дейін қабылданады.
Талапкер күнтізбесі
|
№ |
Қабылдау комиссиясының жұмыс істеу кезеңдері |
Мерзімі |
1 |
Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау
|
шілденің 3-нен 25 шілдеге дейін |
|
2 |
Қабылдау емтиханы (кешенді тестілеу) |
тамыздын 8-нен 16 тамызға дейін
|
|
3 |
Магистратураға қабылдау
|
28 тамызға дейін |