Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жиі қойылатын сұрақтар

 

Құрметті талапкерлер!

 

 

«Сұрақ жауап» айдарында біз, жоғары оқу орнына түсу кезіндегі талапкерлердің  жиі қоятын сұрақтары мен олардың  жауаптарың тізімін береміз. Басқа да қойғыңыз келген сұрақтарға жауапты сіз:  «Магистратура» бөлімінде берілген ақпараттан таба аласыз немесе жоғары оқу орындары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелеріне қабылдау ережелерін мұқият оқып шығыңыз. Ережелерге сілтемелер бөлімде берілген. Егер сіз де сұрақтарыңызға жауап таба алмасаңыз А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз. Байланыс телефондары бөлімде көрсетілген.

 

 

 


 

 

А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистратурасына қандай азаматтар қабылданады?

 

А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистратурасына жоғары білімнің  кәсіби оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.


 

 

- А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистратурасына түсу  үшін қандай емтихандар тапсыру керек ?

 

Магистратураға  түсуші  келесі түсу емтихандарын тапсырады:

  1) бір шет тілі бойынша (ағылшын, француз, неміс);

  2) мамандық бойынша.


 

 

Шет тілінең түсу емтиханының  өту  тәртібі қандай ?

 

Шет тілі бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология әдісі бойынша тапсырылады.


 

  

Магистратураға түсуші талапкерлердің қай деңгейін  шет  тілі  емтихандарынан босатылады ?

 

Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шекті балл - кемінде 560), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6.0), Grundbaustein DaF (шекті балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл - С 1), Diplome d,Etudes en Langue francaise (DELF, шекті балл - В 2), Diplome Approfonde de Langue arancaise (DALF, шекті балл - С 1) Test de connaisances de francaise (TCF, шекті балл - кемінде 400) бағдарламалары бойынша шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) тест тапсырғандығы туралы расталған сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға  түсу кезінде шет тілінен түсу емтихандарынан босатылады.

 


 

 

- Магистратураға түсу тәртібі қандай?

 1) Шілденің 03-нен 31-не дейін келесі құжаттарды тапсыру керек; 2) 10-15 тамызда шетел тілінен тест тапсыруға рұқсат қағаз беріледі (күні, аудиторияның орны мен нөмірі белгіленген); 3) 10-15 тамыз аралығында шетел тілінен тест тапсырылады; 4) 16-20 тамыз аралығында мамандық бойынша ауызша емтихан; 5) 28 тамызына дейін – магистратураға қабылдау

 

  

Былтырғы жылы  менің ұлым шет тілінең түсу  емтиханың тапсырған нәтижесі – 49 бал болды. Осығаң орай  менің ұлымның апелляцияға арыз беруіне кұқығы бар  ма ?

 

Түсу емтихандарының қорытындыларымен келіспеген азамат жазбаша түрде апелляциялық өтінішті  апелляция келесі күннің  сағат 13 -ке дейін  қабылданады.


 

 

Былтырғы жылы магистратураның « Ветеринариялық медицина» мамандығына түскенде өкінішке  орай мең  грантқа түсе алмадым,  бірақ менімен бірге түскен кейбір азаматтар емтихан тапсыру нәтижелері менікімен бірдей болса  да олар грантқа өтті.  Осыған байланысты   магистратураға түсудің арнайы тәртібі  бар  ма ?

 

 Конкурстық баллдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда мамандық бойынша, шет тілі бойынша ең жоғары баға алған азаматтар қабылдау кезінде басым құқыққа ие болады. Содан кейін таңдалған бейінге сәйкес ғылыми жетістіктері ескеріледі.

 


 

 

-Менің апам Ақмола облысында жұмыс істейді, құжаттарын А. Байтурсынов атындағы мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясына тапсырғанда еңбек кітапшасының көшірмесіз қабылдамаған,  тез  барып келуге жақын орналасқан жер емес қой. Осыған орай еңбек кітапшасының көшірмесін міндетті түрде тапсыру керек  пе ?

 

 Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі 2012 ж. 19 қаңтар №109 бойынша жұмыс өтілі бар азаматтар міндетті түрде қабылдау комиссиясына еңбек кітапшасының көшірмесін тапсыру кажет.

 

  

- Мен Қостанай мемлекеттік университетін 2011 ж. бітірдім, екінші жоғары білім алғым келеді. Диплом мен қосымшаны үш тілде тапсыру міндетті ме?  

 

 Қазақстан Республикасының ЖОО 2009 жылдан кейін бітіргендер екінші жоғары білім алуға университетке түсу үшін дипломды үш тілде (орысша, қазақша, ағылшынша) толтырылған қосымшамен (транскрипт) тапсыруы тиіс. Қосымшасыз дипломның заң күші жоқ.

 


PDF