Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Өту балы

 

Жалпы ережелер

 

Білім беру гранты ҰБТ- де  және кешенді тестілеуде жинаған балдарының негізінде нақты мамандық бойынша білім алу тіліне, оқыту формасына, абитуриенттің арызда көрсеткен мамандықтардың  реттілігіне сәкес тағайындалады.

 

Білім беру грантын алу  конкурсында  қазақ және орыс тілі (оқу тіліне қарай), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша жинаған балдары есепке алынады.

 

Конкурсқа қатысуы үшін абитуриенттің ҰБТ-да және кешенді тестілеуде жинаған балы 50-ден төмен болмауы тиіс, Білім беру ауылшаруашылығы ғылымдары және ветеринария пәннен60 балл (шығармашылық емтиханнан 5-дан ) кем емес, басқа пәндерден 5балдан кем емес.

 

Таңдау пәні сәйкес келген жағдайда абитуриент арыз парағында төрт мамандық және төрт жоғары оқу орнын көрсете алады (ЖОО-ның кодын көрсетеді).

 

Білім беру грантын тағайындау ережелері

 

Конкурс арызда көрсетілген  барлық мамандықтар бойынша бір мезгілде жүргізіледі. Егер абитуриент бірнеше мамандықтар бойынша грант ұтатын болса, грант арызда көрсетілген реттілік бойынша тағайындалады.

 

Білім беру гранттары бірінші кезекте басым құқығы бар азаматтарға тағайындалады.

 

Кейін білім беру гранты сертификат балы негізінде тағайындалады.

 

Содан соң  білім беру грантын тағайындау ауыл квотасына үмүткер абитуриенттер арасында жүргізіледі.(егер бұл мамандықта ауыл квотасы қарастырылған болса).

 

Жартылай өтпелі бал жағдайы

 

Білім беру грантын тағайындау барысында жартылай өтпелі бал жағдайы болуы мүмкін. Ол нақты мамандық бойынша төмендегідей анықталады:

 

Абитуриенттерді іріктеу әр нақты мамандық бойынша бөлінген грант саны сәйкес жүргізіледі. Мысалы: «Экология » мамандығына (орыс тілінде оқыту бойынша) 2012 жылы 50 грант бөлінді делік. Бұл мамандыққа барлығы 150 арыз берілді, яғни бір орынға 3үміткерден келеді.

 

Барлығы 50 грант бөлінген себепті, үміткерлер тізіміндегі 50-ші абитуриенттің жинаған балы –аталған мамандықтағы  жартылай өтпелі бал болып саналады. Егер мұндай бал жинаған абитуриенттер бірнешеу болса, олардың арасында келесі ережелерге сәкес іріктеу жүргізіледі:

 

-         Білім беру грантын тағайындау  конкурсын өткізу барысында  үміткерлердің балдары тең түсетін болса, грант бірінші кезекте жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және жоғары оқу орнында оқи алатын 1,2 –топтағы  мүгедек балаларға беріледі.

 

 

 

«Белгілі бір мамандық бойынша грантқа өту балы қандай?» деген абитуриенттердің жиі қоятын сұрақтарының бірі.

 

Жоғарыда айтылғандай,  білім беру грантына өту балы білім беру грантын тағайындау конкурсын өткізу барысында, барлық үміткерлердің толық тізімі құрылғаннан кейін белгілі болады. Сондықтан бұл сұраққа алдын ала жауап беру мүмкін емес. Біз тек бағыт беру үшін алдыңғы жылдары белгілі мамандық бойынша грантқа өту  балының қанша болғанын айта аламыз.

 

 

 

__________________________________________________________________________________________________

 

Білім беру грантын тағайындау конкурсында келесі азаматтар басым құқыққа ие бола алады:

 

 

1)    «Алтын белгі»  иегерлері.

 

2)    Халықаралық олимпиада,  жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жарыстардың жеңімпаздары , ремпубликалық және халықаралық орындаушылар байқауы мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары. Сонғы 3 жылда дипломмен  марапатталған жағдайда және олимпиада, жарыс және байқау пәні мамандыққа сәйкес келген жағдайда басым құқыққа ие болады.

 

3)    Білім беру грантын тағайындау  конкурсын өткізу барысында  үміткерлердің балдары тең түсетін болса, басым құқыққа  жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және жоғары оқу орнында оқи алатын 1,2 –топтағы  мүгедек балалар ие болады.

 

Ауыл квотасы ауыл жастары үшін бөлінеді және мамандыққа бөлінген барлық білім беру грантының 30% құрайды. Ауыл квотасы  ауылдың әлеуметтік–экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ғана қатысты болады. (Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің өкімі 14 мамыр 2012 жыл № 211)

 

Ауыл квотасы бойынша білім беру гранты қалай тағайындалады? ҰБТ–ның балына қанша бал қосылады?

 

Біріншіден, ауыл квотасы бойынша грант тағайындалғанда ҰБТ–ның нәтижесіне бал қосылмайды.

 

Қазақстан Республикасының білім беру грантын тағайындау ережелеріне сәкес ауыл квотасы қарастырылған мамандықтар бойынша конкурс төмендегідей жүргізіледі:

 

Барлық гранттың 70%  мамандықтар және оқыту тіліне сәйкес конкурстың жалпы ережелері бойынша тағайындалады. Қалған 30% тек ауыл жастары абитуриенттері арасында жүргізіледі.

 

Сондықтан ауыл квотасы болған жағдайда үміткерлердің санының аздығына байланысты, белгілі мамандық бойынша грант ұту мүмкіндігі артады.

 

Көңіл аударыңыз: ауыл квотасы барлық мамандықтарда  емес, тек ауылды дамыту үшін маңызды мамандықтарда белгіленеді. Ауыл квотасы белгіленген мамандықтар тізімі жыл сайын өзгеріп тұрады. Сонымен қатар ауыл квотасы бойынша диплом алған жағдайда,  жоғры оқу орнын бітірген соң ауылға келіп, «квотаны өтеуге» міндеттелесіз.


PDF