Кітапхана тарихы
Кітапхананың бірінші меңгерушісі Водясова Александра Яковлевна болды, тамаша ұйымдастырушы және ақылды басшы ретінде ол кітапхананы 1948 жылдан 1983 жылға дейін басқарды; 1983 жылдан 1992 жылға дейін кітапханаға Сероженко Евгения Емельяновна басшылық жасады, бұл кісіні кітапхана қызметкерлері және қала кітапханашылары сағынышпен еске алады.
60-шы жылдардағы педагогикалық институттың кітапханасы
Бұл жылдары кітапханада оқырмандар саны 4200 санын құрады, бұларға күндізгі және сырттай бөлімнің студенттері, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы мен қала мұғалімдері енді. Оқырмандарға қызмет жасау топтық әдіспен жүргізілді. 2 топтық абонемент жұмыс жасады: филологиялық – шет тілдері, биологиялық – физико-математикалық факультет. Студенттерге қызмет жасау жұмысы күнара жүргізілді: жұп саны күні – бірінші кезектегі екі факультет, тақ саны күні – келесі екеуі. Кітапхананың оқырмандар залы 120 орынды құрады және таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 10-ға дейін үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істеді. Профессорлық-оқытушылық құрамға арналған оқырмандар залының ашылуы кітапхана мен институт өмірі үшін елеулі оқиға болды Аталған залда оқырмандарға анықтамалық әдебиеттер, кезеңдік басылымдар, сирек кездесетін кітаптар (МГУ сыйлығы) ұсынылды. Кітапхана көпшілік іс-шараларды жүргізді, бұл салада оған комсомол комитеті, институт кафедралары және студенттердің ғылыми қоғамы көмегін берді. Оқырмандар сұранысын қанағаттандыру мен кітап қорын зерттеу мақсатында әр факультетке кітапханашы бекітілді. Институттың бағытына сәйкес газет-журналдардың 200 атауына жазылым жүргізілді.
Қостанай а/ш институтының кітапханасы
Целиноград а/ш институты филиалының Қостанайдағы а/ш институтының кітапханасы 1966 жылы ұйымдастырылды. Кітапхана филиалы Заречный кентінде орналасты, кітапхана арналып 2 бөлме бөлінді. Ұйымдастырушы және бірінші меңгеруші болып Макарова (Елисеева) К.И. тағайындалды, аз уақыттан соң кітапхана штатына Афонченко Л.И. тағайындалды, ол кітапханада 1987 жылға дейін істеді. 1974 жылы штатқа Дымочко А.П. қабылданды, ол сүйікті жұмысына 35 жылдан артық өмірін арнады.
1978 жылы филиал дербес оқу орнының статусына ие болды, бұл кезде кітапхана штаты 9 адамға дейін өскен еді. 1984 жылдан 1988 жылға дейін Полякова Н.С. кітапхана меңгерушісі болды.
Қостанай а/ш институтының кітапханасы 80-ші жылдары
Кітапхана институттың күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің студенттеріне, профессорлық-оқытушылық құрамына, институт қызметкерлеріне қызмет жасады. Кітапхананың кітап қорына жататындар: оқулықтар және оқу құралдары, сонымен бірге курстық және дипломдық жұмысты дайындауға қажетті ғылыми әдебиеттер және т.б., кітап қоры 221951 дананы құрады.
Кітаппен қамту 76 данадан тұрды, зооинженерлік және агрономиялық факультеттерде кітаппен қамту 100 %-ды құрады.
Оқырмандарға қызмет жасау 2 абонементте және 2 оқу залында жүргізілді. Абонементтерде оқырмандармен жұмыс топтық әдіспен жүргізілді. 1 курс студенттері үшін «Мамандыққа кіріспе» курсынан және кітапханалық-библиографиялық білім негізінен сабақтар жүргізілді. Кітапхана кітап көрмелерін ұйымдастырды, Ақпараттар күні, ауызша журналдар, әдеби кештер ұйымдастырылып, әдебиеттерді библиографиялық шолу жұмыстары жүргізілді.
Қостанай а/ш институты кітапханасы қайта құру жылдарында
Қостанай ауыл шаруашылығы институты кітапханасының жұмысы 1985 жылы марксистік-лениндік теорияны, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин еңбектерін, партия мен үкіметтің басшы материалдарын, КПСС-тың 26 съезінің тарихи және КПСС Орталық Коститеті Пленумдарының шешімдерін насихаттау мен КПСС-тың 27 съезі және Қазақстан КП-ның 16 съезінің дайындығына бағытталды.
Кітапхана жұмысы студенттерге қызмет жасау жүйесін жетілдіруге, кітап таңдауда үлкен көмек көрсетуге жұмсалды.
Оқырмандарға қызмет жасау жұмысы 2 абонемент, 2 оқу залдары, марксизм-ленинизм кабинеті, сырттай және дайындық бөлімінің әдістемелік кабинеттері, ОТД кабинеті арқылы іске асырылды.
Кітапханада қызмет етудің 2 түрі пайдаланылды: дифференциалдық және топтық. Топтық әдіспен көбіне семестрге жаппай кітап беру кезінде 1 курс студенттеріне қызмет жасалды. Бұл уақытта кітапхананың кітап қоры 320.097 кітаптар данасын құрады. Бұлар – оқулықтар, ғылыми, анықтамалық және әдеби кітаптар.
Кітапхана қызметкерлері «КСРО-дағы кітапхана ісі жөнінде Ереже» туралы ГОСТ-ты басшылыққа алып жұмыс істеді.
Жұмыста өзге кітапханалардың іс тәжірибесін зерттеуге, алғы шептегі кітапханалардың әдістемесімен таныс болуға аса көңіл бөлінді. Тәжірибе алмасу мақсатымен Қостанай педагогикалық институты мен Рудный индиструалды институтының кітапханаларына қызметкерлер жиі барып тұрды, кітапхана қызметкерлері Алматы қаласына сынақ ісіне барып тұрды, мұнда олар Киров атындағы ҚазМУ-дың, Қазақ ауыл шаруашылық институты, Халық шаруашылығы институты, Республикалық ғылыми ауыл шаруашылығы институты кітапханаларының жұмыстарымен таныс болды.
Кітапханашылар институттың қоғамдық өміріне, көркемөнерпаздар байқауына, спорттық іс-шараларға белсене қатысты. Өзіндік салт-дәстүрлері бар ұйымшыл, еңбек сүйгіш кітапхана ұжымы қалыптасты, сол қалыппен «Кітапханашы ісіне бағыштау» салты орын алды.
Кітапхана 90-шы жылдары
1990 жылдар мемлекетіміз үшін ауыр жылдар болды, қорды жабдықтау мен жинақтау ісі және кезеңдік басылымға жазылу азайды. 1990 жыл мен 2000 жылдар арасында КСХИ кітапханасына келіп түскен жаңа әдебиеттер саны 39166 дананы құрады.
1988 жыл мен 1996 жылдар аралығында КСХИ кітапханасын Овчинникова Л.М. басқарды, ол осы уақытта қызмет көрсету мен кітап қорын сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.
1996 жыл мен 2000 жылдар аралығында кітапхана меңгерушісі қызметін Каибжанова Б.С. атқарды.
1966 жыл – КСХИ-дың 30 жылдығы - институт үшін мерейтой жылы болды. Институттың мерейтойы аясында кітапхана «Они были первыми» атауымен кездесу-кешін өткізді.
Кітапхана 2000-шы жылдары
ҚР үкіметінің 14.02.2000ж. №236 «ҚР ғылым және білім интеграциясы бойынша кейбір шаралар туралы» қаулысына сәйкес Қостанай ауыл шаруашылық институты Қостанай мемлекеттік университетінің құрамына енді. Бұл уақытта КСХИ кітапханасында 14 қызметкер жұмыс істеді, ал университет кітапханасындағы қызметкерлер саны да осылай болды. Бірлестіктік директоры болып Нечипоренко И.И. сайланды.
ҚР үкіметі қаулысының негізінде 2004 жылы ҚМУ құрамынан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты бөлініп шықты. Типтік кітапхананың ғимаратының мекен-жайы: Таран 118 КМПИ-на бөлінді.
Осы заманғы талаптарға жауап беретін кітапхана жасау мүмкіндігі туындай бастады. 2004 жылы универститет басшылығы университеттің бір ғимаратына реконструкция жасап кітапханаға айналдыру жұмысын қолға алды. 2006 жылдың қыркүйек айында кітапхана ұжымы оқырмандарды жаңа орында қабылдады.
Пайдаланушылардың пікірінше кітапхана бейнесі уақыт талабымен қатар компьютер санының ұлғаюы және жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы INTERNET жүйесіне қол жетімді түрде ашық болуы керек. Сонымен қатар, оңды кітапхананың қажетті атрибуттары болып саналады: жаңа әдебиеттердің кең таңдауы, персоналдың біліктілігі, осы заманғы интерьер, жаңа ыңғайлы мебель, жақсы жарықтандыру, тірі гүлдердің жиынтығы, ауаның тазалығы. Мұндай кітапханалардың қатарына заң бойынша осы заманғы ақпараттық білім беру орталығы АБО «Білім орталығы» жатады. 2004 жылдан осы кезге дейін АБО «Білім орталығының» директоры болып - Ержанова Ж.С. жұмыс жасап келеді.
ҒК «Білім орталығы» қазіргі уақытта
Негізгі көрсеткіштер:
Штат – 17 штат бірлігі
Кітап қоры - 718803 дана
Көрсетілетін қызметтер:
-ақпараттық мәдениет бойынша сабақтар өткізу;
-ИИР жүйесі бойынша жеке ақпараттандыру;
-кітапханалық библиографиялық қызмет көрсету;
-индекс анықтамасы УДК, ББК, ГРНТИ;
-бюллетень көрсеткіш тізімімен ұсынымдар дайындау;
-көрмелерді және көрмелерді ұйымдастыру;
-Кафедра күндері, Ақпарат күндері, Бұқаралық іс -шаралар;
-құжаттарды көшірмелеу;
-құжаттарды цифрлау және сканерлеу.
Кәзіргі уақытта бөлімшемізде 4 бөлім: қызмет көрсету және қорды сақтау бөлімі (4 оқу залы 2 абономент), ғылыми библиографиялық, автоматандырылған кітапханалық процесстер, жинақтау, ғылыми және техникалық әдебиеттерді өңдеу бөлімдері жұмыс жасайды. ҒК «Білім орталығында» аумағында -3 абонемент, 1 оқу залы бар. Жертөле қабатында жалпы аумағы 1500 кв.метр қажетті ылғалды температурамен қамтылған кітап қоймасы орналасқан. Студенттерге ыңғайлы болу үшін корпустарда қосымша 3 оқу залы бар оқулықтарга ашық кіріп пайдалану ұсынылған. Университеттің «Білім орталығы» кітапханасы Қостанай облысындағы газеттер мен журналдардың жазылатын саны бойынша алдыңғы қатарда. Табысты және жемісті жұмысты жүзеге асыру үшін ПОҚ мен студенттерге қажеттінің бәрі бар отандық және әлемдік ақпараттық ресурстарға тегін қол жеткізу сондай-ақ дәстүрлі және электрондық тасығыштарды қамтиды. Қазіргі білім беру жүйесі білім беру бағытындағы ресурстардың электрондық жинағы түрінде сенімді ақпараттық іргетассыз мүмкін емес.
Оқырмандардың отандық ресейлік және шетелдік элетрондық ақпараттық ресурстарға рұқсаты бар:«РМЭБ», «КазНЭБ», «ЕАПАТИС», «SCOPUS», «Web of Science», «SpringerLink», «Science Direct».
Жан-жақты генерация ресурстары құрылуда –ЭК «А Байтұрсынов атындағы ҚМУ ПОҚ Еңбектері» (4,7мың.құжат.), сонымен қатар электронды кітапхана, АБИС «Ирбис» шеңберінде жұмыс істейтін (4мың құжат)
Пайдаланушылардың қызметтеріне кітапхананың электронды катологы 125 мыңнан астам жазба ұсынылған. Кітапхананың электрондық каталогымен жұмыс істеуге корпоративтік желінің университеттің кез келген компютерінен кіруге болады.
Әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алатын блогтар әр оқытушылар мен студенттер Батыс Еуропа мен АҚШ-та ғылым мен техниканың жетістіктерін оқу және ғылыми қызметте пайдалану мүмкіндігіне ие. Кітапханада барлық үдерістер автоматтандырылған, дәстүрлі оқырман формулярлары жоқ. Барлық оқырман туралы мәліметтер электрондық формулярға енгізілген.
Сканер арқылы кітаптарды электрондық формулярға енгізеді сонымен қатар сканер арқылы кітаптарды есептен шығарып отырады.
Қамытылған бағдарламаның арқасында ең қажетті оқулықтарды анықтау қиын емес. Бағдарлама арқылы ең көп оқитын факультетті ең көп оқитын оқытушылармен студенттерді қанша адам келгені және қанша кітап берілгендігі туралы мәліметтерді алуға болады.
Өткізілетін іс-шаралар арсеналында - оқырман конференциясы, кітап тұсаукесері, брейн-рингтер, әдеби кештер, сұрақ- жауап кештері ,дөңгелек үстел, ауызша журналдар облыстық шығармашылық интелегенциялардың кездесулері болып табылады.
ҒК «Білім орталығының» қызметкерлері ПОҚ отандық және шетелдік ғылыми журналдарда, сондай-ақ оқу және ғылыми басылымдарда жарияланымдарын есепке ала отырып, осылайша ҒК «Білім орталығының» зияткерлік әлеуеттің базасы қалыптасуын қадағалайды. Тиісті тақырыптық бағыттар бойынша семинарлар өткізеді.
2017 жылдан бастап «Еуропалық Одақ Эразмус +бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын өмір бойы және білім экономикасын оқыту үшін трансөңірлік ақпараттық сауаттылықты дамыту» халықаралық DIREK жобаның жұмысына қатысады .
Қолданушыларға ыңғайлы болу барлық үшін оқу залдарында және ҒК «Білім орталығында» Wi - Fi зонасы ашық. Кітапханадағы барлық қызметтерді тегін пайдалана алады.
Бөлімше посткеңестік кітапханалық кеңістіктің озық тәжірибесін, сондай-ақ Батыс Еуропа мен АҚШ кітапханаларының әлемдік тәжірибесін енгізеді.