Кітап қоры
Кітап қоры жоғары оқу орны ашылысымен құрала бастады. 2019 ж. 01.01. кітап қоры 718803 дананы құрайды.
Кітапхана қоры – бұл ғылыми, ғылыми-танымалды, ақпараттық-библиографиялық, ғылыми-техникалық әдебиеттер, оқулықтар, өндірістік, анықтамалық және көркем әдебиеттер.
Газет пен журналдардың 119 атауына жазылым жүргізіледі.
Барлық абонементтер ҒК «Білім орталығында» орналасқан, 3 оқу залдары университет корпустарында жұмыс жасайды (ГӘФ, АТФ, ВМжЖТ).
Кітапхана қорын жинақтауда университет профилі, жұмысшы оқу жоспары мен бағдарламалары, ғылыми зерттеу саласындағы міндеттер назарға алынады. Басылымдардың түрі бойынша: баспалы, аудиовизуалдық құжаттар, электронды басылымдар; тілдік диапазон: мемлекеттік тілдегі, орыс және шет тіліндегі құжаттар. Оқу әдебиеттері кафедралардың сұранысы бойынша алынады. Ғылыми басылымдар мен құжаттардың өзге түрлері оқырмандар сұранысын қанағаттандыру мақсатында алынады.