Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ тарихи мұражайы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің   тарихи мұражайы университет ректоры З.А.Алдамжар бастамасы бойыншы А.Байтұрсыновтың 125-жылдығына орай 1998 жылы ашылған. Ең әуелі ҚМУ тарихи мұражайы А.Байтұрсынов мұражайымен қосылып, университеттің бас ғимаратында орналасқан.

 

 

Мұражайды ашу құрметіне ие болған  ҚР Білім беру және ғылым Министрі Кырымбек Елеуович Кушербаев. 

 

 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ тарихи мұражайының экспозициялары университеттің даму тарихын, ғылыми –білім беру, мәдени-ағартушылық және қоғамдық жағын ашылуынан бүгінгі күнге дейін қызметін бейнелейді. Мұражайдың бөлімдерінде мұрағаттық құжаттар, фотосуреттер, өткен жылдардың газет материалдары, университеттің даму кезеңдері, ғылыми-педагогикалық кадрларының және материалдық базасының өсуі, үздік оқытушылар мен түлектер, олардың ғылыми, педагогика, қоғамдық спорт салаларында жақсы жетістіктерге жеткені туралы ұсынылған.

 

ҚМУ ректоры Наметов А.М. бастамасымен және белсене қатысуымен 2000 жылдың сәуір айында университеттің тарихы бойынша экспонаттар бас ғимаратынан бөлек бөлімге ауыстырылып, университеттің жеке толыққұрылымды мұражайы құрылды. Мұражайға университеттің акт залынан алынған бөлек қабат бөлінген. Мұражай экспозициялары қазіргі мүмкіндіктер мен жаңа толықтырылған материалдарды есепке алып қайта жасалған. Тікелей орындаушы және мұражай меңгерушісі – философия ғылымдарының кандидаты, профессор Жақып Қалқаман Хасенұлы.

 

Мұражайдың жаңа ашылу рәсімі А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың  70-жылдығына арналған. 2010 жылдың 15 сәуірінде  салтанатты түрде мұражайды Қостанай облысының әкімі С.В.Кулагин ашты. Мұражай университет тарихындағы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тарихы мен бүгінгі күнімен байланысты жазба ескерткіштерін, құнды заттарын жүйелеп, жинап, зерттеп сақтайды.

 

Мұражайдың ашылу жылы ҚМУ-дың 70-жылдығына сәйкес ғана емес, маңызды тарихи оқиғамен – Ұлы Отан соғысының 65-жылдық жеңісімен қатар келгені. Осыған орай мұражай қызметкерлері Қостанай педагогикалық институтқа (нағыз университет негізін салушы) жоғары білім алған бұрынғы майдагерлердің мұрағаттық материалдарын, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі оқытушылар мен қызметкерлердің, студенттердің мұрағатқиынды жағдайлары туралы шынайы мұрағаттық құжаттарды жинақтаған.

 

Қостанай мемлекеттік мұғалімдер институтының тұңғыш директоры,

Қаз ССР еңбегі сіңген мұғалімі

Даулет Ибраев

Қостанай облысындағы  білім беру жүйесінің  ұйымдастырушысы,

Социалистік еңбегінің қаһарманы

Ахметгали Айтмуханбетов

 

Найденов Иван Пантелеевич Белинская Ольга Лавреньтиевна Мусакулов Талип

Қостанай мемлекеттік мұғалімдер институтының директорлары – 1941-1945ж.

Шарипова М.Ш.-1942 жылдың түлегі Сергазин Ыбырай- 1945 жылдың түлегі

Қостанай мемлекеттік мұғалімдер институтының түлектері. 1942 ж.

 

Әрине, ҚР Тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамның барлық саласында кадрларды дайындауда басқа жолын табуды талап еткен. Осының бәрі қалай басталғаны, бүгінгі жетістіктер, көп жылдар бойы мамандарды дайындау сапалығы қаншалықты болғаны, ҚМУ-дың халықаралық байланыстары қаншалықты кеңейгені, профессорлық-оқытушылар құрамының сапалы және сандық өсуі және т.б. – бұның барлығы және басқа да тарихи оқиғалар өз бейнелеуін мұражайдың экспозицияларында тапқан.


Мұражайдың экспозицияларын қалыптастыру барысында, мекеменің мәртебесін жасауы, қайта құруы және өзгертуі, жоғарғы оқу орны тарихының маңызды оқиғалары бірінші орын алған. Экспозициядағы маңызды орын алатындар – тарихи тұлғалар – жоғары оқу орнын қалаушылары, басшылар, ғалымдар, танымал түлектер, спорт жетістіктерінің иелері және т.б. Мұражай экспозициялары 1920 жылдан бастап, Қостанай мемлекеттік мұғалімдер институты құрылғаннан, бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиді. Жалпы университет тарихының мұражайы 4 блогынан тұрады. Біріншісі мұражайдың логотипы және білім беру және ғылымға қатысты түрлі дәуіріндегі ақылшылардың қанатты сөздері орын алады.

 

Екіншісі А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті базасында құрылған Қостанай мұғалімдер және педагогикалық институтының тарихы және тұңғыш түлектерінің фотосуреттері орналастырылған. Мұражайда ерекше орын алатын – Қостанай ауылшаруашылық институтының тарихы. Институт Республикамыздағы «астықты аймақта» құрылып, сонан соң 2000-шы жылы университет құрамына кірген. Осы оқиғаларға мұражайдың үшінші блогы арналған. Төртіншісі – А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың бүгінгі күнге дейін қалыптасуы мен дамуы.

 

Мұражайдың бөлімдерінде 368 мұрағаттық құжаттар, 636 фотосурет және өткен жылдардың газет материалдары ұсынылған. Мұражайда студенттердің халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық жарыстарда алынған талай медальдары, кубоктары және марапаттау қағаздары жиналған. Мұнда тағы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың 70-жылдық мерейтойына қонақтардың тарту еткен сувенирлері ұсынылған.

 

 

 

 

 

 

 

Мұражайдың абыройымен орындап жатқан ең басты мақсаты – студенттерді «Alma mater» үшін тарихи – патриоттық сезімін қалыптастыру. Мұражай жоғары білімі бар адамның жеке көзқарасын қалыптастыруына, әр студент жоғары оқу орнында оқып жатқан жылдары ғылыми ортаның құндылығы мен дәстүрлеріне өз қатыстылығын сезінуіне мүмкіндік туғызады.

 

Мұражайдың екінші маңызды мақсаты – тарихи білімдерін толықтыруға бағытталған, университеттің жақсы имеджін қалыптастырған студенттер, жастар, облыс тұрғындары арасындағы ғылыми – ағартушылық жұмысын жүзеге асыру.


ҚМУ-дың мұражайына қоғамдағы еліміздің танымал қайраткерлері, ғалымдары, жазушылары, әртістері келіп кеткен. Солардың бірі – ҚР Президенті Н.Назарбаев (1998, 2000, 2002 жылдары) және біздің мемлекетіміздің басқа да қоғамдық-саяси қайраткерлері, сонымен қатар Ресей, Америка, Венгрия, Ұлы Британия, Польша, Германия, Италия, Корея және тағы басқа елдерден. Мұражайға үнемі мектеп оқушылары, обласымыздың қалаларынан, аудан мұғалімдері, университеттің студенттері келіп тұрады.


PDF