Айсин Марат Жаппасович
Айсин Марат Жаппасович, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент. 1987 Қостанай ауылшаруашылық институтын бітірді. Еңбек жолын осы жылы бастады. 1993 аспирантураны бітіріп, К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғады.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 2000 жылдан бастап жұмыс істейді.
Анатомия және физиология кафедрасын меңгеру кезінде анатомиялық мұражайдың жұмысын белсендірді. Осы кезеңде мұражайға келуші шетел қонақтары, қала және облыс әкімшілігі, қала және облыс аудан мектеп оқушыларының саны көбейді. Ол кафедрада және факультеттегі кәсіби бағдар жұмысына жауапты еді.
Жануарлар анатомиясы мен морфологиясын жақсы білетін маман ретінде әр түрлі жануарлар қаңқаларын жинау, ылғалды және құрғақ препараттар үрдісіне қатысатын болатын.
Бұзаудың ішектер препаратын жасау кезінде Айсин М.Ж. мұражай қорғаушысына ас қорыту жүйесі мүшелерінің орналасуы жөнінде кеңес берді.
Санитария кафедрасында «Жануарлар морфологиясы» студенттік үйірмесінің жетекшісі ретінде студенттер мен мұражай қорғаушысымен ірі және ұсақ қара малдың құрғақ бұлшық еті, құлын ұрығы және басқа да препараттар жасауға қатысты.
Облыс аймақтарынан келген мектеп оқушылары мен қонақтары мұражайға келгенде Айсин М.Ж. және мұражай қорғаушысы Романова Н.Н. мұражай препраттары мен экспонаттары туралы толық және қызықтырып айтады.