Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Анатомиялық мұражай

Анатомиялық мұражай – А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің мактанышы болып саналады, ол 1996 жылы құрылған.

 

 

Мұражайда анатомиялық, акушерліқ, паталогоанатомиялық ылғалды және құрғақ препараттары бар.

 

 

Мұражайда құс, ит, қабан, питон, тырна мүсіндері мен жұмыртқалардың үлкен жиынтығы тоты құстың жұмыртқасынан бастап тырна жұмыртқасына дейін бар, осылардың барлығы келушілерді қатты қызықтырады.

 

 

Инфекциялық және паразитарлық аурулардың макропрепараттардың үлкен жиынтығы бар.

 

Жануарлардың әртүрлі ауытқуларымен туған мүсіндерінің жиынтығы келушілерге өте қатты ұнайды, онда: мүйізгі бар торай, үш, төрт аяқты тауық, сегіз аяғы бар лақ, бір көзді қозы-циклоп, екі басты бұзау, бес аяқты бұзау.

 


«Остеология» бөліміне көп көңіл бөлінген, онда әртүрлі жануардың қаңқалары: түйе, сиыр, құлын, ит, құстардың әртүрлі түрлері бар.

 

Мұражай сақтаушысы Романова Н.Н. ай сайын әртүрлі экспонаттармен мұражайды толықтырып отырады, бүгінгі күні 2000 аса түрі бар.

 

   Романова Надежда Николаевна
Мұражай сақтаушысы


Қаңқаларды дайындау көп уақытты қажет етеді. Сүйектерді дайындау үшін оны жұмсақ ұлпадан ажыратады, суға салып қояды, судың температурасы 40-45оС (суды бірнеше рет ауыстырады), суда жұмсақ ұлпалар толық бөлініп түскенше ұстайды. Бұның бәріне шамамен 6-7 апта керек.

 

Содан кейін сүйектерді 5-10% жылы сода ерітіндісіне салып қояды, содан кейін бензинмен эфирмен залалсыздандырып, кептіреді (арнайы құралдарды жасаған дұрыс). Майсызданған сүйектерді қайта кептіреді немесе күн астында әктейді, 1-2% тотыққан сутегіне салады, жуады, кептіреді.

 

Жас және майсыз малдың сүйектерінен жақсы сүйек қаңқалары жасалады.

 

Студенческий кружок с научным руководителем

Сүйектерді жинау үшін студенттер шақырылады, өйткені мұражай сақтаушысы жалғыз атқара алмайды.

 

Экспонаттар мен препараттарды дайындау үшін «жануарлар морфологиясы» үйірмесінің студенттері белсенді қатысады. Үйірме жетекшісі Айсин М.Ж.


Мұражайға акушерство, жануарлар патологиясы, жануарлар морфологиясы сабақтарын өткізу үшін факультет және колледж студенттері келеді. Сабақ өткізу барысында студенттер жануарлардың мүшелерінің құрылысын, олардың ауруларын және әртүрлі жануарлардың сүйектерін ажыратуға үйренеді.

 

 

 

 

 

Мұражайдың жұмыс атқару уақытында әртүрлі обылыс, қала мектептерінің үш мыңнан асы оқушылары үгіт-насихат жұмыстары негізінде осы мұражайды аралады. Сонымен қатар қала, облыс әкемшіліктері мен алыс елдер (Армения, Грузия, Тәжікстан), Аргентина, Германия, Италия, Польша шетелдерінен қонақтар келді.

 

Барлық келушілерге мұражай өте ұнады. Журналда мынандай жазбалар бар: «Біз мұндайды бұрын санды көрмедік, сіздердін мұражайларыныз өте керемет, муляждардың жасанды емес, табиғи болғаны өте таң қалдырды», «Факультетке мүндай мұражай үшін рахмет», «Мұражай өте эстетикалық және таза, қайта келуге ниеттеміз» және т.б. жазбалар.

 

Анатомиялық мұражай – Қостанай қаласында жалғыз. Ол демонстрациялық және көріп білуге бағытталған.

 

 


PDF