Кредиттік технологияны жасау және енгізу
Дайындық кезеңі.
2001 жылдан бастап, оқу процесінің сапасын арттыру мақсатында оқу жұмысы және оқудың жаңа технологиялар жөніндегі проректоры Майер Ф.Ф. басшылығымен баллдық-рейтинг жүйесін енгізу және қолдану бойынша, студенттердің білімдерін бағалау және бақылау, компьютерлік тестілеу әдісімен емтихан сессияларын өткізу жұмысы басталды. Бір қатар оқытушылардың қатысымен (Кужукеев Ж.М., Коваль А.П. және т.б.) баллдық-рейтинг бақылаудың негізгі элеменнтері мен принциптерін жасалғаны, осы процесінің ұйымдастыру негіздерін , мәліметтерді беру базаларын толтыру рәсімі және пән бойынша жалпы бағаны қою кезіндегі ағымдық және кезеңдік бақылаудың баллдарын қолдануын көрсеткен. Студенттердің семестраралық аттестациясының компьютерлендіру жүйесі енгізіліп және де компьютерлік тестілеу әдісімен емтихандарды өткізу бағдарламасы жасалды. (мақсаттарды қойған – Майер Ф.Ф., бағдарламалық қамтамасыз етуін жасаған – Конюший В.И.). ҚМУ-дың тестілеу - емтихандық бақылау жүйесі сол кезде түрлі тест тапсырмаларын қолдануға мүмкіндерін туғызып, (оның ішінде жауаптың нұсқауларысыз, жабық түрдегі бірнеше дұрыс жауаптардың таңдауымен), сұрақтардың күрделі деңгейін есепке алуын жүзеге асырып, тест тапсырмаларының көпнұсқаулы топтарын анықтаған және т.б. Сонымен қатар, университетте оқудың кредиттік технологиясын енгізу үшін нақты база жасалды.
2006-2007 оқу жылынан еліміздің 40-тан астам жоғары оқу орындары 2005-2010 жылдарына Қазақстан Республикасының мемелекеттік білім берудің даму бағдарламасына және кредиттік оқыту жүйесінің Ережелеріне сәйкес білім беретін мекемелерінде кредиттік оқыту жүйесін (КОЖ) эксперимент ретінде кеңінен енгізе бастады. Біздің жоғары оқу орны үшін күтпеген жағдай болған емес, себебі КОЖ-ді енгізуге университеттің барлық мамандықтарында үлкен дайындық жұмысы жүргізілді.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті КОЖ-ға ұқыпты дайындалды. 2003 жылдың жазында біздің оқытушыларымыз КОЖ негіздерімен танысып, оқуды Т.Рыскулов атындағы Қазақ әлеуметтік-заң университет базасы негізінде және Қазақстанның басқа да оқу орындарында өтті. Кредиттік жүйесі бойынша жұмыс тәжірибесі бар отандық және шетел мамандары шақырылды. Тиісті дайындықты кафедра меңгерушілері мен оқу жұмысы жөніндегі әдіскерлері де өтті. Мысалы, 2003 жылдың қазан айында бір апта ішінде КОЖ бойынша университет оқытушыларына С.М.Омирбаев, Қазақстандағы КОЖ жасаушыларының бірі (кейін - ҚР ББҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаментінің директоры) оқыту семинарын жүргізді. Құжаттардың бастапқы пакет жасауы түсіндіріліп, жүзеге асырылады. Сонда ғана біздің жоғары оқу орнымыз экспериментке қатысуын шешкен.
Кредиттік оқыту жүйесін енгізу.
2004 жылдан бастап ең алдымен эксперимент ретінде экономика және заң мамандықтарында, содан соң 2006 жылдан бастап барлық университетте кредиттік оқыту жүйесін пайдалана бастады.
КОЖ-ді енгізген әр жоғары оқу орны ел көлемінде эксперимент үшін ерекше бір полигон болды, ал ББҒМ қамқорлығымен көптеген конференциялар мен форумдар мүдделі және кейде өткір сұхбат барысында дұрыс шешімдерді анықтауға және қателерді дұрыстауға мүмкіндіктер туғызған. Кредиттік оқыту жүйесіне көшу процесінің қиындығы бекітілген нормалары, Қазақстан Республикасының ББҒМ жағынан нормативтер мен стандарттардың болмағандарынан тұрады. Сондықтан әр жоғары оқу орны білім беру процесінің жеке моделін құрастырып, студенттердің оқуын дәстүрлі де және кредиттік жүйе бойынша да қатар қолдануға бағытталған.
КОЖ жоғары оқу орындарының негізгі құжаттарын бірталай өзгертуге талап қойды, сондықтан кредиттік жүйесіне көшу кезеңінде нормативті - анықтамалық құжаттамалар, барлық пәндер бойынша оқу жұмыс жоспарлары, жеке оқу жоспарының қажет түрлері дайындалып, студенттердің пәндерді таңдауы бойынша жазу процедурасы және т.б. жасалды.
Қазақстан Республикасының ББҒМ аттестациялық комиссия қорытындысында (2005 ж., желтоқсан) А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті кредиттік жүйесіне көшуі республикамыздың жетекші жоғары оқу орындарының деңгейінде болғаны туралы айтылған. Семестраралық аттестациялардың компьютерлік есеп жүйесі, оқып жатқан студенттердің оқу жетістіктерінің мониторингі және емтихандарды компьютер және бланк арқылы тестілеу әдісімен өткізуі - Республикамызда ең жақсысы.
Университеттегі кредиттік жүйесін дамытуына және енгізуіне Майер Ф.Ф ( оқу жұмысы және БЖТ жөніндегі проректоры), Коваль А.П.(өткен жылдары оқу жұмысы және БЖТ
жөніндегі проректор орынбасары қызметін атқарған) өз үлкен үлесін қосқандар. Чехова Т.И.(оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы), Кубекова
Н.К. (тіркеу бөлімінің бастығы),
Тастанов М.Г.(оқу-әдістемелік басқармасының басшысы), Жиентаев С.М., Дауенов М.Ю. экономика және заң факультеттерінің декандары, кафедра меңгерушілері, экономика және заң мамандықтары
нда сабақ беретін кафедра оқытушылары -біздің университетіміздегі кредиттік оқыту жүйесін енгізуіне алғашқы жол ашқандар.
Кредиттік жүйесі оқу процесінде жоғары оқу орнының және оқытушының рөлі туралы түбегейлі
өзгергенін талап етті. КОЖ-дің басты мақсаты - студенттің өзара білімін алуға үйрету, ақпараттың барлық сан алуан түрлерімен пайдалану, жаңа білім алуға мүмкіндіктер жасау. Оқытушыларға мұндай өзгертулерді қабылдауға оңай болған жоқ, олар оқу процесінің бөлінуін бақылау, студенттердің
оқытушыларды таңдау принциптерін бірден қабылдай алмады.
Уақыт келе студенттердің пәнге деген қызығушылығын көрсетуге, пәнді өз бетінше оқуға жаңа амалдар, оқу технологиялар іздеуге тура келді. Оған байланысты унив
ерситетте 2003 жылдан бастап үнемі түрлі әдістемелік семинарлар, жаңа оқыту технологияларды қолдану арқылы ашық сабақтар өткізілген, тұтынушылармен байланыс нығайтылды: оқу жоспарларының элективті бөлімін жасау кезінде олардың ұсыныстары есепке алынды, практика өткізудің жаңа түрлері енгізілді.
Университетте жақын және алыс елдердегі ірі оқу орындары және ғылыми орталықтарымен байланысты нығайтуға және кеңейтуге ерекше назар аударылады, әсіресе кредиттік оқыту жүйесін әрі қарай жетілдіру және даму мәселесі бойынша ұйымдастыру жоспарындағыдай, білім беру бағдарламалардың қайта жасау жоспарындағыдай халықаралық стандарттардың талаптарын келтіру мақсатына және Еуропалық сынақ бірліктерінің жүйесіне сәйкес. Мысалы, ҚМУ Болонь қаласындағы Университеті (Италия),Остобортния Университеті (Финляндия), Халықаралық бизнес Университеті және Абай атындағы Қаз ҰПУ бірігіп, 2007 жылдан 2009 жылға дейін "Внедрение Европейской системы трансферта кредитов в университетах Казахстана" Темпус халықаралық жобасын жасауға қатысты. Жобаның жетекшісі - Майер Ф.Ф., орындаушылары - Коваль А.П., Чехова Т.И. және т.б. Басқа да Темпус жобасында (жобаның басшысы - Дощанова А.И.) Германия және Финляндия жоғары оқу орындарымен
бірлесіп, 2008-2010 жылдары, "Инновационный и стратегический менеджмент развития предпринимате
льства" (бас жоғары оқу орны - Висмар қаласындағы технологиялар, бизнес және дизайн Университеті) халықаралық курс жасалған.
Соңғы он жыл ішінде университеттің ақпараттық технологиялар орталығы (бағдарламашылар Конюший В.И., Билль О.В., Лата В.В., Шевцов Д.С.) оқу жұмысы және БЖТ жөніндегі проректоры басшылығымен барлық бөлімдерінің ұйымдастырушылық, оқу, әдістемелік және тағы да басқа қызмет түрлері бойынша кезеңдік жұмысы жүргізілді.
2000 жылдан 2008 жылға дейін университеттің корпоративтік телекоммуникациялық желісі жасалып, барлық басқару құрылымдарын бірге байланыстырды: ректорат, факультеттер, деканаттар, кафедралар, бөлімшелер және оқу компьютерлік класстар мен ақпараттық терминалдар. Кредиттік оқыту технологияның негізгі процестері автоматтандырылған. Компьютерлік жүйені ұйымдастыру және оқу процесін қамтамасыз ету, оның ішінде оқу процесін жоспарлау, семестраралық аттестациялар, тестік-емтихан бақылау жұмысын жүргізуге, ішкі ақпараттық білім беру порталы (www.ksu.ku) жасалып енгізілген. Ақпараттық -білім беру порталы, жоғары оқу орнының корпоративті желісінің тармақтануы бар екендігі, кез келген компьютерден барлық ақпараттық ресурстарға кіруге рұқсат беретін, сапалы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін барлық жағдайлар жасалған. Университеттің корпоративті компьютерлік желісін жасауға жаңа технологияларды енгізу бойынша әкімші Конюший В.И. даму процесіне үлкен үлесін қосқан.
Кредиттік оқыту технологиясын енгізудің жаңа кезеңі.
Кредиттік оқыту технологиялардың (КОТ) жаңа импульсін жетілдіруге 2009 жылы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ға ректор лауазымына Наметов А.М. тағайындалды, Қазақстандағы сапалы білім беру жүйесін жасаушылардың бірі, бұрын қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу жұмысы жөніндегі проректоры болған. КОТ кезінде оқу процесінің жоспарлауы және ұйымдастыруы туралы бірқатар мәселелері қайта қарастырылып, университеттің басқару құрылымының қайта құруы жүзеге асырылды, әсіресе оқу процесін басқару мәселесі. Оқу-әдістемелік басқарма базасында екі жаңа басқарма құрылды- оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру басқармасы (басшысы - филология ғылымдарының докторы Абсадыков А.А.) және білім берудің менеджмент және мониторинг басқармасы (басшысы- физика-математика ғылымдарының кандидаты Тастанов М.Г.). Басқармалар кредиттік оқыту технологиялар жағдайындағы оқу-әдістемелік процесін жетілдіру бойынша, ПОҚ және қызметкерлерді оқыту бойынша үлкен жұмысын атқарды. Бірінші басқарманың құрамында - тіркеу бөлімі (бөлім бастығы Кубекова Н.К) және студенттік құжаттама бөлімі (бөлім бастығы Мукатова А.О.), екінші басқарманың құрамында - білім берудің менеджмент және мониторинг басқармасы (бөлім бастығы экономика ғылымдарының кандидаты Коваль А.П.) және оқу-әдістемелік бөлімі (бөлім бастығы биология ғылымдарының кандидаты Чехова Т.И.). КОТ принциптеріне сәйкес бөлімдер, деканаттар және кафедралар арасында қызметтік міндеттерін бөлу жұмыстары жүргізілген.
Жалпы айтқанда, университеттегі кредиттік оқыту технологиясын енгізуде, оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруда тәжірибесі аз емес. 2008 жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасының ББҒМ оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ (ҚМУ-да оқу-әдістемелік Кеңесінің мүшесі) " Современный преподаватель вуза: проблемы профессионализма и этики" мәселесі қарастырылып, Қостанай мемлекеттік университетінің де материалдары тыңдалды. РОӘК отырысының шешімінде Республикамыздың барлық жоғары оқу орындарына А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің әдістемелік жұмысын ұйымдастыруын назарға алып, инновациялық тәжірибесін таратуға ұсынылған. Бұл өте жоғары баға бергені! "Совершенствование учебного процесса на основе применения инновационных технологий в вузе" (Ф.Ф.Майер, Н.В.Божевольная, Т.И.Чехова) баяндамалар РОӘК мүшелері қызығушылықпен қабылдап, "Современный преподаватель вуза: проблемы профессионализма и этики"/ Ред. Г.К.Ахметова; құрастырушы Г.Н.Паршина,А.К.Мынбаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2008.-17б. ISBN 9965-30-689-3, осы Кеңестің тақырыптық жинағында жарияланды.
Қостанай мемлекеттік университетіндегі кредиттік оқыту технологияларды енгізудің жоғары деңгейін есепке алып, Қазақстан Республикасының ББҒМ шешімі бойынша 2009 жылдың 17 және 18 қараша аралығында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында «Совершенствование кредитной технологии обучения на современном этапе: индивидуализация обучения и повышение роли студентов в образовательном процессе» Республикалық оқыту семинары өтеді деп айтылған.
Республикалық оқыту семинарының жұмысына Республикамыздың 50-ден астам оқу орнынан 200-ден астам адам қатысты. Республикалық оқыту семинарының көлемінде қатысушылардың пікірлер алмасуы, білім беру процесінде студенттердің рөлін көтеру және оқуды жеке өткізу мәселелерін талқылауы және де еліміздегі 14 жоғары оқу орнымен Қазақстан Республикасының университеттер Меморандумына қол қойылды.
Қазіргі тәсілдер.
Соңғы жылдары кредиттік технологиялар дамуында назар жалпы білім беру бағдарламаларын бір мақсатта жасауға, соның ішінде еңбек нарығының қажеттілігі және жұмыс берушінің пікірлерін назарға алып, құзіретті тәсілдер негізінде модульдік принципі бойынша білім беру бағдарламаларды құрастыруға бағытталып, мекемелермен байланыс күшейтілді.
Қазіргі уақытта жоғары оқу орнының білім беру қызметінде жұмыс берушілердің қатысуы тез ұлғайып жатыр. Әлеуметтік серіктестік білім беру кластер көлемінде жүзеге асырылады. Өзара байланыстардың жақсы дамуы университетке тек оқу курстары мен бағдарламалары санын көбейтуге мүмкіндігі болғаны ғана емес, олар жұмыс берушілер және мамандар - практиктер ұсынған, мекемелердің және кәсіпорындардың талаптары мен қажеттілігін назарға алуы қажет.
Университет кадрларды дайындау технологиясын маңызды өзгертіп, мекемеде жұмыстың бірінші күнінен кәсіби қызметінде түлектердің құзіреттілігін қалыптасуына назар аударады. Осындай жаңа тәсілдер мен жұмыс түрлері студенттердің өндірістегі технологиялық процестеріне қатысуға және де оқытушылар мен өндіріс мамандарымен бірігіп тәжірибелі - құрылымдаулық және зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіншіліктер береді.
Бірлескен серіктестікті ұйымдастырудың жаңа түрлері жұмыс берушілердің кадрларды дайындауға және оқу процесінің тек практикалық жағынын қамтамасыз ету емес, жалпы білім беру сапасын көтеруге қызықтырады.
Бүгін жұмыс берушілер жоғары білікті кадрларды оқытуда мүдделі, оқу процесінің жасауына және ұйымдастыруына белсене қатысып, қаржылық мәселелерін шешіп, оқуға ақшасын төлеп отырады.
2012 жылдың 6 маусымында ҚМУ Түлектерінің бірінші Форумы, 2012 жылдың 7 желтоқсанында Қостанай облысы әкімінің қатысуымен ҚМУ жұмыс берушілері және қайырымдылық жасаушылардың Форумы өткізілді. Онда мемлекеттің, білім беру жүйесі мамандарының және бизнестің мамандары қажет ететін еңбектің барлық нарықтағы әрекеттестік мәселелері талқыланды.
Еңбек нарығының барлық қатысушылардың осындай өзара тиімді ынтымақтастығы кәсіби кадрлардың жаңа сапасына жаңалық жасауға мүмкіндік береді. Осы жаңалықтың басты механизмі кадрларды дайындаудың кәсіби еңбек нарығындағы барлық қатысушылары - білім беру жүйесі, мамандар, бизнес- өзара байланыста негізделген жаңа жүйесі болу керек.