Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Бакалавриат білім беру бағдарламалары

 

5В080600 - Аграрлық техника мен технология мамандығы

 

5В080600 – Аграрлық техника және технология мамандығы бойынша бакалаврының кәсіби қызмет саласы экономиканың  аграралық секторы өндірісінің жетекшісі және ұйымдастырушысы, техникалық сервис кәсіпорының технологы немесе менеджері,  ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, ауылшаруашылық  өндірісінің механикаландыру үрдісі, агроөнеркәсіп кешені нысандарын электрлендіру және автоматтандыру бойынша маман болып табылады.

 

 

  •  «Өндірістік-технологиялық қызметі» 1 білім беру бағдарламасы

 

 

 

Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқу ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау үрдістерінің машиналары мен аппараттары; қойма шаруашылықтары; мал шаруашылығындағы жабдықтар, ауылшаруашылық машиналар, комбайндар және автомобильдермен байланысты өнеркәсіп саласында қызмет жасайтын мамандарға білім беріп  дайындауға мүмкіндік береді.  

 

 

 

 

  • «Сервистік-пайдалану қызметі» 2 білім беру бағдарламасы

 


Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқу ауылшаруашылық машиналары тракторларын пайдалану, қызмет көрсету және диагностикалаумен, жобалық-конструкторлық құжаттармен байланысты өнеркәсіп саласында қызмет атқаратын мамандарға білім беріп  дайындауға мүмкіндік береді.  

 

 

 


 

 

5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар

 

 

  • «Ауылшаруашылық машинажасау» 1 білім беру бағдарламасы

 

 

Бұл білім беру бағдарламасы автоматталған жобалау жүйелерін пайдалана отырып ауылшаруашылық машинажасауға арналған машиналардың және жабдықтардың құрылымын жобалай алатын мамандықтарды даярлауды көздейді.

 

Түлектер энерго – және қор үнемдеу мәселелерін есепке алып, негізгі және көмекші жабдықтарды таңдап есептеуді, өндіріс ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін таңдап негіздеуді, қолданыстағы өндірісті технологиялық қызмет көрсетуді пайдалануды, типтік шешімдердің негізінде электромеханикалық, гидравликалық және пневматикалық автоматты басқару аспаптарды техникалық құрылымдауды, сынақтардың негізгі принциптерін және тәсілдерін таңдауды, зерттеулердің және өлшеулердің нәтижелерін талдауды және өндеуді, өзінің мамандық әрекет саласында ғылыми-техникалық әдебиетке шолуды құрастыруды және патентті ізденіс жүргізуді біледі. 


 

 


  • «Металлдарды өндеу» 2  білім беру бағдарламасы

 

  

 

Бұл білім беру бағдарламаның пәндерін оқу беріктету, жіберу, құю, пресстеу, дәнекерлеу, штамптау, қалайылау, кесу деген металлдарды өндеу операцияларды іске асыруға арналған технологиялық машиналар және жабдықтар туралы білімдерді алуға мүмкіншілік береді.

 

Түлектер мынадай мәселелерді шешуге дайын болады: дайындамаларды, бөлшектерді, түзілімдерді және машиналарды жасаудың типтік технологиялық үрдістерді жобалау; өндіріс учаскелердің деңгейінде өндірісті басқару; технологиялық жабдықты, металл кесу және технологиялық аспаптарды пайдалану және жөндеу; біліктердің күрделі тіректерін, машиналардың және механизмдердің майлау жүйелерін құрылымдау; жобаланатын машиналардың сенімділігін және ұзақ тұрақтылығын талдау.


 

 

 

 

 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технологиялар


«5B071300-Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығының бакалавры басқару, ұйымдастыру, ғылыми және педагогикалық салада дербес жұмыс істей алатын дайын, кен профильді маман болып табылады.

 

  

  • «Автомобильдерді техникалық пайдалану» 1 білім беру бағдарламасы

 

 

Бұл білім беру бағдарламасы түлектерінің жұмыс істеу саласы ретінде автомобильдердің техникалық пайдалануды жүргізетін өндірістер мен ұйымдар болып табылады.

 

Жаңа технологияларды және жабдықтарды пайдаланып, максималды экономикалық тиімділікпен және қауіпсіздігімен автомобильдің техникалық пайдалану жұмысын ұйымдастыруы қолынан келу тиіс. 

 

 

 

 

 

  • «Автосервис және фирмалық қызмет көрсету» 2 білім беру бағдарламасы

 

 

 

Бұл білім беру бағдарлама түлектері жеке меншік нысанына және ведомстволық иелігіне қарамай, оның ішінде Қазақстан Республикасының территориясында шетелдік инвестициямен құралған ұйымдарында, сервис және фирмалық кызмет көрсету өндіріс орындарында, техникалық қызмет стансаларында, лизингтік және дилерлық кәсіпорындарында, жоба-технологиялық, ғылыми және жобалық ұйымдарында жұмыс істей алады

 

 

 

 

 

 

5В060400 - Физика мамандығы

 

  •  «Қолданбалы физика» 1 білім беру бағдарламасы

 

 

Көпшілік техникалық құрылғылардың жұмыс жасау негізінде жатқан физикалық заңдары әмбебап. Техниканың дамуы әмбебап мамандарын, олар жобалау, құрастыру, қазіргі мәшиналардың, механизмдердің және электрондық құрылғыларда қызмет қорсету үшін кең білім спектіріемн қамтамасыз етілген болуын талап етеді.

 

 

 

 

 

 

  • «Радиофизика және электроника» 2 білім беру бағдарламасы

 

 

 

Радиоэлектрондық құралдырдаың тиімді қолдануы, есептеуші техниканың, приборлар мен автоматтардың қазіргі замаңда өмірдің әр бір саласында тиімді қолданылатыны белгілі. Сондықтан осы салаларда осы құралдары мен жұмыс жасау мамандар олардың жұмыс жасауы мен, жөндеуімен айналысатын мамандар қажет.  

 


 


 

5В071800 - Электроэнергетика мамандығы

 

  • «Электр қондырғыларын пайдалану» 1 білім беру бағдарламасы

 

 

Электр қондырғыларды пайдалану және жобалау саласында мамандарды пайдалану үшін қажет. Электр қондырғыларды пайдалану және жобалау үшін түлектердің оқу тәртібі және терең теориялық дайындығы болуы.         

 

 

 

 

 

 

 

 

  • «Электрлік қондырғыларды монтаждау және реттеу» 2 білім беру бағдарламасы

 

 

 

«Электрлік қондырғыларды монтаждау және реттеу» әр түрлі мақсаттағы электрлік қондырғыларды монтаждау және реттеу саласында жұмыс істейтін мамандарды дайындауға арналған оқу пәндерін меңгеруді қарастырады. Оқытылатын пәндер жинағы түлектермен электрлік қондырғыларды монтаждау және реттеу саласында терең теориялық дайындықты және арнайы құзыреттілікті меңгеруді қамтамасыз етеді.      


PDF