Машина, трактор және автокөлік
Машина, трактор және автокөліккафедрасыныңмеңгерушісі
Техника ғылымының докторы, профессор
Телефон: +7(7142)558496
Кабинет: 204, 3 ғимарат
E-mail: valkush@mail.ru
Білім беру бағдарламасы
Бакалавриат:
- 5B080600-Аграрлық техника және технология
Магистратура:
- 6M080600-Аграрлық техника және технология
Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы:
- Бенюх Олег Анатольевич
- Бекмухамбетова Жаниса Каримовна
- Гаврилов Николай Владимирович
- Галямова Альфия Альбертовна
- Ким Сергей Алексеевич
- Кушнир Валентина Геннадьевна
- Молдабек Нурдильда Кабеулы
- Нурписов Жумабек Амангалиевч
- Терпиловский Евгений Юрьевич
- Щербаков Николай Васильевич
Оқулық және ғылыми зертханалар
Ғылыми бағыттары
Телефон:
+7(7142)558496 (оқытушылар бөлмесі)
Адрес: Қостанай қ., Абай даңғылы, 28, 3 ғимарат
кабинет 204 (оқытушылар бөлмесі)
кабинет 203 (оқытушылар бөлмесі)
Машина, трактор және автокөліккафедрасы туралы
Машина, трактор және автокөлік кафедрасының даму кезеңдері Қостанай ауыл шаруашылық институтының (А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университет) құрылу және қалыптасу тарихымен тығыз байланысты.
1966 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институты филиалының базасында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру» (АШМЭ) кафедрасы ұйымдастырылды .
1978 жылы ССРО ауыл шаруашылығының министрлігінің бұйрығымен АШМЭ кафедрасы екі дербес кафедраларға бөлінді: «Тракторлар және ауыл шаруашылығы машиналары» және «Мал шаруашылығын механикаландыру, электрлендіру».
1982 жылы «Тракторлар және ауыл шаруашылығы машиналары» кафедрасы төрт кафедраға бөлінді: «Тракторлар және автомобильдер»; «Ауыл шаруашылығы машиналары»; «Жалпы техникалық пәндер»; «Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру».
1995 жылы «Тракторлар және автомобильдер» және «Ауыл шаруашылығы машиналары» кафедралары біріктіріліп «Машина тракторлық парк және техникалық сервис» атты кафедра құрылды.
2000 жылы «Машина тракторлық парк және техникалық сервис» кафедрасы «Машина тракторлық парк» атауын алды.
2004 жылы «Машина тракторлық парк» кафедрасы «Машиналар және жабдықтар» атала бастады.
2009 жылы кафедраға «Машина, трактор және автокөлік» жаңа атауы берілді.
Кафедраның даму жылдарында келесі зертханалар құрылды: тракторлар және автомобильдер құрылысы; жанар және жағар май материалдары; іштен жанатын двигательдерді ысылту және сынау; себу және отырғызу машиналары; ауыл шаруашылық машиналары; мал шаруашылығын механикаландыру.
2013 жылы кафедрада 10 штаттық оқытушылар қызмет атқарады.
Студенттерді қосымша мамандықтарға оқытуға мүмкіндік беретін оқу базасы бар («В», «ВС» категорияларының жүргізушілері, тракторист-машинист). Осы мамандықтарына оқытатын және оқу үдерісіне үлкен көмектерін тигізетін 6 штаттық қызметкерлер бар: өндірістік оқу шеберлері – Гуренко М.Г., Альменов А.Ж., Куйшинов А.М., Шостак О.И.; оқу базасының бастығы – Шостак Д.И.; лаборант – Коткина Л.Я.
Машина, трактор және автокөлік кафедрасы 5B080600-Аграрлық техника және технология – бакалавр, 6M080600-Аграрлық техника және технология – магистратура мамандықтары бойынша бакалаврлар және магистрлер даярлайды.
Кафедра тракторлар мен автомобильдер құрылысы, жұмысы және реттеулерін ЖОО көптеген мамандықтарында жүргізеді.Мамандар даярлау қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Кафедра Ресейдің ірі ЖОО көптеген жылдар бойы жақсы қарым- қатынаста:
- Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті;
- Челебенің мемлекеттік аграрлық академиясы;
- Белоруссияның аграрлық техникалық университеті
Кафедра ғылыми – техникалық қарым- қатынас туралы келіссөздер жүргізді:
- ЖШС ҚазҒЗИАШМЭ ҚФ;
- ЖШС ЖК «БОРУСАН МАКИНА КАЗАХСТАН» (Алматы қ);
- ЖШС«Ростсельмаш»комбайн заводы» (Ростов-на-Дону қ).
Өндірістік практика. Кафедра ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен жақсы қарым -қатынаста:
- ЖШС «Агрофирма Олимп»;
- ЖШС «Eurasia Group»;
- ЖШС «Агний»;
- ЖШС «Ростсельмаш сервистік орталық»;
- ЖШС«№1 Қостанай нанөнімдер комбинаты»;
- ЖТАҚ «Колос»;
Машина, трактор және автокөліккафедрасыныңбілім беру қызметінің сапасын көтеру саласындағы негізгі мақсаты мемлекеттік стандартқа сай келетін, тұтынушыларды білім беру қызметімен қамтамасыз ету, оқу қызметін жоғары деңгейде жүргізу болып табылады.
Бакалаврлар мен магистранттарды дайындауға, білім беру бағдарламасынорындауға базалық білімі және жоғары біліктілігі бар, жүргізетін пәндер бейініне сай, ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстармен тұрақты айналысатын ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген.
Кафедрада біліктілігі жоғары оқытушылар штаты қызмет атқарады, оның құрамына 1 техника ғылымының докторы, 4 техника ғылымының кандидаты, аға оқытушылар және оқытушылар кіреді.
Оқу курстары
Машина, трактор және автокөлік кафедрасына бекітілген оқу пәндерінің тізімі
Бакалавриат
Курс атауы |
Кредиттер саны |
Бағдарлама жетекшісі |
МК/ТК |
Агротехнологиялық машиналар-1 |
3 |
Щербаков Н.В. |
МК |
Агротехнологиялық машиналар-2 |
3 |
Нурписов Ж.А. |
МК |
Автотракторлық техниканың электрлік және электрондық жүйелері |
2 |
Галямова А.А. |
ТК |
Ауыл шаруашылық шет ел техникасы |
1 |
Терпиловский Е.Ю. |
ТК |
Агроөнеркәсіптік кешендерде өнеркәсіптік процесстерді компьютерлік модельдеу |
2 |
Галямова А.А. |
ТК |
Ауылшаруашылық машиналардың параметрлері мен жұмыс тәртібін есептеу |
3 |
Щербаков Н.В. |
ТК |
Ауылшаруашылық машиналар мен жабдықтарды жобалау негіздері |
2 |
Щербаков Н.В. |
ТК |
Стационарлы тасымалдағыш машиналар |
2 |
Бекмухамбетова Ж.К. |
ТК |
Ауыл шаруашылық машиналардың теориясы мен есептелуі |
2 |
Щербаков Н.В. |
ТК |
Мобильді машиналар теориясының негiздерi |
2 |
Ким С.А. |
ТК |
Мал азығын өндеуді және дайындауды механикаландыру |
2 |
Нурписов Ж.А. |
ТК |
Азық жинайтын машиналар |
2 |
Щербаков Н.В. |
ТК |
Тракторлар мен автомобильдер |
3 |
Терпиловский Е.Ю. |
МК |
Мал және өсімдік өнімдерін кайта өндейтін технологияқ машиналар 1 |
2 |
Гаврилов Н.В. |
МК |
Агроөнеркәсіптік кешендердегі кайта өндеу технологиялық үрдістерін жобалау негіздері 1 |
2 |
Бенюх О.А. |
Мк |
Мал шаруашылығын механикалындыру |
3 |
Нурписов Ж.А. |
МК |
Ауылшаруашылық машиналарын автоматты жобалау жүйелері жабдықтары |
2 |
Бенюх О.А. |
ТК |
Ауылшаруашылық техниканың құрылым негіздері |
2 |
Галямова А.А. |
КВ |
Егінжинау комбайндары |
2 |
Щербаков Н.В. |
КВ |
Лизинг |
2 |
Терпиловский Е.Ю. |
КВ |
Тракторлар мен автомобильдер теориясының негіздері |
2 |
Ким С.А. |
КВ |
Автотракторлық жәнеауыл шаруашылық техникаларының электрлік және электрондық жүйелері |
2 |
Бенюх О.А. |
КВ |
Ғылыми зерттеу негіздері |
1 |
Терпиловский Е.Ю. |
КВ |
Магистратура
Курс атауы |
Кредиттер саны |
Бағдарлама жетекшісі |
МК/ТК |
Агроинженерлік жүйелерді модельдеу |
3 |
Бенюх О.А.
|
ТК |
Инженерлік жобалау |
3 |
Бенюх О.А. |
ТК |
Шет ел ауыл шаруашылық техникаларын Қазақстан Республикасында тұтыну |
2 |
Терпиловский Е.Ю. |
ТК |
Транспорттық жүйелерді модельдеу |
2 |
Бенюх О.А.
|
ТК |
Ауыл шаруашылығын механикаландыруға арналған машиналарды таңдауға негіздеме |
2 |
Кушнир В.Г. |
ТК |
Ғылыми зерттеулердің негіздері |
2 |
Терпиловский Е.Ю. |
МК |
Инженерлік жобалау |
2 |
Бенюх О.А. |
ТК |
Өсімдік шаруашылығындағы ұтымды технологиялар мен техникалық құралдар |
2 |
Терпиловский Е.Ю. |
ТК |
Мал шаруашылығындағы қазіргі заманғы технологиялар мен техникалық құралдар |
2 |
Нурписов Ж.А. |
ТК |
Ауыл шаруашылық техниканы сынау |
2 |
Дерепаскин А.И. |
ТК |
Машина жетілдірудің ғылыми-техникалық негіздері |
2 |
Терпиловский Е.Ю. |
ТК |
Ауылшаруашылық машиналарын таңдауды ғылыми негіздеу |
2 |
Кушнир В.Г. |
ТК |
Ауылшаруашылық машиналарын таңдауды техникалық экономикалық негіздеу |
2 |
Кушнир В.Г. |
ТК |
Ескерту. МК – міндетті компонент пәні, ТК – таңдау бойынша компонент пәні (элективтік курс)
Оқулық және ғылыми зертханалары
Кафедра техника және ауыл шаруашылық ғылымдары саласының жоғары білікті мамандарын дайындаумен айналысады. Кафедра оқу жоспарларын және бағдарламаларын, материалды-техникалық базаны, оқу үдерісін қазақ және орыс тілдеріндегі оқу және оқу-әдістемелік материалдармен жетілдіріп отырады.
Машина, трактор және автокөлік кафедрасының оқу аудиториялары көрнекті-ақпараттық стендтармен, әртүрлі макеттермен, қондырғылармен, жұмыс жасайтын стендтермен, ауыл шаруашылық техникалар мен автомобильдермен жабдықталған.
Соңғы жылдары ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметінің басымдық бағыттарына сай кафедраның дамуымен қазіргі заманның жабдықтарымен және стендтармен жабдықталуы айтарлықтай жақсарды.
Кафедраның оқу үрдесін табысты жүргізуі үшін жақсы материалдық базасы бар және оқу-әдістемелермен қамтамасыздандырылған. Студенттердің қолданысында оқу зертханалары, Интернетке шығатын компьютерлік класстар, мультимедиямен жабдықталған арнаулы аудиториялар бар.
Оқу үдерісінің сапалығын қамтамасыздандыру үшін кафедра оқу зертханаларына сәйкес жабдықтар орнатылған: себу машиналары; топырақ өңдеу машиналары; тракторлар мен автомобильдер құрылымы; жанар- жағармай жадиқаттары; мал шаруашылығының технологиялық үдерістерін механикаландыру; жинау техникасы; жем дайындауға және бидайды жинап болғаннан кейін өңдеуге арналған машиналар; азық өңдеу және дайындау; автотракторлық двигательдерді сынақтау, ғылыми зертханалар: өсімдік шаруашылығын механикаландыру; мал шаруашылығын механикаландыру.
«Жанармай, жағар материалдар және техникалық сұйықтар» пәнінің сабақтары жанармай, жағар материалдар және әртүрлі техникалық сұйықтарды арнаулы қондырғылармен және зерттеуге арналған аспаптармен жабдықталған арнаулы зертханада жүргізіледі.
Ғылыми бағыттары
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын механикаландыру обылысының мамандарын халықаралық стандартқа көшіру алға қойылған мақсаттардың бірі. Осы жағдайда аграрлық техника және технологияға аса көп көңіл бөлінеді.
Осы міндетті шешу үшін кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттарда жүргізілуде:
1 Мал шаруашылығын сумен қамтамасыздандыруды механикаландыратын жүйелер мен тіркесімдерді жетілдіру
2 Малдарды жылжытуға арналған қондырғылар тобын құру
3 Органикалық қоқыстарды қолданысқа дайындайтын ағынды-технологиялық қатар жасау
4 Қойларды қырқуға арналған орын жасау
5 Әмбебап қаржыртқыш - қартазартқыш жасау
6 Тұқым мен тыңайтқышты себуге арналған тетікті жетілдіру және жасау
7 Малға азық дайындауға арналған тетіктердің құрылымын жасау
8 Жанар-жағармай жадиқаттарының сапасын анықтауға арналған тетіктердің құрылымын жасау
9 Аз көлемді тұтынатын нысаналардың сумен жабдықтағыштарын жетілдіру
Баспаға шыққан көптеген монографиялар, ғылыми мақалалар, іиегерлік куәліктер мен патенттер, оқулық құралдар осы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері болып табылады.
Тақырып: Мал шаруашылығын сумен қамтамасыздандыруды механикаландыратын жүйелер мен тіркесімдерді жетілдіру.
Техника ғылымының докторы Кушнир В.Г.жетекшілігімен жүргізілуде.
Мақсаты: Жақсартылған су көтеру агрегаты барсумен қамтамасыздандыру сүлбесін жасау
Тосылатын нәтижелер: Қоныстану пункттері мен жануарларды сапалы сумен қамтамасыздандыру
Тақырып: Малдарды жылжытуға арналған қондырғылар тобын құру
Техника ғылымының кандидатыНурписов Ж.А. жетекшілігімен жүргізілуде.
Мақсаты: Жобалық- конструкторлық құжаттарды дайындау, ҒЗЖ және кәсіпорындық сынақтар өткізу.
Тосылатын нәтижелер: өнімділігін 20…40% көтеру, құнарлығының төмендеуін болдырмау және малдар мен қызмет көрсететін қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тақырып: Органикалық қоқыстарды қолданысқа дайындайтын ағынды-технологиялық қатар жасау
Техника ғылымының кандидатыНурписов Ж.А. жетекшілігімен жүргізілуде.
Мақсаты: Жобалық- конструкторлық құжаттарды дайындау, ҒЗЖ және кәсіпорындық сынақтар өткізу.
Тосылатын нәтижелер: Қоршаған ортаның ластануын, өнімді шығарудың знергетикалық шығындарын төмендету (24...46%), ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеру(17...34%).
Тақырып: Қойларды қырқуға арналған орын жасау.
Техника ғылымының кандидатыНурписов Ж.А. жетекшілігімен жүргізілуде.
Мақсаты: Жобалық- қаржылық құжаттарды дайындау және кәсіпорындық сынақ.
Тосылатын нәтижелер: Еңбекөнімділігін 21…28%. көтеру.
Тақырып: Тұқым мен тыңайтқышты себуге арналған тетікті жетілдіру және жасау Техника ғылымының кандидатыЩербаков Н.В.жетекшілігімен жүргізілуде.
Мақсаты: тәжірибелік үлгілерін жасау, кәсіпорында тексеру
Тосылған нәтижелер: Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін 10...15% көтеру.
Тақырып: Малға азық дайындауға арналған тетіктердің құрылымын жасау
Техника ғылымының кандидатыГаврилов Н.В. жетекшілігімен жүргізілуде.
Мақсаты: ҒЗЖтың, кәсіпорындық сынақтың тәжірибелік үлгілерін жасау.
Тосылатын нәтижелер: Өнімділікті 10-15% көтеру, азық дайындаудың шығынын төмендету.
Тақырып: Жанар-жағармай материалдарының сапасын анықтауға арналған тетіктердің құрылымын жасау
Техника ғылымының кандидатыГаврилов Н.В.жетекшілігімен жүргізілуде.
Мақсаты: Техникалық құжаттар дайындау, ҒЗЖтың, кәсіпорындық сынақтың тәжірибелік үлгілерін жасау.
Тосылатын нәтижелер: Жанар-жағармай материалдарының шығындарын төмендету, ЖЖМ сапасын қамтамасыздандыру.
Тақырып Аз көлемді тұтынатын нысаналарды сумен жабдықтағыштарды жетілдіру
Техника ғылымының кандидатыБенюх О.А. жетекшілігімен жүргізілуде.
Мақсаты: Жақсартылған су көтеру агрегаты барсумен қамтамасыздандыру сүлбесін жасау
Тосылатын нәтижелер: Қоныстану пункттері мен жануарларды сапалы сумен қамтамасыздандыру