Магистратура білім беру бағдарламалары
6М060200 — Информатика
- Білім беру бағдарламасы 1 «Бағдарламалау және жобаларды басқару»
Бұл білім бағдарламасының пәндерін оқып үйрену өз алдына объектіге бағытталған бағдарламалау, жүйелік бағдарламалау, автоматтандырылған жүйелерді жобалау және талдау облысындағы жұмыстарды меңгеруді мақсат етеді. Ол ІТ-технологиясы аумағындағы мамандардың заманауи талаптарына жауап беретін кәсіптік біліктілігін арттыру деңгейіне септігін тигізеді.
- Білім беру бағдарламасы 2 «Электроника және телекоммуникациялар»
Бұл білім бағдарламасының пәндерін оқып үйрену бітірушілерге көп арналы телекоммуникациялық жүйелерді енгізу аумағында, эксплуатация және заманауи электронды құрылғыларды жөндеудегі жоғары деңгейдегі мамандық иесі болуға мүмкіндік береді. Бітірушілердің алған білімдері мен дағдылары әртүрлі ұйымдар мен мекемелерде жетекші маман, бөлім бастығы және кәсіпорын жетекшісіне дейінгі деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді.
6М070400 — Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Білім беру бағдарламасы 1 "Автоматтандырылған жобалау жүйесі"
Бұл білім бағдарламасының пәндерін оқып үйренуде бітірушілер жаңа ақпараттық технологиялар базасында және есептеу техникасы мен радиоэлектроника облысындағы автоматтандырылған жобалаудағы интеллектуалды бағдарлама кешендерін бағдарламалау құралдарын құрастыруға, аппаратты бағдарламалық құралдардағы автоматтық технологиялық үрдістер мен өндірістерде, соның ішінде экономикад, медицинада, білім саласы мен басқа да облыстарда есептеу техникасының кез-келген қиындықтағы және әртүрлі деңгейдегі компьютерлік желілерде жұмыс жасауға мүмкіндік алады.
- Білім беру бағдарламасы 2 "Ақпараттық және бағдарламалық инженерия"
Магистрлердің кәсіби қызметі облысындағы Бағдарламалық инженерия бағыты бойынша әртүрлі бағыттағы ақпараттық-есептеу жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету индустриалды өндіріс болып табылады.
- Кәсіби қызметтің объектілері болып табылады:
- Бағдарламалық жоба (бағдарламалық өнімнің жобасын құрастыру);
- Бағдарламалық өнім (жасалатын бағдарламалық қамтамасыз ету);
- Бағдарламалық өнімнің өмір ағымындағы үрдістері;
- Бағдарламалық өнімді құрастырудың құралдары мен тәсілдері;
- Өмір ағымы үрдісіне қатысатын персонал.