Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Бакалавриат білім беру бағдарламалары

 

 

5В060100 Математика мамандығы

 

  •  «Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасы

 

 

«Математикалық және компьютерлік модельдеу» бойынша білім беру траекториясының негізгі мақсаты жаратылыс-физикалық және басқа процестерді математикалық және компьютерлік модельдеуді меңгерту. Операциялық жүйелерді жүйелі басқару, өндірістік және ғылыми жұмыстарды бағдарламалау, берілген базаларды әзірлемелеу және басқаруға дағдыландыру.

 

 

 

 

 

 

  • «Сақтандыру және актуарлық математика» білім беру бағдарламасы

 

 

Актуарий – бұл сақтандыру және әлеуметтік компаниялары үшін шығын мен өтем ақыны есептеумен айналысатын маман. Бұл білім бағдарламасының пәндерін зерттеу арқылы актуарлық математика есептерін шешу және модельдеуге көмектесетін математикалық аппаратты игеруге болады.

 

 

 

 


 

 


5В06200 Информатика мамандығы

 

 

  • «Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы

 

 

Бұл білім беру бағдарламасын оқыту компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен перифериялық құрылғылар, әртүрлі электронды-сандық және аналогты құрылғылардың, процессорлардың, компьютерлік желілердің жұмыс істеу принциптері, серверлер мен локальді жүйелердің жұмысын ұйымдастыру мен баптау, ДК мен перифериялық құрылғыларды техникалық қызмет ету мен жөндеу бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

  • «Компьютерлік графика және Web-дизайн» білім беру бағдарламасы

 

 

 

Бұл білім беру бағдарламасының пәндерін оқыту көрнекіліктер, плакаттар, визиткалар, фотосуреттерді өңдеу, анимациялық роликтарды жасауға арналған әртүрлі қызметтегі графикалық редакторлар, сайттарды өңдеу бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

 


 

 

 

 

 

5В070300  Ақпараттық жүйелер мамандығы

 

 

  • «Телекоммуникациядағы, басқарудағы және байланыс жүйелеріндегі ақпараттық жүйелер» 1 білім беру бағдарламасы

 

Берілген білім беру бағдарласын оқу компьютерлік желілер және жүйелер сәулеті бойынша, телекоммуникациялық жабдықтарды пайдалану бойынша, желісіз байланыс, дербес және серверлік компьютерлер, локальды есептеуіш желілер жабдықтары бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

 

Білім беру бағдарласы аясында сонымен қатар ақпараттық жүйелерді және желілерді жобалаудың аспаптық құралдары, технологиялары және әдістері, интернет-жүйелердегі Web-модельдер, рұқсатсыз кіруден ақпаратты қорғау тәсілдері  және ақпараттың қауіпсіздік қағидалары оқытылады.

 

 

 

 

 

  • «Экономикадағы және қаржыдағы ақпараттық жүйелер» 2 білім беру бағдарламасы

 

Берілген білім беру бағдарласын оқу экономико-математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша, қаржылық талдау әдістері бойынша, интернет-жүйелердегі бизнес-шешімдерді жобалау бойынша, 1С: Кәсіпорын платформасындағы логистика, басқарушылық және қаржылық есепке алудың қазіргі замаңғы ақпараттық технологиялары бойынша білім алуға мүмкіндік береді

 

Білім беру траекториясы аясында сонымен қатар банк және салық облысындағы қазіргі замаңғы ақпараттық технологиялар, Web-сайт   құрлымын басқару және құрастыру аспаптық құралдары  оқытылады.


 

 

 

 

5В070400  Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы

 

 

  • «Басқарудағы қорғалған телекоммуникациялық жүйені бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы

 


Білім беру бағдарламасы өзінің құрамына келесідей пәндерді енгізеді: визуалды бағдарламау, бағдарламау тілдері, кәсіби бағдарламау, компьютерлік графика, интернет желісінде бағдарламалау,.net-бағдарламалау,кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесі, php-де бағдарламалау, sql server – де бағдарламалау.

 

 

 

 

 

 

  • «Дизайн және визуалды анимация» білім беру бағдарламасы

 


Осы пәндердің білім беру бағдарламасы оларға векторлық және растрлық графикамен, видео өндеумен, web-дизайнмен, 3D графика және анимациямен, Flash-анимациямен, екіөлшемді мультипликациялық ақпаратпен танысып білім алуға рұқсат етеді.


PDF