Магистратураның білім беру бағдарламасы
Мамандық 6М050600-Экономика
- Білім беру бағдарламасы «Кәсіпкерліктің экономикасы»
Қазіргі уақытта кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және дамыту мәселесі маңызды болып табылады. Кәсіпкерлікті дамытпай ақ экономикалық дағдарыстан шығу және тұрақты шаруашылық прогресстің даму жолына тұру мүмкін емес. Аталған білім беру бағдарламасын оқу іскерлік цикл жайлы, фирма жетекшісінің немесе кәсіпкердің кәсіби белсенділігінің үдерісі жайлы түсінік алуға мүмкіндік береді. Оқу кезінде әрбір білім алушы бизнес жобалар: өз бизнесін құру, ірі компанияның жаңа бағытын дамыту, әлеуметтік жоба, ммелекеттік ортада кәсіпкерлік жоба жайлы дағдыларды қалыптастырады.
- Білім беру бағдарламасы «Инновациялар экономикасы»
Аталған білім беру бағдарламасы бойынша оқу макродеңгейде инновациялық ортаға салыстырмалы талдау жасау мен қысқа және ұзақ мерзімді кезеңде инновациялық компанияның даму моделі жайлы дағдыларды қалыптастырады. Сонымен бірге жаңа инновациялық идеяның қалыптасуы мен бизнестен шығуына дейін кәсіпкерлік істің әр түрлі аспектілері жайлы түсінік алады. Білім беру бағдарламасы жаңа тауарды өткізу, қызметтік команданы басқару бойынша жауапты болу, белсенділігін таныту қаблеттерін білім алушыда қалыптастырады.Сонымен қатар жаңа тауарды нарықтық бағалау үшін қажетті мәліметтерді жинау және талдау әдістерін үйретеді.
- Білім беру бағдарламасы «Қаржылық экономика»
Осы берілген білім беру бағдарламасы бойынша оқыту ұзақ және қысқамерзімдерінде компанияның қаржылық үлгісінде және макродеңгейдегі қаржылық ортасын жүйелі таңдау барысында тәжірибе алуға мүмкіншілік береді. Магистранттар жалпыэкономикалық және жаhандандыру беталысындағы нарығында ақшалай-несиелік және қаржылық институттардың дамуы жөніндегі аспектілері бойынша түсініктемелер алады.
- Білім беру бағдарламасы « Экономика саласындағы есеп, талдау және аудит»
Осы берілген білім беру бағдарламасы бойынша компания мен әр түрлі ұйымдарының нәтижелі артуы үшін өте қажетті түбегейлі есебін шешу үшін олардың қайта құрылымындағы мұқтаждығы және ақпараттық ағынын талдау, тәжірибеде қаржылық есеп беруін құру мен бухгалтерлік есебінің теориялық жағдайын өз бетінше қолдануда дағдысын алуға мүмкіншілік береді. Магистранттар бухгалтерлік есеп және аудитті терең меңгерген экономика облысындағы ғылыми -зерттеу қызметін енгізу үшін қажетті дайындықтар алады. Бухгалтерлік есеп бойынша жоғары білікті маман бола отырып, сіздер менеджердің әр тобында басты басшысы боласыз.
- Білім беру бағдарламасы « «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауыл территориясының дамуы» білім беру бағдарламасы
Осы берілген білім беру бағдарламасы ауыл шаруашылығы мен ауыл территориясын дамытуда келесідегідей бағыттары бойынша мамандарды әзірлеуге бағытталған: айналадағы қоршаған ортаны қорғау, экономикалық және жергілікті мекендерді әлеуметтік дамыту. Осы білім беру бағдарламасы бойынша түлектер өндіріс технологиясы жөнінде, ауыл шаруашылықтары бойынша туындаған сұрақтары жөнінде, табиғи климаттық мүмкіншілігі бар жергілікті тұрғындардың жағдайы мен дағдысы негізінде әлеуметтік және экологиялық жергілікті мекендердің негізгі дамуы жөнінде мәліметтер алады.
Мамандық 6М050700-Менеджмент
- Білім беру бағдарламасы «Саудалық менеджмент»
Аталған білім беру бағдарламасы коммерциялық кәсіпорынды оның операциондық, инвестициялық және қаржылық үдерістері кезінде басқарудың негізгі мәселелерін қарастырады. Білім беру бағдарламасында саудалық және коммерциялық ұйымдардың қызмет ету заңдарын, кәсіби қызметтің ортасында ақпаратты экономикалық талдаудың әдістерін, саудалық менеджментте жоспарлаудың, ұйымдастырудың, бақылаудың жалпы принциптерін бейнелейтін жеткілікті теориялық және тәжірибелік бағыты бар. Магистранттар кәсіпкерлік, коммерциялық істің білімімен ғылыми зерттеу қызметін жүргізу үшін менеджмент облысында қажетті дайындықты алады.
- Білім беру бағдарламасы «Аграрлық менеджмент»
Аталған білім беру бағдарламасын меңгеру экономиканы тиімді басқару, өндірісті ұйымдастыру және технология, техника, салалық спецификасын есепке ала отырып барлық ұйымдастырулық құқықтық насандағы АӨК кәсіпорындардың әлеуметтік дамуын және өндірісті қамтамасыз ететін теориялық және тәжірибелік, ғылыми әдістерді игеруге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасы аграрлық менеджменттегі жалпы принциптерді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, ауыл шаруашылық ұйымдарының қызмет ету заңдарын бейнелейтін жеткілікті теориялық және тәжірибелік бағытты қалыптастырады. Магистранттар аграрлық менеджмент облысында ғылыми зерттеу қызметін жүргізу, әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен үдерістер туралы талдамалы материалдарды дайындау, ауылшаруашылық ұйымдары қызметінің әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінде өзгеріс қарқынын айқындау үшін қажетті дайындықты алады.
- «Мемлекеттік менеджмент» білім беру бағдарламасы
Осы берілген білім беру бағдарламасын меңгеру мемлекеттік басқару жүйесінің әдістері мен түрлері жөніндегі білімді игеруге, қазіргі кезеңге сәйкес мемлекеттік билік органдарын қалыптастыруға жағдай жасайды.Магистранттар билік органы қызметі негізінде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мен өңдеу облысында ғылыми -зерттеуді енгізу үшін, мемлекеттік билік органының қоғамдық қызметімен байланысы бойынша технологиясына, басқарушылық шешім негіздемесі мен дайындығы үшін қажетті ақпараттрады талдау мен өңдеуге, сонымен қатар олардың шешімі бойынша әзірлеу мен мемлекеттік басқару облысындағы мәселелерді талдауға қажетті дайындықтан өтеді.
- «Логистикалық менеджмент» білім беру бағдарламасы
Осы берілген білім беру бағдарламасын игеру магистранттарға толығымен логистикалық менеджменттің әдістері мен түрлері жөнінде мағлұмат алуға, шоғырландыру үдерісін басқаруға, қазіргі жағдайдағы ақпараттық ағын қозғалысы мен бөлуге түсініктеме алады. Магистранттар бизнес ұйымының операциондық логистикалық қызметін жүзеге асыру мен жоспарлау үшін, тасымалдаудың қазіргі логистикалық технологиясының операциондық қызметін қолдану үшін, жабдықтау тізбегінде сатып алу мен тапсырысты оперативтік басқару есебін шешу үшін қажетті дайындықтардан өтеді.