Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ғылыми бағыттар

 

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономика факультетінің ғылыми-зерттеу жұмысы әлемдік экономиканың посткризистік даму тенденцияларын, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік приоритеттеріне сай келетін экономиканың инновациялық даму мәселелерін зерттеуге бағытталған. Ғылыми-зерттеу жобалары ҚР БҒМ, сонымен қатар зерттеу шаруашылық келісімдерімен үйлестірілетін іргелі және қолданбалы ҒЗЖ бойынша орындалды.  

 

Жүргізілген ғылыми зерттеулер спектрінің анализі зерттеулердің іргелі тақырыптарымен қатар қолданбалы тақырыптарының бар болуын көрсетеді, бұл ҒЗЖ осы параметрлерінің жағымды бағалауына мүмкіндік береді. Экономика факультетінің қаржы, экономика және басқару саласында ірі ғалымдар қызмет етеді, олардың ғылыми қызметтерінің арқасында елге танылған және атақты ғылыми мектептер құрылған және қызмет етеді.  

 


Экономика факультетінің кафедраларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары 


Басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасы

Нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік- экономикалық жүйелерді басқару тетігін жетілдіру және өңдеу 

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

ҚР салық есебін ұйымдастыру мен бақылау және  оларды жетілдіру

Қаржы және банк ісі кафедрасы

Қазақстанның  қаржылық-несиелік жүйесінің өзекті мәселелері

Экономика кафедрасы

 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аймақтық бағдарламаларды экономикалық негіздеу 

 

 

 

 

 

2012 жылы экономика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми-зерттеу жұмысын өткізді және ғылыми жобалар мен бағдарламаларға белсенді қатысты.  



PDF