Ғылыми жетістіктер
Экономика факультетінің ПОҚ ғылыми-зерттеу қызметі келесідегідей негізгі нәтижелерімен сипатталады:
1. 2010-2012 жылдары экономика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен жалпы көлемі 127,22 б.б. 86 бірлігімен ғылыми-өндірістік әдебиеттер шығарылды.
2. 2010-2012 жылдардағы ПОҚ ғылыми мақалалары Қазақстанның мерзімділік басылымдарында, алыс және жақын шетелдерінде жалпы көлемі 177,75 б.б. 340 бірлік санында жарияланған.
3. 2010-2012 жылдарда факультетте 3 халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 6 студенттік ғылыми конференция өткізілді, бұл А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ беделіне жағымды ықпалын тигізеді.
Университеттің ПОҚ жүйелі түрде өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін әр түрлі оқу-әдістемелік, халықаралық ғылыми- практикалық конференциялары мен семинарларында байқаудан өткізеді, әр түрлі телеканалдарында және бұқаралық ақпараттарында сұхбат береді.
ҒЗЖ нәтижелілігінің толық бағасын ашатын маңызды көрсеткіштері болып экономика факультетінің ПОҚ ғылыми жарияланымы табылады.
Факультет ПОҚ-ң шыққан ғылыми еңбектерінің мәліметтері мен динамикасы сурет 1 көрсетілген.
Сурет 1. 2011-2013 жылдарда шыққан ғылыми жұмыстар көлемі, бірл
Сурет 2 конференциялар деңгейі бойынша жарияланған жұмыстар құрылымы көрсетілген. ЭФ ПОҚ мақалаларын Польша, Болгария, Чехия шетел журналдарында– 88, мақала, шығаруды қалайтынын атап өткен жөн; Қазақстан территориясында өткізілетін халықаралық конференцияларда 50 мақала, ТМД елдерінде – 31 және аймақтықта – 26 мақалалар шықты. 2013 жылы студенттер және магистрантармен бірге шыққан басылымдар көлемі ұлғайды.
Біздің факультетімізде өткізілген ғылыми іс-шаралар жылдан жылға артуда. Факультет қызметінің ең бір бағыты болып кәсіпкерлік секторға жоғарытиімді ғылыми өңдеулерді енгізу табылады. Осыған сәйкес ҚР ауыл шаруашылығының Министрлігінің және «КазАгроинновация» АҚ қолдауымен 2009 жылдан бастап Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені сферасында білімін жетілдіру жүйесін дамыту бойынша жоба жүзеге асырылады және АӨК жұмысшыларының біліктілігін арттыру бойынша курстар өткізіледі.
«Экономикалық теория және салалық экономиканы дамытудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми- практикалық семинары.Халықаралық ғылыми- практикалық семинарының ұйымдастырушылары оқытушылар мен экономика Институтының ғалымдары болды (Челябі қ.).
Сондықтан, факультеттің ғылыми-зерттеу жұмысы Қазақстанның ірі ғылыми және зерттеу орталығының сапасы ретінде университеттің одан әрі дамуына, ғылыми және ғылыми-педагогикалық мектептерінде дамытуға, университеттің жоғарытехнологиялық инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.