Тарихы
Экономикалық профильді жоғары білімді мамандарды дайындаудың алғашқы негіздері Целиноград ауыл шаруашылық институтының Қостанай филиалы эконмоика және ауыл шаруашылық өндірісті ұйымдастыру кафедрасында қаланды. 1975 жылы филиал дирекциясының өтініші бойынша, ауыл шаруашылығының облыстық басқармасымен қолданған (С.Н. Струков), ҚАШИ ректораты (М.А. Гендельман) «Экономика және ауыл шаруашылық өндірісті ұйымдастыру» мамандығының күндізгі оқу бөлімінің 1 курсына алғашқы 50 студентті (52 адам қабылданды) қабылдауға рұқсат берді.
Мұндай шешімнің қажеттілігі ауыл шаруашылық өндірістің түрлі профилді мамандардағы қажеттілігімен туындады, ал мүмкіндігі жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлардың болуымен негізделді. Экономика және ауыл шаруашылық өндірісті ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі қызметіне таңдалған экономика ғылымдарының кандидаты И.Я. Петренко бұрын совхоз директоры болып жұмыс істеді, доценттер Е.Р. Витун, Р.З. Белянина, П.И. Коваль, аспирант-сырттай білім алушы А.И. Стогов, аға оқытушылар Л.И. Гоппе, И.В. Измер, М.А. Мирманова кафедраға келгенде тәжірибелік қызметтің машықтарына ие болды. Бұл кафедрада ғылыми жұмысты бұрын ауыл шаруашылығының аудандық басқармасының бас маманы болып қызмет еткен филиал директоры А.А. Образ да атқарды. 1978 ж. кафедра тағы бір экономика ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығының облыстық басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі А.И. Хмелевскиймен толықтырылды.
1977 ж. студенттер санының артуына байланысты экономикалық факультет ұйымдастырылды. Бірінші декан болып э.ғ.к., доцент Витун Емельян Романович тағайындалды, кейін ол Гродный ауыл шаруашылық институтының ректоры қызметін атқарды.
1978ж. 13 маусымында КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Целиноград ауыл шаруашылық институтының Қостанай филиалы негізінде Қостанай ауыл шаруашылық институты құрылды. Филиалды жеке институтқа қайта ұйымдастырғаннан кейін қосымша келесі кафедралар ұйымдастырылды: ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп және есептеу техникасы (кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент К.Ж. Жапаров); ауыл шаруашылық өндірісті ұйымдастыру және басқару (кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент А.А. Образ).
1978 ж. тамыз айынан экономикалық факультеттің күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің екі мамандығы бойынша дайындық жүргізілді. 1980 ж. "Ауыл шаруашылық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы" мамандығы бойынша 52 адам санында студенттердің алғашқы шығарылымы болды. 1991 жылға дейін жыл сайын ҚАШИ экономикалық факультетінде күндізгі бөлімде 15 студент және сырттай бөлімде 100 студент шығарылды.
Алғашқы шығарылымның студенттері қазіргі кезде де көптеген мекемелерде және ұйымдарда қызмет етеді. Олардың көбісі облыстың халық шаруашылығының түрлі құрылымдық бөлімшелерінің жетекші мамандары мен жетекшілері болып табылады. Экономика ғылымдарының докторы, профессор О.В. Мишулина қазіргі уақытта да біздің университетте қызмет етеді; э.ғ.к., профессор Р.А. Притула М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті экономикалық факультетінің деканы болып табылады; э.ғ.к., доцент Е.В. Васильчук біздің университеттің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасында білім береді; аға оқытушы И.И. Горелова университеттің экономика және басқару кафедрасында көптеген жылдар бойы қызмет етті.
МЕК отырысы Солдан оңға қарай: Белянина Р.З., Жапаров К.Ж., Петренко И.Я.
|
1990 ж. дипломдарды тапсыру ҚАШИ ректоры С.Б.Исмуратов
|
«Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының түлектері, 1994 ж.
Қостанай ауыл шаруашылық институты экономикалық факультеттің декандары болып қызмет етті: Е.Р. Витун (1977-1979 жж.), А.И. Стогов (1979-1980 жж.), В.А. Мирошник (1980-1985 жж.), Р.З. Белянина (1985-1988 жж.), О.В. Мишулина (1988 ж.), С.М. Жиентаев (1989-1991 жж.), М.Б. Жахеева (1991-1999 жж.), Н.Т. Абатов (1999-2000 жж.).
Әр түрлі жылдары экономикалық мамандықтардың кадрларын дайындауға көп үлес қосты: э.ғ.к., доцент А.А. Образ, э.ғ.д., профессор П.И. Чужинов, профессор, э.ғ.к. И.Я. Петренко, э.ғ.д., профессор С.М. Жиентаев, э.ғ.д., профессор О.В. Мишулина, экономика ғылымдарының кандидаттары, доценттер М.Б. Жахеева, П.И. Коваль және басқалары.
Әр түрлі жылдардағы ҚАШИ экономикалық факультеттің оқытушылары
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономикалық факультетінің құрылу тарихы 1992 жылдан басталады. Университетте педагогикалық институтты қайта ұйымдастырғаннан кейін бірқатар жаңа, соның ішінде экономикалық бағытты мамандықтардың ашылуына рұқсат етілді. Экономикалық мамандықтардың ашылуы мен қалыптасуы математикалық факультеттің негізінде жүзеге асырылды, кейіннен ол қызметінде 2001 жылдың қыркүйегіне дейін болған, физика-математикалық ғылымдар кандидаты, эконмоика ғылымдарының кандидаты, доцент Ф.Ф. Майердің жетекшілігімен экономикалық-математикалық факультетке қайта ұйымдастырылды. Студенттерді қабылдау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылды: "Бизнес және менеджмент", "Маркетинг және коммерция".
Бірінші мамандықты э.ғ.к., доцент Б.К. Жуманова басқарған экономика және менеджмент кафедрасы қамтамасыз етті. Екінші мамандықты маркетинг және коммерция кафедрасы қамтамасыз етті, меңгерушісі сол уақытта техникалық ғылымдардың кандидаты, кейін экономика ғылымдарының докторы болған Т.К. Кулубеков. Мамандарды дайындау шетел тілдерін терең меңгерумен жүзеге асырылды.
2000 ж. 14.02.2000 ж. №236 ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде Қостанай ауыл шаруашылық институты мемлекеттік университетке қосылды. ОСыған байланысты құрылымдық қайта ұйымдастыру жүргізілді: екі жоо-ның экономикалық факультеттерін А.Байтұрсынов атындағы біртұтас экономикалық факультетіне біріктіру, оны э.ғ.к., профессор Майер Федор Федорович басқарды.
Елдегі жаңа экономикалық жүйенің құрылуы және осыған байланысты туындаған қалыптасулар абитуриенттердің экономикалық факультеттің мамандықтарына деген қызығушылығын жандыртты. Жылдан жылға студенттер саны ұлғайды, факультет кеңейді, кафедралардың құрамы мен атауларында өзгерістер пайда болды. 2001 ж. қыркүйегінен факультетте жаңа "Қаржы және несие" мамандығы ашылады. Осы мамандық бойынша шығарушы кафедра болып факультетте 2001 ж. желтоқсанында ұйымдастырылған және э.ғ.к., доцент Б.Б.Кусаиновпен басқарылған қаржы кафедрасы табылды.
2001 ж. қыркүйегінде экономикалық факультет экономика және қаржы институтына қайта құрылды, институт директоры болып э.ғ.д. С.М.Жиентаев тағайындалды, ол осы қызметте 2006 ж. дейін қызмет етті. Институтта 8 кафедра болды: экономикалық теория (кафедра меңгерушілері К.К. Байгабулова, А.Р. Казаирова, А.П. Коваль), менеджмент және маркетинг (кафедра меңгерушілері Т.К. Кулубеков, А.А. Образ), бухгалтерлік есеп және аудит (кафедра меңгерушілері К.Ж. Жапаров, Н.А. Мукимбекова), экономикалық кибернетика (кафедра меңгерушілері Н.Н. Вардиашвили), қаржы (кафедра меңгерушілері К.К. Джукеева, З.К. Есимханова, А.И. Абаева), экономика (кафедра меңгерушісі Б.К. Жуманова), агробизнесті ұйымдастыру (кафедра меңгерушісі М.Б. Жахеева), шетел тілдер (кафедра меңгерушісі В.П. Касьянова). 2006 жылдан 2009 жылға дейін университеттің экономика және қаржы институтының директоры э.ғ.к., доцент А.И. Дощанова болды.
Қазіргі уақытта эконмоикалық факультетте 1000-нан астам студент оқытылады, олардың 58%-ын күндізгі оқу бөлімінің студенттері құрайды, 4 түлек шығарушы кафедралар қызмет етеді: экономика және басқару кафедрасы (кафедра меңгерушісі э.ғ.д. С.М. Жиентаев) – 5В050600-Экономика, 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6М050600-Экономика мамандығы бойынша магистратура; менеджмент және маркетинг кафедрасы (кафедра меңгерушісі э.ғ.д. О.В. Мишулина) – 5В05070-Менеджмент, 5В051100-Маркетинг, 6М050700-Менеджмент мамандығы бойынша магистратура; бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы (кафедра меңгерушісі Е.И. Ладаненко) – 5В050800-Есеп және аудит; қаржы және банк ісі кафедрасы (кафедра меңгерушісі Д.С. Кенжебекова) – 5В050900-Қаржы.
Факультет қызметінің стратегиялық мақсаты білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, қазақстандық қоғамды жетілдіруге лайықты салым жасай алатын студенттік жастардың толыққұнды дамуы және өзін өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау болып табылады.
Факультет қызметінің басым бағыттарының бірі ғылымды дамыту, ҚР БҒМ ғылым Комитеті жариялаған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру сайысына қатысу болып табылады.
Факультеттегі кадрларды дайындаудың деңгейі туралы студенттер мен түлектердің жетістіктері бойынша айтуға болады. Олар жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың ауқымы кең: мемлекеттік басқару мен бақылау органдары (салық және кеден комитеттері, барлық деңгейдегі әкімдіктер, шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындары, консалтингтік фирмалар және басқалары). Қазіргі уақытта біздің түлектер Қостанайдың, Астананың, Алматының, Көкшетаудың және Қазақстанның басқа қалаларының бірқатар ұйымдарында, соынмен қатар шет елдерде (АҚШ, Германия және басқа елдерде) табысты қызмет етеді.
Экономикалық факультеттің көптеген түлектері түрлі мемлекеттік басқару органдарының, құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ғылым мекемелерінің және түрлі деңгейлі бизнес кәсіпорындарының жауапты қызметкерлері және жетекшілері болып табылады:
Ахметов Батырбек Мыкансалыкович – 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары Басқармасының басшысы.
Абенов Арман Таргинович – Қостанай облысы әкімдігі аппаратының жетекшісі.
Быстряков Александр Яковлевич – РФ Президенті қарамағындағы мемлекеттік қызметтің Ресей академиясының әлеуметтік және экологиялық жүйелерін басқару кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор.
Дощанова Алма Иргибаевна – э.ғ.к., доцент, Қостанай политехникалық колледжінің директоры, АӨК мәселелері бойынша ұлттық кеңес беруші, «Бизнес-советник» бағдарламасы бойынша бизнес-жаттықтырушы.
Притула Раиса Алексеевна – э.ғ.к., профессор, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің экономикалық факультет деканы.
Коваль Андрей Петрович – э.ғ.к., доцент, А.Байтұрсынов атындағы экономикалық зерттеулер Орталығының директоры.
Синицина Галина Владимировна – Челябі облысының экономикалық даму Министрінің бірінші орынбасары.
Томилина Наталия Васильевна – салық заңнамасын айқындау және апелляция басқармасының басшысы.
Тулегенова Жанар Сагиндиковна – Қарабалық ауданы бойынша ақпаратты қабылдау және өңдеу Орталығының басшысы.
Подчинёнов Виктор Николаевич – "Иволга-Холдинг" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары және басқалары.