Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Студенттік деканат

Студенттік деканаттың негізгі функциясы – ұжымның жұмысқа қабілетті органдарын құру жолымен факультеттің жұмыстарын басқаруға факультеттің барлық студенттерін саналық және жүйелік қатысуға тарту болып табылады.

Студенттік деканаттың негізгі мақсаты – студенттердің мүдделерін білдіруге, шығармашылық мүмкіндігі мен кәсіби өсуін дамытуға, адамгершілік бағытына және өмірдің барлық салаларында өзін көрсетуге әсерін тигізетін шешім қабылдау процесіне студенттік жастарды тарту.

Студенттік деканат А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ тәрбие жұмысы және қоғаммен байланыс департаментімен, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ жастар істері жөніндегі басқармамен, деканатпен және аграрлық-биологиялық факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасарымен өзара әрекеттесе жұмыс істейді.  Студенттік деканат – аграрлық-биологиялық факультетіндегі өзін-өзі басқарудың дербес сайлау органы.

 


PDF