Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Спорт

Факультетте спорттық шараларға үлкен көңіл бөлінеді. Жыл сайын біздің факультеттің студенттері университеттік шараларда жүлделі орын алып жүр. 2012 жылы бірінші курстар арасындағы дәстүрлі жарыстарда волейболдан жасөспірімдер бірінші орын, қыздар – екінші орын; стритболдан – екінші орын; «Агрономия» мамандығының студенті Дустьяров Руслан шахматтан бірінші орын алды.

Жеңіл атлетикадан жарыста біздің бірінші курс студенттері Гернер Елена мен Жетпісбай Гүлзат көзге түсті.

 

      

 

Біздің студенттердің арасында жоғары нәтижелерге жетіп жүрген студенттерде бар.

Осипов Александр – 5В060700-Биология мамандығының 3 курс студенті. Шаңғы жарыстары бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

- Туркияның Эрзурум қаласында өткен Дүниежүзілік универсиаданың қола жүлдегері (2011 ж.)

 

   

Юсупов Эдуард – 5В080100-Агрономия мамандығының 3 курс студенті. Қоян-қолтық ұрыс бойынша спорт шеберлігіне үміткер:

- областың үш дүркін чемпионы (2010, 2011, 2012 ж.);

- «Золотая осень» республикалық турнирінің екі дүркін чемпионы (2011, 2012 ж);

 

 Mеньшенин Антон – 5В080100-Агрономия мамандығының 3 курс студенті. «Жекпе-жек» бойынша спорт шеберлігіне үміткер:

- СҚО чемпионы, Петропавл (2012 ж.);

- Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері, Петропавл (2012 ж.).


 

 

 

 

 

 

Ведяйкин Александр – 5B073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығының 1 курс студенті. Шаңғы жарысы бойынша облыс құрамасының мүшесі. Шаңғы жарысы бойынша спорт шеберлігіне үміткер: 

- Областың абсолютті чемпионы (2008, 2009 ж);

- Шаңғы спорты фестивалінің жеңімпазы (2008, 2009, 2010 ж).

 


 

 

 

 

 

Самолюк Дмитрий - «Өңдеу өңдірістерінің технологиясы» мамандығының 4 курс студенті.  Пауэрлифтинг бойынша үшінші дәрежеге ие:

- Пауэрлифтинг бойынша облыстық жарыстарда 1 орын  (2012 ж.);

- Универсиада 2 орын (Петропавл қ, 2012 ж.);

- Облыс чемпионатында 2 орын (Рудный қ, 2011 ж.).

 

 

 

 

 

 

2012 жылғы универсиадада (Петропавл қ.) пауэрлифтинг бойынша 1 орын алған А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ командасы. Команда құрамында біздің 4 студент бар. Самолюк Д., Акшалов Р., Фролов Е., Суходолец В. 

 

 

 

 

 

 

 

 


PDF