Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Студенттік өзін-өзі басқару

 

Студенттік өзін-өзі басқару – оқуды, тұрмысты, бос уақытты ұйымдастыру бойынша өмірлік маңызды мәселелерін шешу жөніндегі студенттердің ынталық, дербестік және  жауапты қызметі. Студенттік өзін-өзі басқару факультетте оқу-тәрбиелік процесті басқарудың жалпы жүйесінің элементі болып табылады және студенттердің қоғамдық пікірін зерттеу негізінде олардың мүддделерін, қажеттіліктерін есепке алуды қарастырады.

Студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі мақсаттары болып табылады:

- студенттердің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау;

- студенттердің мүдделеріе қатысты білмі беру, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да мәселелерді шешуде студенттерге көмек көрсету;

- жастардың әлеуметтік жауаптылық сана-сезімін дамыту үшін жағдайлар жасау, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге қатысу;

- студенттердің демократиялық дәстүрлерін сақтау және дамыту;

- білім беру мен ғылыми міндеттерді шешуге, тәрбиелік процестерді және студенттердің бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруға басқару органдарына көмек көрсету.

Студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі міндеттері болып табылады:

- студенттерде оқуға, қоғамдық қызметке қатысты жауапты және шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастыру;

- студенттердің азаматтық, әлеуметтік және кәсіби дамуына көмек көрсету;

- студенттердің ғылыми және кәсіби мүдделерін есепке ала отырып білім беру процесінің сапасын көтеру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

- студенттік қоғамдық шараларды, студенттік конференцияларды, дөңгелек стөлдерді, түлектермен кездесулерді және т.б. ұйымдастыру;

- патриоттық рухты тәрбиелеуге, студенттердің санасын және олардың өздерінің білім деңгейіне деген талаптарын көтеруге, мемлекеттік мүлікке деген ұқыпты қатынасты тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарды жүргізу.

Студенттік өзін-өзі басқару – құқықтық және демократиялық қоғамда өмірге белсеңді азаматтарды дайындаудың жолдарының бірі, сондықтан факультетте студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту тұлғаның қалыптасуына көмектесетін үлкен қоғамдық мәнге ие.


PDF