Магистратура
6М060600-Химия мамандығы
1 білім беру бағдарламасы «Катализ»
Берілген оқу бағдарламасы биологиялық катализаторлардың қатысуымен болатын процестерді терең қарап шығуға мүмкіндік береді. Катализ түрін қарастыруда экологиялық зерттеу кеңінен қолданылады. Технологиялық процестерде катализдерді қолдануда, жүйелік спектроскопия, гетерогенді катализ, пәнді оқуда ферментативтік механизм туралы түсінікті игеруге көмектеседі.
Берілген білм беру бағдарламасының пәндерін оқу қоршаған орта: топырақтың, судың, ауаның монитронгімен байланысты мәселелерді тереңірек қарастыруға мүмкіндік береді. Дәрілік өсімдіктердің, тамақ өнімдерінің құрамына кіретін компоненттерді зерттеу.
6М060700-Биология мамандығы
1 білім беру бағдарламасы «Қәзіргі заманғы ботаника»
Берілген білім беру бағдарламасы магистратура түлектеріне балдырларды жүйелеу, жоғары сатыдағы өсімдіктер жүйелеу, өсімдік физиологиясының концепциясы мәселелерінде ақпараттарды іздеу мен құру әдістерін игеруге мүмкіндік береді.
Берілген білім беру бағдарламасының пәндерін оқу адам және жануарлар физиологиясының фундаментальді, жастық психофизиология және хронобиологиясымен байланысты мәселелерін тереңірек қарастыруға мүмкіндік береді.
6М080100-Агрономия мамандығы
1 білім беру бағдарламасы «Танап шаруашылығы»
Берілген бағдарлама бойынша білім алатын магистранттар Солтүстік Қазақстанның әртүрлі топырақты-климаттық аймақтары шарттарында танаптық дақылдарды өсіру технологиясы, топырақ құнарлығын сақтау мен көтеру технологиясының негіздері және агрохимия бойынша тереңдетілген білім мен икем ала алады.
Берілген бағдарлама бойынша білім алатын магистранттар жаңа сорттар мен гибридтерді сынау мен селекциялық жұмыстарды жүргізу әдістемесі, танаптық (дәнді, дәнді бұршақ, майлы) және азықтық дақылдардың селекциясы мен тұқым шаруашылығының биологиялық негіздері бойынша тереңдетілген білім ала алады.
6М091100-Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару мамандығы
1 білім беру бағдарламасы «Геоэкология»
Берілген бағдарлама бойынша білім алатын магистранттар қалдықтарды басқару, геоэкологиялық мониторинг пен қоршаған орта сапасы, экологиядағы математикалық әдістер мен модельдеу, геоэкологиялық жобалау мен сараптау бойынша тереңдетілген білім мен икем ала алады.
Берілген бағдарлама бойынша білім алатын магистранттар қоршаған ортаны қорғаудағы ақпараттық технологиялар (ГАЖ және экологиялық картографирлеу), ауылдық және қалалық аймақтардың тұрақты дамуы, табиғи орта мен биоәртүрлілікті сақтау бойынша тереңдетілген білім ала алады.