Бакалавриат
5В060700- Биология мамандығы
1 білім беру бағдарламасы «Ландшафты дизайн»
Ландшафты дизайн – жасыл құрылысындағы кіші сәулеттiк формаларды қолданылуы, бақша-саябақтық отырғызуларды, көгалдарды, төбелердi көгалдандыру, сәулеттендiру және ұйымдастыру бойынша өнері және практикалық әрекеттері. Ландшафты дизайнының басты мiндетi – ғимараттардың инфрақұрылымын қолдану ыңғайлылығымен үйлесімділік пен әсемдiктi жасау.
2 білім беру бағдарламасы «Ормантану»
Ормантану – орман шаруашылығының теориялық негiзi, орманды табиғи географиялық құбылыс ретінде зерттейтін ғылыми базасы. Ормантану ортаның үздiксiз өзгеретiн жағдайларымен (ауа райы, бедері, топырақ, өсiмдiктер, фауна, адам) байланысты ағаш тұқымдарының және олардың үйлесімдерінің биологиялық-орман шаруашылық қасиеттерін, тұқымдар ауысымының процестерiн, орманның қалпына келуін және қалыптастыруын қарастырады.
5В060800- Экология мамандығы
1 білім беру бағдарламасы «Биоэкология»
Биоэкология ағзалар мен ағза үстіндегі жүйелердің өмір сүруі мен құрылымының негізгі принциптерін, өзара және мекен ететін ортамен қарым-қатынасын зерттейді.
2 білім беру бағдарламасы «Геоэкология»
Геоэкология геологиялық ортаның табиғи ортаның басқа да құрамдары – атмосферамен, гидросферамен, биосферамен заңдық байланыстарын (тікелей және қайтымды) зерттейді, адамның шаруашылық қызметінің барлық көрінісіндегі әсерін бағалайды және ғылым ретінде геология, геохимия, биология және экология қиылысында қарастырады.
5В072700 – Азық-түлік тағамдарының технологиясы мамандығы
1 білім беру бағдарламасы «Консерві және тағамдық концентраттар технологиясы»
Осы білім беру бағдарламасының түлектері жемістерді, көкөністерді, етті, балықты, сүтті, тағамдық конценттраттарды консервілеу технологиясында, бала өнімдерді, қызметтік тамақтану технологиясында және қоғамдық тамақтану өнімдерінің технологиясында жұмыс істей алады
2 білім беру бағдарламасы «Қоғамдық тамақтандыру және арнайы тағайындалынған өнімдер технологиялары»
Түлектер мейрамханаларда, кафелерде, асханаларда, өңдірістің меңгерушісі, технологиялық цехтардың бастығы, азық-түлік шикізатының, жартылай фабрикаттардың және дайын аспаздық өнімдердін сапасын бақылау мен сертификаттау бойынша қызмет инспекторы ретінде, бас-аспазшы және технолог ретінде жұмыс істей алады.
5В072800 – Өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығы
1 білім беру бағдарламасы «Астықты сақтау және өңдеу технологиясы»
Түлектердің кәсіби қызмет саласы - элеваторлар, өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары, жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдары, әртүрлі меншіктегі фирмалар. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілеріне элеваторлар, ұн зауыттары, жарма зауыттары, құрамажем зауыттары жатады. Түлектердің кәсіптік қызмет пәндеріне астық және жарма дақылдарының астығы, ұн, жарма және астықты дайындау мен сақтау бойынша, диірмендердің, жарма зауыттарының, жемазықтық зауыттардың технологиялық жабдықтары жатады.
2 білім беру бағдарламасы «Нан, макарон және кондитер бұйымдарының технологиясы»
Түлектердің кәсіби қызмет саласы – өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары, жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдары, әртүрлі меншіктегі фирмалар. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілеріне нан зауыттары, макарон және кондитерлік фабрикалар, қант және крахмалсірне зауыттары жатады. Түлектердің кәсіптік қызмет пәндеріне ұн, жарма, нан, нан бұйымдары, макарон және кондитер бұйымдары, қант, крахмал, крахмалды сироптар, модифицирленген крахмалдар және диірмендердің, нан зауыттарының, макарондық және кондитерлік фабрикалардың, қант және крахмалды-сірне зауыттарының технологиялық жабдықтары жатады.
5В073200 – Стандарттау, сертификаттау, метрология мамандығы
1 білім беру бағдарламасы «Астық кешеніндегі стандарттау, сертификаттау және метрология»
Кәсіби қызмет саласы – астық кешенінде өнімге (қызметке), процеске (жұмысқа), жүйеге және оларды жасауға қойылатын нормаларды, ережелерді және талаптарды орындау. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілеріне астық кешенінің өніміне (қызметіне), процесіне (жұмысына) тікелей қатысы бар басқару органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншіктегі ұйымдар мен кәсіпорындар жатады. Түлектердің кәсіптік қызмет пәндеріне астық кешенінде қолданылатын нормативтік және нормативті-техникалық құжаттама, өлшеу құралдары, сынау мен бақылау, метрологиялық қамтамасыздандыру жатады.
2 білім беру бағдарламасы «Өңдеу кешеніндегі стандарттау, сертификаттау және метрология»
Кәсіби қызмет саласы – өңдеу кешенінде өнімге (қызметке), процеске (жұмысқа), жүйеге және оларды жасауға қойылатын нормаларды, ережелерді және талаптарды орындау. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілеріне өңдеу кешенінің өніміне (қызметіне), процесіне (жұмысына) тікелей қатысы бар басқару органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншіктегі ұйымдар мен кәсіпорындар жатады. Түлектердің кәсіптік қызмет пәндеріне өңдеу кешенінде қолданылатын нормативтік және нормативті-техникалық құжаттама, өлшеу құралдары, сынау мен бақылау, метрологиялық қамтамасыздандыру жатады.
5В080100- Агрономия мамандығы
1 білім беру бағдарламасы «Танап шаруашылығы»
«Танап шаруашылығы» бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер Солтүстік Қазақстанның әртүрлі топырақты-климаттық аймақтары шарттарында танаптық (дәнді, дәнді бұршақ, майлы) дақылдарды өсіру технологиясы бойынша терең білім ала алады. АӨК агрономиялық кадрларға деген негізгі қажеттілікті танап шаруашылығының мамандары құрайды.
Аймақтың малшаруашылығын толық, балансталған мал азығымен қамтамасыз ету мал азығын өңдірудің міндетіне кіреді. Аталған бағдарлама бойынша білім алатын студенттер мал азықтық, жемшөптік, дәстүрлі емес және аз таралған мал азықтық дақылдарды, шабындық және суармалы мал азығын өңдіру бойынша қосымша білім ала алады. Мал шаруашылығын өсіп жатқан шарттарында аталған бағыттағы маманға деген қажеттілік күмәнсіз екені анық.