Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Мамандықтардың тізімі және Оқу нысаны

 

Код   Мамандықтар атауы Шығарушы кафедра
Бакалавриат 
5В060700    Биология  биология және химия
5В060800 Экология экология
5В072700 Азық-түлік тағамдарының технологиясы өңдеу технологиясы және стандарттау  
5В072800 Өңдеу өндірістерінің технологиясы өңдеу технологиясы және стандарттау
5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология өңдеу технологиясы және стандарттау
5В080100 Агрономия Агрономия
Магистратура
6М060600 Химия биология және химия
6М060700 Биология биология және химия
6М080100 Агрономия агрономия
6М091100 Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару    экология

 

 

Бакалавриат


Оқыту білім беру гранты негізінде және ақылы нысанында күндізгі және сырттай оқу бөлімінде жүргізіледі.


 

Күндізгі бөлімде  оқыту жүргізіледі:


  • жалпы орта білім базасында негізгі білім беру бағдарламасы бойынша;


  • техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім базасында қысқартылған білім беру бойынша.

 

Сырттай бөлімде оқыту жүргізіледі:


  • техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім базасында қысқартылған білім беру бойынша;

 

  • жоғарғы білім базасында қысқартылған білім беру бойынша.

 

 

Бұл ретте техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім базасында қысқартылған білім беру бойынша оқыту мына мамандықтар бойынша: 5В072700- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы, 5В072800- Өңдеу өңдірістерінің технологиясы, 5В073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология, 5В080100 – Агрономия тек қана жақын мамандықтар бойынша оқыған колледж түлектері үшін жүргізіледі. Бұл мамандықтарға университеке қабылдау сәйкестік кестесі негізінде жүргізіледі.

 

 

Магистратура


Оқыту тек қана күндізгі бөлімде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және ақылы нысанында жүргізіледі.

 

Магистратурада ғылыми, педагогикалық және басқару кадрларын дайындау екі бағыт бойынша жүргізіледі:


  • оқыту мерзімі 2 жылдан кем емес ғылыми және педагогикалық;
  • оқыту мерзімі 1 жылдан кем емес бейімдік.

PDF