Мамандықтардың тізімі және Оқу нысаны
Код | Мамандықтар атауы | Шығарушы кафедра |
Бакалавриат | ||
5В060700 | Биология | биология және химия |
5В060800 | Экология | экология |
5В072700 | Азық-түлік тағамдарының технологиясы | өңдеу технологиясы және стандарттау |
5В072800 | Өңдеу өндірістерінің технологиясы | өңдеу технологиясы және стандарттау |
5В073200 | Стандарттау, сертификаттау және метрология | өңдеу технологиясы және стандарттау |
5В080100 | Агрономия | Агрономия |
Магистратура | ||
6М060600 | Химия | биология және химия |
6М060700 | Биология | биология және химия |
6М080100 | Агрономия | агрономия |
6М091100 | Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару | экология |
Бакалавриат
Оқыту білім беру гранты негізінде және ақылы нысанында күндізгі және сырттай оқу бөлімінде жүргізіледі.
Күндізгі бөлімде оқыту жүргізіледі:
- жалпы орта білім базасында негізгі білім беру бағдарламасы бойынша;
- техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім базасында қысқартылған білім беру бойынша.
Сырттай бөлімде оқыту жүргізіледі:
- техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім базасында қысқартылған білім беру бойынша;
- жоғарғы білім базасында қысқартылған білім беру бойынша.
Бұл ретте техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім базасында қысқартылған білім беру бойынша оқыту мына мамандықтар бойынша: 5В072700- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы, 5В072800- Өңдеу өңдірістерінің технологиясы, 5В073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология, 5В080100 – Агрономия тек қана жақын мамандықтар бойынша оқыған колледж түлектері үшін жүргізіледі. Бұл мамандықтарға университеке қабылдау сәйкестік кестесі негізінде жүргізіледі.
Магистратура
Оқыту тек қана күндізгі бөлімде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және ақылы нысанында жүргізіледі.
Магистратурада ғылыми, педагогикалық және басқару кадрларын дайындау екі бағыт бойынша жүргізіледі:
- оқыту мерзімі 2 жылдан кем емес ғылыми және педагогикалық;
- оқыту мерзімі 1 жылдан кем емес бейімдік.