Кушнир Валентина Геннадьевна
Кәсіби қызметінің қысқаша сипаттамасы
Білімі:
1981-1984 ж. – Қостанай индустриалды-педагогикалық техникумы. Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру. Техник-механик.
1984-1989 ж. – Қостанай ауылшаруашылығы институты. Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру. Инженер-механик.
Ғылыми атағы, дәрежесі:
2003 ж. - техникалық ғылымдардың кандидаты. Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті. Ауыл шаруашылығын механикаландыру технологиялары мен құралдары.
2004 ж. - Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Жоғары аттестаттау комитетінде қайта аттестаттаудан өтті.
2005 ж. – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің шешімі бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
2005 ж. - Халықаралық ақпараттандыру Академиясының корреспондент-мүшесі.
2011 ж. – техникалық ғылымдардың докторы. Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті. Ауыл шаруашылығын механикаландыру технологиялары мен құралдары.
2011 ж. – Университет профессоры академиялық атағы берілді.
Жұмыс тәжірибесі:
1984-1989 ж. - УК161/2 мекемесі цехының инженер-технологы, одан кейін Щербаков атындағы совхозда МТШ техник-нормалаушы болып жұмыс істеді.
1989-2000 ж. – Қостанай ауылшаруашылығы институтында ассистенттен бастап аға оқытушыға дейін қызмет атқарды.
2000-2011 ж. – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқу жұмысы жөніндегі деканның орынбасарынан бастап инженерлік-техникалық факультеттің деканына дейін лауазымды қызметтерді атқарды.
2011-2018 ж. - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің инженерлік-техникалық факультетінің машиналар, тракторлар және автомобильдер кафедрасының меңгерушісі болды.
2019 ж., ақпан – Оқу жұмысы және инновациялар жөніндегі проректордың м.а. болып тағайындалды.
Ғылыми қызметі:
2015-2017 ж. – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің гранттық қаржыландыру ғылыми жобасының жұмыс тобының мүшесі.
5В080600 – «Аграрлық техника и технология» мамандығы бойынша РОӘК мүшесі.
Басылымдарда 268 –ден аса ғылыми еңбектері жарияланды, соның ішінде 2 монография, 13 әдістемелік құралдар, нұсқаулар мен ұсыныстар, өкілетті органдармен ұсынылған редакцияларда 78 еңбек, 52 патент, нөлдік емес импакт-факторы бар 11 мақала.
РФ журналдары редакциялық алқаларының мүшесі, «3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация» көпсалалы ғылыми журналының сарапшысы.
Марапаттары:
2012 ж. – Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы
2014 ж. – «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
2016 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі