Филология
«Филология» білім беру бағдарламасы
бойынша докторантура түлек моделі
| Білім беру бағдарламасының мақсаты |
|
Филология саласында жүйелі білім қалыптастыру және инновациялық технологияларды қолдану, докторанттарға ғылыми-зерттеу әдістері мен лингвистикалық және әдебиеттанулық үдерістердің талдауларын меңгерту. |
| Берілетін дәреже |
|
«8D02301- Филология» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы |
| Маман қызметтерің тізімі |
|
Филолог-зерттеуші, білім беру мекемелеріндегі филолог-оқытушы, ғылыми қызметкер, шешендік өнер бойынша және тіл мәдениеті бойынша маман. |
| Кәсіби қызметтерінің нысандары |
| Білім беру, ғылыми зерттеу, әдеби шығармашылық, ұйымдастыру және басқару, баспа ісі, өндіріс және басқару және т.б. |
| Кәсіби қызметтерінің функциялары |
|
- тіл білімі және әдебиеттану салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу; - білім беру, мәдениет, басқару, БАҚ, мәдениетаралық қарым-қатынас саласында, әлеуметтік-гуманитарлық салаларда филологиялық білімдерді пайдаланумен байланысты кәсіби қызметтерді жүзеге асыру; - білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыруға қатысу; - баспа өнімдерін түзету және өңдеу. |
| Жеке қабілеттері |
|
- патриотизм; тұлғааралық өзара қарым-қатынас барысында этикалық және адамгершілік құндылықтарды насихаттау; - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеру; - ізденушілік, сын тұрғысынан талдау, ғылыми ақпаратты жалпылау және жүйелендіру қабілеті; - тез тіл табысу, өмір бойы білім алу қабілеті; - жоғары тіл мәдениеті, эмпатия, креативтілік. |
|
Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары) |
|
Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады: 1) филология ғылымының өзекті проблемаларының білімдерін, дәстүрлі және заманауи әдістерін интеграциялау; 2) ғылым және білім, мәдениет, өндіріс, қоғамдық-саяси өмір және мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларында филологиялық сарапшылық және консультациялық қызметтерді жүзеге асыру; 3) әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгермелі жағдайларында филология ғылымының және де пәнаралық салалардың мәселелерін шешу, ғылыми жобалармен жұмыс істеу дағдыларын игеру; 4) студенттер мен магистранттардың зерттеушілік құзіреттілігін қалыптастыру үлгілерін құрастыру және негіздеу. |
